- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы. Ұлу
Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуге үйрету барысында шағын көлемді кесек ермексаздан цилиндр және конус тәрізді пішіндерді есу, домалақтау, созу сияқты әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпақтау және орау әдіс-тәсілдерін көрсету, олардың да алуан түрлері болатынын түсіндіру, ой-қиялдарын дамыту.
Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз, ұлу қауашақтары (үлгі), таяқшалар (тіс тазалағыш, сым темір, шыршаның тікен жапырақтары) немесе ұлудың мүйізін жасауға арналған басқа да материалдар, көзін жасауға ұсақ моншақтар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балаларға аквариумдағы немесе суреттегі ұлуларды көрсету. Олардың пішініне, түсіне назар аудару. Алдымен мұғалім ұлуды қалай мүсіндеуді көрсетеді. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Шапалақты ұрайық. 1,2,3, 1,2,3, Жинап алам күш. Қолды белге қояйық, Алға қарай бір адым. Артқа қарай бір адым Алды-артымызға қарайық, Орнымызды табайық. Қиналып, мүсіндей алмай отырған балаларға көмек көрсетеді. |
Балалар аквариумдағы және суреттегі ұлуды көреді
Ұлуды мүсіндеу әдіс-тәсілімен Танысады
Балалар сергіту сәтін жасайды
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Өзіндік жұмыс. Балалардың жұмысын талдау
|
Балаларды мадақтау |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тұмарша.
Сабақтың мақсаты: Балаларға тұмарлы қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлеуді үйрету. Балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерің туғызу
Қажетті құралдар: Балалардың санына сәйкес қатырма қағаздан қиылған үшбұрыш, қамыр, стек, гуашь.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Балалар қуаныштарын білдіреді |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларды қазақтың тұмаршасымен таныстырады. Бұл зат "Қазақтың зергерлік әшекейлері" альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсетеді. Тәрбиеші балаларға үшбұрыш қатырма қағазды таратып беріп, тұзды қамырмен оюлап әшекейлеуді ұсынады. Балаларға өз қиялдарымен толықтыруға жағдай жасау қажет. Қосымша материалдар: табиғи материалдар немесе мата қиындылары, ұсақ моншақтарды беруге болады. Асыл тастармен әшекейленген тұмаршаны тақса, ол адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айтады. Сергіту сәті: Ал балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық Орнымызды табайық.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
|
Балалар жаңа сабақпен танысады
Тақтаға ілінген суреттерді тамашалайды
Тұмар жайында әңгімелейді
Балалар сергіту сәтін жасайды
Тұмаршаны өз қалаулырыншы әшекейлеп безендіреді |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалардың жұмысын талдау |
Балаларды мадақтау |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
