Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мүсіндеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.91 Кб
Скачать

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Адам бейнесі.

Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуге арналған құрал-жабдықтармен таныстыру (саз балшық, ермексаз, иленген тұзды қамыр). Қарапайым заттардың пішінін жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Кесек саз балшықты немесе ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау немесе тақтайшаға салып көлденеңінен есіп ырғақты қимыл-қозғалыспен дұрыс мүсіндей білуге үйрету. Жұмыс жасау барысында ұқыпты болуға, тақтайшаны дұрыс пайдалана білуге баулу.

Қажетті құралдар: сәбіз бен қызылша (табиғи сәбіз бен қызылша немесе муляждары), кейбір бөліктерін жасап көрсетуге арналған кесек саз балшық немесе ермексаз, балалардың барлығына жеткілікті саз балшық немесе ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар (стеки), сүлгі, цилиндр және шар тәрізді үлгілер, әліппе - дәптер.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға көкөністерді көрсетеді.

- Балалар, сәбізбен қызылшаны салыстырып көрейікші, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап алайық. Мен сәбіздің ерекше белгілерін айтамын, сендер қызылшаны салыстыра айтасыңдар. Сәбіз ұзынша келген, қызылша ше? (дөңгелек). сәбіздің жапырақтары бар, қызылшада ше? (онда да бар). Сәбіздің сырты жұмыр, тегіс, қызылша ше? (ол да тегіс).

Яғни, сәбіз бен қызылшаның ұқсастықтары көп, ал негізгі айырмашылықтары олардың пішіндерінің ар түрлі болуында екен. Сендер бұрыннан білесіңдер, белгілі бір затты мүсіндеу үшін алдымен оны алғашқы қалыпты жағдайға келтіріл аламыз. (Тәрбиеші алдын-ала дайындаған цилиндр мен шарды көрсетеді). Өздерін айтыңдаршы. Сәбізді мына пішіндердің қайсысынан жасауға болады, ал қызылшаны ше? Мен бұл пішіндерді алақан арасына салып домалақтап жасадым, ал жапырақтарын саусақтардың көмегімен жасаймын. Міне, қараңдар мен оны біртіндеп созамын (есемін). Бастапқыда ол жуан болады да біртіндеп жіңішкереді.

Сәбіздің жапырақтарын қалай жасауға болады? Кәне, кім көрсетіп береді?

Балалар мүсіндеуге кіріспей тұрып тәрбиеші жұмысты неден бастау керектігін, орындалу ретін сұрап еске түсіреді (ермексазды екі бөлікке бөлу бастапқы қалыпқа келтіріп алу, цилиндр және шар).

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар көкөністерді көреді

Сәбізбен қызылшаны салыстырады

Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытынды:

Балалар мүсіндеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін естерінде сақтау үшін тәрбиеші сәбіз бен қызылшаны қандай әдіс-тәсілдерді қолданып жасайтындарын естеріне түсіріп қайталайды (алақан арасына салып домалақтау, өсу, созу, ұшын шығару т.б). Сәбіз бен қызылша екеуі де тегіс, сондықтан оларды саусақтардың көмегімен сылап-сипап тегістеу керектігін айтады.

Балалар жұмыстарын талдау.

Сабақ аяқталғанда балалар барлық сәбізді бір ыдысқа, қызылшаны екінші ыдысқа салып орналастырады. Содан кейін барып тәрбиешімен бірге үлгіге ұқсас, ен жақсы жасалғандарын таңдап, еңбек нәтижесі мадақталады.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністерден натюрморт.

Сабақтың мақсаты: балалардың өздеріне таныс заттарды мүсіндей отырып, оларды біртұтас мазмұнға біріктіру (ұжымдық композиция құру). Заттардың пішінін таяқшалармен, штамптармен бедерлеп мүсіндеу. Композиция құру іскерліктерін дамыту (заттарды ыдысқа түстеріне, көлеміне, пішініне қарай әдемілеп орналастыру). Жемістер мен көкөністерді мүсіндеу дағдыларын бекіту, ыдыстың көлеміне қарай жасаған заттарының ерекшелігі мен сипаттарына сәйкес өздігінен ажыратып, оларды дұрыс таңдап орналастыруға, жалпылама жұмыс жасауда нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: тәрбиешіде жемістер мен көкөністерден жасалған натюрморт болады (муляждар болуы мүмкін). Екі балаға бір ыдыс беріледі. Түрлі түсті ермексаз, таяқшалар (стека), таяқша немесе клеенка, сүлгі (ыдыстардың көлемі әр гүрлі болады).

