Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мүсіндеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.91 Кб
Скачать

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Теңіздегі жел айдаған қайық.

Сабақтың мақсаты. Сурет бойынша әңгімелей отырып, оның мазмұнынан композиция құрау мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру: түстерді араластырып айқындау (су, аспан). Сурет салу техникасын қолдануда балалардың өздері таңдап алуына мүмкіндік жасау.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз, әр түрлі пішіндегі қатырма қағаз (тік төртбұрыш, шаршы, дөңгелек және сопақша дөңгелек т.б), олардың көлемдері де әр түрлі, қыш плиткалар (керамика), таяқшалар, теңіздегі қайықтың суреті бейнеленген иллюстрация.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Армысың алтын күн

Армысың асыл жер

Армысың көк аспан

Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым бос

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Аяғы жоқ, қолы жоқ.

Не жүретін долы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ ізі қалмайды. (қайық)

Балалар жұмбақтың жауабын тапқан соң суретті көрсетіп әңгіме жүргізеді. Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма? Балалар жауабынан соң тәрбиеші, ол суреттегі сияқты емес ауқымды, жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айтады. Сондай-ақ, рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен жасауға болатынын түсіндіреді. Балаларды мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Тәрбиеші түрлі түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2-3) кесек бөлшектерді бөліп алып, оны ақ қағаздың бетіне қойып, саусақтарымен басып, жан-жағына жайып жабыстыра жағады. Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады. Балалардың бояуды осылай араластырғандарын естеріне түсіреді және бұл тәсіл де соған ұқсас екенін айтады. Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді өте әдемі бейнелеуге болатынын байқайды. Қағаз бетіне теңізді және аспанды ерекшелеп жабыстырып алады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық,

Бір тынығып алайық.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын жұмыс барысында ермексазды қағазға жағуда саусақтарының қозғалыс бағытына және "жағыс" тәсілінің қозғалысын пакты бере білуге аударады.

Балалар жұмбақтың шешуін табады

-қайық

Сурет бойынша әңгімелеседі

Балалар мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытынды:

Балалардың жұмыстарын талдау

Балалрдың жұмыстарын мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы