- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ сыры
Сабақтың мақсаты: 1.Балалардың логикалық ойлауын, қиялын дамыту жұмбақ шешуін таба отырып белгілі бір бейнені көрнекі көрсетпей-ақ мүсіндей білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Жұмбақтар мәтінін таңдап алу ермексаз, қатырма қағаз, рельефті мүсіндеуге арналған қораптар, таяқшалар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Балаларға жұмбақ жасыратынын, ол жұмбақтың шешуін ауызша айтпай, оны ермексазбен мүсіндеп көрсетулері қажет екенін түсіндіреді. Оларды ауқымды, көлемді етіп мүсіндеуге немесе рельефті мүсіндеуге болатынын айтады. Егер, жұмбақ шешуін жалпы композицияға біріктіріп жіберсе тіптен жақсы болатынын ескереді. Бір ойын барысында 2-5 жұмбақ ұсынылады. Жұмбақтар мазмұны бойынша таңдалады. Аталған жұмбақтар шешуі бойынша бір шағын топ жиналып, композиция жасауына болады, мұнда рельефті мүсіндеу тиімді екені ескереді. Сергіту сәті. Ойын «Мен.........боламын» - Сондай-ақ, жан-жануарларды, үй жануарлары, жабайы жануарлар, ыдыс-аяқтар, оқу құралдары т.б. деп бөліп алып немесе ертегі мазмұнына сәйкес жұмбақтарды топтастырып ұсынуға болады. Мысалы: кұстар туралы: Жайнаған бақтың әншісі, Тамсанған оған сан кісі. (бұлбұл) Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай қол құсы (аққу) Орманда тұрады, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (түлкі) Орғыған қорқақ,көзі қыли, Қыс пен жазды екі түрлі тон (қоян) Балалардың өз бетінше жұмысы. Балалар жұмбақтардың шешуіне сәйкес оны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін де өздері таңдайды.
|
Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды
Сергіту сәтін жасайды
Жұмбақтардың жауабын балалар ермексазбен мүсіндеп жасайды
Балалардың өз бетінше жұмыстары |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалар жұмыстарын талдау, мадақтау.
|
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