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар бір-бірлерімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші натюрморт суретін көрсетеді. Балаларға суретті әңгімелетеді; жемістер мен көкөністердің аттарын айтқызады, суреттен не көріп отырғанын, түстерін және қалай орналасқанын сұрайды. Жетекші сұрақтар арқылы балаларға көріп отырған заттардың бәрі де түр-түсіне, көлеміне қарай үйлесімді белгілі бір ретпен орналасқанын түсіндіреді. Суретшілер үй тұрмысына қажетті немесе табиғат заттарының мұндай орналасуын натюрморт деп атайды.

Натюрморт деген сөзді балалармен бірнеше рет қайталайды. Содан кейін жемістер мен көкөністерден жасалған натюрмортты көрсетеді. Балаларға екі-екіден бірігіп отырып ермексаздан көкөністерді мүсіндеу ұсынылады. Оларды әдемілеп орналастырып, натюрморт жасайды. Мүсіндеу алдында кім қандай көкөністі немесе жемісті жасайтынын бір-бірімен келісіп алыңдар. Олар өте көп қайталанып кетпесін және орналастыруға мән беріңдер деп ескерту жасалады. Әрбір бала екі-үш заттан жасауға болады. Тәрбиеші балаларға көлемі жағынан әр түрлі ыдыстарды көрсетіп, олардың көлеміне қарай жемістерді, көкөністерді орналастыруға болады.

Жұмысты неден бастау керек? (Кім қандай жемісті немесе көкөністі мүсіндейтінін ақылдасуда). Тәрбиеші жемістер мен көкөністердің түстеріне сәйкес ермексаздың түстерін таңдап алуға кеңес береді, ұсақ бөліктерін және оның сыртқы пішінін тегістеу үшін таяқшаларды (стекалар) қолдануды ұсынады. Балалар жұмыстары аяқтала бастаған кезде оларға осы жасағандарын ыдыстарға натюрморт жасап әдемілеп орналастыру қажет екенін ескертеді. Үлкен ыдысқа барлығының жұмыстарын орналастырады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Сабақ соңында дайын болған жұмыстарды үстел үстіне қойып, балалармен бірге қарайды.

Балалар жұмыстарын талдау

Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан жұмыстарға ерекше тоқталып, оның мазмұны орындалу мәнері, жемістердің көлемі, пішіні, түр-түсіне назар аударып, атап өту керек. Сабақ барысында аталмаған кейбір жемістерді балалар өздігінен жасайтын болса, оны ерекше мадақтау керек. Осы жұмыстарды қалай бірлесіп жасағандары туралы балаларға өздеріне әңгімелетуге болады.

Балалар суреттерді тамашалайды

Не көргендерін айтады

түстерін, қалай орналасқанын

-балалар натюрморт сөзін бірнеше рет қайталайды

Балалар өзара не жасайтындарын келісіп алады

Жұмысты неден бастау керек екенін мұқият отырып тыңдайды

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды

Жасап болған соң барлығы үлкен ыдысқа орналастырады

Не жасағанын әңгімелеп айтып береді

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың назарын үлкен ыдыстағы өздері дайындаған заттардың қалай орналасқанына, үйлесімділігіне және мазмұнына аудару. Олар өздігінен жеке жасайтын болса, мұндай әдемі натюрморт болмас еді. Көп болып енбек етудің нәтижелі болатынын ескертіп, еңбек туралы мақал-мәтелдер айта отырып, сабақты қорытындылайды.

Өздігінен жасаған балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы:Саңырауқұлақты алаң.

Сабақтың мақсаты: Балалардың өздеріне таныс бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндей білу дағдыларын бекіту,оларды мазмұн бере біріктіріп, ұжымдық жұмыстың нәтижесіне жетуге қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, сүлгі, үлгі суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Ұйымдастыру

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Балалар түрлі қимылдар арқылы орындайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға күзгі орманға баратындарын айтады.

- Біз бұл саяхатқа қандай көңіл күймен барамыз? Көңілді, қуанышты болсын деп, күннің өзіде күлімдеп сәт сапар тілейді! Мына соқпақ жол бізді орманға апарады (тақтада күзгі орман көрінісінің суреті). Күздің салқын, самал желі есіп түр, аққайыңдардың бұтақтары қозғалып, жапырақтары бір-бірімен сыбырласып тұрғандай. Кәне, бәріміз қайыңдар тәрізді теңселіп көрейікші (қолдарын жоғары көтеріп шайқалады). Ал, енді міне саңырауқұлақтар өсіп тұрған алаңға да келіп жеттік (тақтаға тағамға пайдаланатын және улы саңырауқұлақтардың суреттері ілінеді). Біз қандай саңырауқұлақтар жинасақ екен? Олардың исі бар ма? Саңырауқұлақтар әр түрлі жерлерде өседі, кейде топ-топ болып топталып өсетіндері де кездеседі. Олардың ішінде улы саңырауқұлақтар да бар, біз оларды алаңда қалдырамыз, жинамаймыз. Тәрбиеші саңырауқұлақтарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді (дәптердегі үлгіге қарап талдау жасайды). Алдымен ермексаздың бір кесек бөлшегін алып оны шұжық тәрізді алақан арасына салып есеміз, ол саңырауқұлақтың сабағы болады. Келесі кесек бөлшекті алып алақан арасына салып немесе тақтайшаға қойып айналдырып домалақтаймыз да оны шеттерін саусақтармен басып жалпақтаймыз. Бұл - саңырауқұлақтың қалпағы. Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз. Тәрбиеші балалардың суреттен қандай саңырауқұлақты таңдағанына қарай отырып, сондай түсті ермексазды пайдалануларына бағыт береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тақтадағы суреттерді тамашалайды

Саңырауқұлақтардың суреттерін көреді

жеуге жарамды және жарамсыз екенін біледі

Саңырауқұлақ жайлы көптеген мағлұматтар алады

Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен танысады

Үлгіге қарап талдау жасайды және қайталап жасайды

Балалардың өз бетінеше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Жұмыс аяқталғанда алаңдағы өсіп тұрған көп саңырауқұлақтарды тамашалап, ең жақсы жасалғандарын ерекше атап ету Орындалу мәнеріне назар аудару.

Жақсы жасалынған жұмыстарды мадақтау

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Адам бейнесі.

Сабақтың мақсаты: әр түрлі пішіндегі бірнеше бөліктен тұратын адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету. Ермексазды алақан арасына салып домалақтау және осу әдіс-тәсілдеріне жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: адам бейнесін мүсіндеуге арналған үлгі. Ермексаз, тақтайшалар, стекалар, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Балалардың көңілін өздеріне аудару.

Балалармен шаттық шеңберін жасау:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым

Қайырымды боламын.

Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші әліппе - дәптердегі суреттерді көрсетіп талдау жасайды. Адам бейнесінің бөліктерін көрсетіп орындалу жолдарың түсіндіреді.

- Міне, денесі, қолы, аяғы, басы. Адамның қолы ұзын ба, аяғы ұзын ба? - деп сұрайды. Басы үлкен бе, денесі үлкен бе? Адамның бейнесін мүсіндеуде аяғы қолынан ұзындау қолы денесінен ұзындау ал денесі басынан үлкен болатынын түсіндіру. Адам денесін құрастырып жасап көрсетеді. Ұқсастығын айтады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеудің технологиясы (тәрбиешінің түсіндіруі).

1. Ермексазды екі кішкене, екі үлкен бөлікке бөліп алып, ұзынша етіп есеміз.

2. Кішкене бөлігінен адамның қолын жасаймыз, оның ұшынан шымшып созу арқылы алақанын жасаймыз.

3. Үлкен бөлігінен аяқтарын жасаймыз. Оның бір шеткі бөлігін созып, жалпақтап иеміз де аяғын мүсіндейміз. (аяқ киім киетін бөлігі)

4. Денесін есіп, бейнеге келтіріп, содан кейін барып домалақтан басын жасаймыз.

