- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар -қошақандар
Сабақтың мақсаты: 1.Балаларға бірнеше бөліктен тұратын заттардың бейнесін мүсіндеу 2.Олардың қатынасын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру; 3.Өзінің туған өлкесіне қызығушылығын арттыру, жануарларға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, тақтайша, үлгі суреттер.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
Балалар жылулық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Жұмбақ жасырады. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар (қой) Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа, көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа. Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап, Қайтады қуанышпен бір уақытта. (жайылған қой, қозы) Балаларға жұмбақтың шешуін айтуға көмектеседі. Сұрақ-жауап -Суретте нені көріп тұрсыңдар? -Пайдасы қандай? -Төрт түлік туралы не айтасыңдар? Қой мен қозының суретін немесе ойыншықтарын көрсетіп әңгімелеседі. Сергіту сәті Ұзын құлақ,сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып секірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. Бірнеше бөліктерден тұратынын: денесі, мойын, басы, аяқтары және құйрығы. Дәптердегі үлгі - суретке қарай отырып, мүсіндеу жолдары түсіндіріледі. Балалардың өз бетінше жұмыстары.
|
Балалар жұмбатың жауабын айтады
-қой
Балалар сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі Суретте не көргені жайлы айтады
Балалар сергіту сәтіне байланысты қимылдар жасайды
Үлгіге қарап өз бетіне жұмыс жасайды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау Балалар жұмыстарын талдау. Мақтап бағалау.
|
Балалар өз жұмыстарын түсіндіреді |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: Балауыз шам қойғыш.
Сабақтың мақсаты. Ермексазбен мүсіндеу іскерлік дағдыларын жетілдіру мүсіндеуде әр түрлі сападағы заттарды пайдалана білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, қосымша материалдар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын |
Балалар бір-бірін көріп қуанады |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: - Бүгін біз майшам қойғыш тұрғызамыз, ал ол үшін үстел керек. Мерекелік үстелдің құралдары қандай? Әрине шамдар. Ол үшін шамның астына қоятын қойғыш қажет. Негізгісін үлкен кесек ермексазбен жасаймыз. Дөңгелектеп алып, оны жалпақтаймыз. Кесек ермексаздан кішірек етіп домалақтап, көлденеңімен ортасына қойып, мықты ұстап тұру үшін берік етіп жапсырамыз. Шам қойғышты немең әшекейлеуге болады? Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Орнымызды айналып, Билеп-билеп аламыз. Оңға қарай бір адым, Солға қарай бір адым. Артқа қарай бір адым, Жоғары-төмен қараймыз. Орнымызды табамыз Домалақтап алынған ермексазды жайып бір жағынан кесеміз, тарақ сияқты, оны спираль сияқты етіп қиылған жағын жоғары көтеріп қоямыз. Міне, раушангүл! Енді раушан гүлін шам қойғышқа жапсырамыз, көлденеңінен айналасына жапсырамыз. Шам қойғыштың көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Жұмбақтар жасыру Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балалардың назарын ермексазбен әр түрлі материалдарды араластыра отырып пайдалану ерекшеліктеріне аудару. |
Жаңа сабақпен танысады
Әңгімелеседі
Жасалу жолдарымен танысады
Сергіту сәтін жасайды
Әшекейлейді
Жұмбақтардың жауабын айтады
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау Балалардың жұмыстарын талдау
|
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
