- •Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.
- •Тақырыбы: Көбелек (кляксография)
- •Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.
- •Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.
- •Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.
- •Сурет. Тақырыбы: Бұлт.
- •Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.
- •Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.
- •Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.
- •Тақырыбы: Жүзім бұтағы.
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.
- •Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
- •Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
- •Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"
- •Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.
- •Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
- •Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
- •Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).
- •Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
- •Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
- •Тақырыбы: "Анамның портреті"
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
- •Тақырыбы: Менің көңіл күйім.
- •Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.
- •Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.
- •Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.
- •Сурет салу Тақырыбы: Шөп.
- •Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.
- •Сурет. Көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).
- •Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.
- •Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.
- •Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)
- •Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.
- •Сурет салу Тақырыбы: Жайлау
- •Таңдаулы жұмыстар көрмесі.
Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
Сабақтың мақсаты: "Пейзаж", "көкжиек", "кеңістік" туралы түсініктерін бекіту суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату. Суретті салудың мәнерлеу құралдарын сезіне білуге баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін ажырата білу.
Қажетті құралдар: күз көрінісінің суреттері, гуашь бояулар, қылқалам және оны қоятын тұғыр, су, палитра.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Жылулық шеңберін құрамыз
Шаттық шеңбері
Біз бақытты балдырған Қуанамыз шаттанып Ойнап күліп күнде біз Өсеміз біз бақшада
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші табиғат көрінісінің суретін көрсетіп, көкжиек сызығы жайында түсініктерін тиянақтайды (жер мен аспанның, аспан мен теңіздің қиылысқан сызығы). Содан кейін кеңістікті, жазықтықты пайдалану ережесін түсіндіреді. Аспан көкжиек сызығы арқылы жермен қиылысады. Көкжиек сызығы ағаштармен, шөптермен, төбелермен, ойлы-қыраттармен қоршалған. Тәрбиеші табиғат көрінісінің суретін салу технологиясын ашып түсіндіреді. 1. Жіңішке түзу сызық арқылы көкжиек сызығын қағаздың ортасына сызып көрсетеді. 2. Жер тегіс емес, шөптермен, төбелермен көкжиек сызығын қоршап түр. Оны ашық түсті бояумен саламын. 3. Жақын жердегі шеп маясын саламын (стог - мая шөп). Олар өте алыстан көрінгендіктен оны кішкентай және қысқа сызықтармен саламын. 4. Жақын жердегі үйілген шөптің суретін саламын. Оны суреттің төменгі бөлігіне орналастырамын,ең үлкен үйілген шоп маясының суретін саламын. Ал қалған шөптер алыстан көрінетін болғандықтан кішкене және көкжиек сызығына жақын орналасады. 5. Жол жақын болған сайын кең, алыстаған сайын жіңішке, көкжиек сызығына жеткенде көрінбей кетеді. 6. Аспанды салу үшін алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне көк жолақ жүргіземіз, содан кейін оны сумен жуамыз, бояуды тегістеп, әдемілеп жағамыз. Аспан мен жердің қиылысқан жоғарғы бөлігіне қарағанда оның төменгі бөлігін ашықтау етіп бояймыз. Қағаз кеуіп кетпей тұрып, ақ түсті бояумен бұлттардың суретін салып аламыз. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Бұлттардың суретін салуды қылқаламмен жүргізудің әдіс-тәсілдеріне көңіл бөлу. Ол қағазға жеңіл қозғалыспен, билеп жүрген тәрізді із қалдыруы керек.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау
|
|
Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
Сабақтың мақсаты: Городецк ою-өрнектерімен кружканы әшекейлеу. Городецк өрнектерінің түс үйлесімділігін сезіне білуді бекіту. Сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Көркемдік талғамын дамыту.
Қажетті құралдар: үлгі сурет, гүл десте, гуашь бояу, қылқалам оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші городецк шеберлерінің үлкен ағаш кружканы жасай алатыны және оны гүлдестелермен безендіретінін айтады. Дайындаған үлгіні көрсетіп, оны анықтап қарап алу ұсынылады. Гүлдердің ортасындағы өрнекке назар аударып, оны түсін және жапырақтарының пішінін сұрайды (жапырақтары жіңішке, ұштары сүйір болып келеді). Жапырақтардың ретімен орналасуын көрсете отырып, оның суретін салудың жолдарын түсіндіреді. Алдымен екі жапырақты жоғарыға және екі жапырақты төменге қарама-қарсы орналастырып, суретін салады. Содан кейін тағы екі жапырақты оң жаққа, екі жапырақты сол жаққа, олардың арасына да жапырақтар орналастырады. Гүл сегіз жапырақты болады. Кружкаға өрнек салмас бұрын балалардың суретті қалай бастау керектігін, салу ретін сұрап естеріне түсіреді (гүлі ортасында, бүршігі сол жағында және он жағында жапырақтары ортасында). Балалардың өз бетінше жұмыстары. Кружканы өрнектеу үшін алдымен гүл мен бүршікті орналастыратын дөңгелектер салып алу керектігі ескертіледі, ол кепкенше жапырақтардың суретін салады. Кепкен дөңгелектердің ішіне гүлдердің пішінін өрнектеп салады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалардың жұмыстарын талдау
|
|