5. Енді барлық дене бөліктерін бір-біріне біріктіреміз: денесін аяққа, қолдарын дененің жоғарғы бөлігіне иыққа орналастырамыз. Дене бөліктерінің берік, дұрыс орналасуына мән береміз. Саусақтармен сылап-сипап тегістейміз.

Балалар жұмыстарын талдау.

Дидактикалық ойын. "Адамдардың бет бейнесі қандай болады?"

Мақсаты: Сурет мазмұнына байланысты кейіпкерлердің көңіл күйлерінің қандай екенін ажырата білуге үйрету (қуанышты, көңілсіз, таңданулы, қорқынышты т.б).

Қажетті құралдар: адамның бет бейнелерінің сызба үлгілері: күліп тұрған, жылап тұрған, тан қалып тұрған, қорқып тұрған т.б.

Ойын барысы:

Балалардың алдына әр түрлі көңіл күйдегі сызба үлгілер қойылады, олардың бір-бірінен айырмашылығын сұрайды. Балалардың жауаптарын толықтырып, әрбір бет бейненің өзіндік ерекшелігі бар екенін айтады.

Балалар алдарындағы дәптелеріне көңіл аударады

Адамның денесін құрастырып салыстырып көреді

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Үлгіге қарап қайталап жасайды

Балалар ойынды ойнайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытынды: "Адамның бет бейнесі қандай болады?"

Әрбір баланың алдына бірнеше ұсақ суреттерден беріп, олардың қайсысының көңіл күйлері қандай екенін айтып беру ұсынылады. Балалардың дұрыс жауаптарына текшелер (фишкалар) беріледі, ойын аяқталғанда кімде көп текше болса, сол жеңіске жетеді.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Торсық. Қымыз құятын ыдыс.

Сабақтың мақсаты: Кесек ермексаздан қымыз құятын торсықты мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Торсықты әр түрлі әдіс-тәсілдермен безендіру. Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап әшекейлеу жолдарын түсіндіру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: екі-үш түрлі ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар бір-бірімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші қымыз құятын ыдысты көрсетіп, (немесе суретін) оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аударады. Балаларға торсықтың тұрмыста қолданылуы жайында әңгімелейді. Ұзақ жолға шыққан жолаушы (ер жігіт) торсыққа қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз әрі шөл қандырады, әрі күш береді. Педагог балаларға торсықтың жасалу әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Әліппе - дәптерден орындалу ретін қарап, қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажеттігін таңдау ұсынылады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Орнымызды айналып,

Билеп-билеп аламыз.

Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда тәрбиеші енді оны қалай әшекейлеуге болатынын көрсетіп, түсіндіреді. Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді. Олар: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқар мүйіз т.б. Оларды есу тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және торсықты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігіне бағыт беріледі. Ою-өрнектің берік, әдемі орналасуын қадағалайды. Дайындалған торсықтардың өрнегі әр түрлі болады, соның ішінен балалардың шығармашылықпен өздігінен қосқан үлестері болса ерекше атап өтіледі.

Тақтадағы суретке назар аударады

Қымыз құятын ыдыс торсық туралы әңгімелесу

Жасалу әдіс-тәсілдермен танысады

Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды.

Ою-өрнектерді айтады

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Мүсін өнері.

Сабақтың мақсаты: Кесек саз балшықтан адам бейнесін мүсінден білу әдіс-тәсілдерін меңгерту мүсіндеу дағдыларын жетілдіру, бейнені сипатын айқын бере білуге бағыт беру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құралдар: көрсетуге арналған үлгілер, скульптуралық репродукциялар, саз балшық, таяқшалар, тақтайшалар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біз бәріміз мүсінші боламыз. Адамның бейнесін мүсіндеп үйренеміз. Адамды кеудесіне дейін мүсіндеу - бюст деп аталады екен. Осындай мүсінді жасау үшін кесек саз балшықты аламыз. Одан адамның денесін (кеудесі), басын, мойнын және иықтарын мүсіндейміз. Саз балшықты ұсақ жіңішке етіп есіп алып шаштарын жасауға болады. Езy тәсілімен қастарын, мұртын, сақалын мүсіндейміз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бойымызды жазайық,

Айналаға қарйық.

Отырайық,тұрайық,

Тынығып бір алған соң,

Әсем мүсін жасайық

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеуде бейненің сипатына көңіл бөліп, жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне бағыт беріп отыру.

Балалар мүсін жасау өнерімен танысады

Тақтадағы суреттерге назар аударады

Жасалу жолдарымен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Өрнекті кесе.

Сабақтың мақсаты: Кесені белгілі бір рет пен мүсіндеуді үйрету (кесек ермексазды алақан арасына салып домалақтау, оны басып-жаншу арқылы жалпақтау, ішіне қарай бүгу).

Шеттерін және барлық бөліктерін таяқшаның көмегімен тегістеу.

Қажетті құралдар: өрнектелген кесе, ермексаз, таяқшалар, тақтайшалар, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Армысың алтын күн

Армысың асыл жер

Армысың көк аспан

Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым бос

Балалар қимылмен жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға қыш құмыралар жасайтын шеберлер жайында әңгімелейді. Сол шеберлер жасаған ыдыстардың ішінде мынандай әдемі кеселер де болған деп үлгі ретінде өрнектелген кесені көрсетеді. Үлгіні талдау жасайды (әліппе - дәптермен жұмыс). Кесені жасау әдіс-тәсілдеріне, орындалу ретіне тоқталады: алдымен алақан арасына салып, доп тәрізді домалақтау оны басып жалпақтау, шеттерін саусақтарымен созып, кесенің пішінін келтіру. Балалардан кесені жасаудың өзі көрсеткен әдіс-тәсілдерінің ретін сұрайды, балалар қайталап айтып береді. Балалардың әдіс-тәсілдерді дұрыс айта білулеріне көңіл болу қажет (домалақтау, жалпақтау шымшып созу, тегістеу т.б.). Содан кейін кесенің қалай өрнектелгенін әңгімелеп, қандай ою-өрнек элементтерімен безендірілгенін және олар қалай кезектесіп орналасқанын сұрау. Ою-өрнектердің "өрнек" немесе "бедерлі өрнек" деп аталатынын түсіндіру. Мұндай өрнектерді таяқшалармен (стекалар) батырып жасайтынын түсіндіреді. Балаларға бірнеше ою-өрнек элементтерін атауды және оны өрнектеуді ұсынады. Ою-өрнектерді саусақтардың көмегімен тегістеу, олардың беріктігіне мән беру және дұрыс орналасуын қадағалау Бірнеше бірдей өрнектерді, бірдей қашықтықпен орналастыру содан кейін олардың арасына басқа элементтерді орналастыруға тапсырма беріледі.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілер.

Уықтары шаншылып,

Өрлей-өрлей

Бәріміз

Жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер!

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында тәрбиеші кесені мүсіндеудің ерекшеліктеріне. оны жасауда қандай әдіс-тәсілдер қолданатынына бақылау жасау. Өздері жасаған кесені тег істеуге, әдемілеп өрнектеуге бағыт береді. Ең жақсы жасалған және өздері ернектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді.

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды

Әдемі кеселерді көреді

Кесені жасау әдіс-тәсілдерімен танысады

Кесені өрнектеу,

әсемдеу,безендіру

ге көңіл бөлінеді

Ою-өрнектердің жасалу жолдарымен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмыстарын талдау

Жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Филимондық ойыншықтар. Ысқырғыш қораз.

Сабақтың мақсаты: Сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру. Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Жеке бөліктері бойынша және созып шығару арқылы құрастырмалы әдіспен (комбинированный) мүсіндей білу дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу барысында ара қатынасты сақтау бөліктерін дұрыс орналастыру, шымшып созу және тегістеу тәсілдерін меңгерту.

Қажетті құралдар: Филимонов ойыншықтарының үлгісі, суреттері, саз балшық немесе ермексаз, тақтайшалар, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар бір-біріне қуаныштарын білдіреді

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиешінің әңгімесі: - Ерте кезде Тулада Филимонов деген ауыл болған, ол ауылды Ресейде және оның барлық аймақтарында Филимоновтың әшекейлі ойыншықтары арқылы жақсы білген. Әсіресе, ысқырғыш ойыншықтарды бәрі білетін еді. Мұндай ойыншықтарды саз балшықтан жасайтын, оны терең жыралардан қазып алатын. Бұл саз балшықтар жұмсақ, қолмен қалай илесеңде икемді. Түстері: ақ, қызыл, ал қызыл, сары тіптен қара да түстері болады екен. Мұндай саз балшықтардан бойжеткен қыздардың, әскердің, құс пен аттың, лақтар мен басқа да аңдардың баласын мүсіндеген. Филимонов ойыншықтары бойлары биік, көңілді, қызықты, тартымды, олар бір нәрсеге таң қалып тұрған тәрізді әсер қалдырады. Олардың бәрі жай ойыншықтар емес, ысқырып ойнайтын ойыншықтар. Ысқырғыш бойжеткендер құмырада, ал әскерлер қазда жасырынған. Барлық ысқырғыштармен ысқырып көруге болады. Мүсінделген ысқырғыштарды арнайы пештерге қойып күйдіруге болады. Бұрын ондай пештер саз балшықты алатын жыраларда орналасатын. Саз балшықты күйдіргенде отта олар алғашқыда қып-қызыл болады да, соңында ағарады. Ал, ойыншықтар суығаннан кейін олар ал қызыл түс береді және тас сияқты қатты болып кебеді. Күйдіріліп кепкен соң ойыншықтарды өрнектейді. Оларды көбінесе түрлі түсті жолақтармен, тағы да шыршалармен, дақтармен, қарапайым жемістермен, күнге ұқсас өрнектермен әшекейлейді. Бояу түстеріне келетін болсақ, ашық түстер алынады: сары, қызғылт сары, қан қызыл, жасыл. Филимонов шеберлері халықтық дәстүрлерін ғасырларға жалғастырып сақтауда.

Сергіту сәті:

Кел, санайық екеуміз

Бас бармағым-әкем.

Балаң үйрек-апам,

Шылдыр шүмек-мен

Титтей бөбек-сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Тәрбиеші осындай ысқырғыш қораз ойыншығын мүсіндейтіндерін айтады. Бастапқы қалыпта цилиндр тәрізді пішінді алады. Оны алақан арасына салып езеді, тегістейді. Содан кейін дайын болған пішіннің екі жағында жоғары қарай созып көтереді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Олардың жасаған жұмыстары кепкен соң оны қызыл, жасыл, сары түстермен, жолақтар және дақтармен бояйды.

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмыстарын талдау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Сырғалар.

Сабақтың мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен таныстыру. Таяқшаның көмегімен тузды қамырдан сырғаларды мүсіндеуді үйрету. Дайындалған сырғаны ою-өрнектермен әшекейлеу. Зергерлік бұйымдардың әсемдігін сезіне отырып көркемдік тәрбие беру.

Қажетті құралдар: "Қазақтың зергерлік бұйымдарының" альбомы (ашық хаттары), зергерлік бұйымдардың үлгісі (сырға, білезік, жүзік, қапсырма т.б.), тұзды қамыр, таяқшалар (стека), сым.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Жылулық шеңберін құрамыз

Шаттық шеңбері

Біз бақытты балдырған

Қуанамыз шаттанып

Ойнап күліп күнде біз

Өсеміз біз бақшада

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларды қазақтың зергерлік бұйымдарымен таныстырады. Қазақстан жері ертеден мыс, қорғасын, мырыш. алтын, т.б. асыл, қымбат тастарға бай болған. Осы асыл тастарды қазақтың зергерлері әр гүрлі зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланған және бұл шеберлік өнерді ұрпақтан ұрпаққа мура етіп қалдырып отырған. Олар әйелдерге арналған зергерлік бұйымдарды, балалар киімдерін әшекейлеуге арналған заттар, асхана бұйымдары, ыдыстар, киіз үй жабдықтары, ағаш бұйымдар, музыкалық аспаптар қару-жарақ және ат әбзелдерін жасайтын болған. Тәрбиеші балаларға зергерлік бұйымдардың әдемі әшекейлеріне назар аудара отырып, асыл тастармен безендірілгенін ою-өрнектеріне мән бере отырып түсіндіреді. Балалар зергерлік бұйымдарды қолдарымен ұстап көреді. Олар: жалпақ, ою-өрнегі бар, ай сырға деп аталатынын, сондай-ақ, шығыршық сырға, көп қырлы сырға т.б.

- Бүгін біз бәріміз ертедегі шеберлер сияқты зергерлер боламыз. Әйелдерге арналған зергерлік бұйымдар жасап көреміз. Ол үшін тұзды қамырды илеп алып шар тәрізді домалақтаймыз, содан кейін оны басып жұқалап жалпақтаймыз. Шаблон бойынша стекалармен сырғаны қиып аламыз. Қамыр кеуіп кетпей тұрғанда жұмсақ сымдардан ілгектер жасаймыз. Қиылған дайын сымдарды иіп, оны сырғаның шетіне өткізудің жолдарын көрсетеді. Сырғаларды таяқшалармен батырып бедерлеуге немесе сыртына шығарып бедерлеп әшекейлеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сырға кепкен соң гуашь бояулармен бояп, әдемілеп өрлеуге болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жаңа сабақпен танысады

Тақтадағы суреттерді тамашалайды

Зергерлік бұйымдардың әсемдігіне назар аудару,

Балалар зергерлік бұйымдарды қолдарына ұстап көреді

Жасалу әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмыстарын талдау

Жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы. Қымыз құятын тостаған және ожау

Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріме таныстыру. Қымыз құятын ыдыстар тостаған мен ожаумен таныстыр; Ұлттық ыдыстардың ерекшелігіне назар аудара отырып, оны мүсіндеудің әдіс тәсілдерін түсіндіру. Ою-өрнекпен әшекейлеу. Көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: Қазақтың сәнді қолданбалы өнер жайында альбомдар, ыдыстардың үлгі суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқшалар, сүлгі

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Балалар шаттық шеңбер жасайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға қазақтың ыдыс - аяқтары бір түрі тостаған мен ожауды көрсетеді. Мұндай үлкен тостағанға қымыз құйылады, оны тостағанға ожаумен құяды. Балалар ожаудың пішініне, ою өрнек әшекейлеріне көңіл бөліп ерекшелігін анықтап қарайды. Содан кейін тәрбиеші ыдыстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Тостаған кес сияқты жасалады, бірақ көлемі жағынан үлкен болады. Ожауды төмендегідей әдіс-тәсілдермен мүсіндейміз:

1. Үлкен шар тәрізді ермексазды домалақтап алу, содан кейін барып саусақтармен екі жағынан басып қуыс жасаймыз.

2. Екінші кесек ермексазды алып есіп, ожаудың ұстайтын сабын жасаймыз. Оны сәл ғана басып жалпақтау қажет.

3. Екі бөлікті бір-біріне біріктіру және олардың берік орналасуын қадағалау.

4. Таяқшалардың көмегімен дайын болған ожауларды ою-өрнекпен әшекейлеу.

Сергіту сәті:

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай-бір адым,

Артқа қарай-бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар тақтадағы суреттерді тамашалайды

жасалу әдіс-тәсілдерін көреді

Таяқшалардың көмегімен ою-өрнекпен әшекейлейді.

Балалар сергіту сәтін жасайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмыстарын талдау

Балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Құстар.

Сабақтың мақсаты: Құстарды бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету. Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру таяқшаларды пайдалана отырып өзіндік сипатын ерекшелеп мүсіндеу (қанаты, қауырсындары, т.б). Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: кұстардың суреттері, ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, сүлгі.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз

Балалар шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастыру

- іздестіру

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Қазақстанда мекендейтін қандай кұстарды білесіңдер? - деп сұрайды (торғай, қарлығаш, тырна, аққу, қоқиқаз, бүркіт т.б.). Суреттерін көрсетіп әңгімелету. Олардың дене бөліктеріне (көлеміне, пішініне). түстеріне назар аударады. Содан кейін құстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Қандай құсты мүсіндегісі келетінін балалар қалауы бойынша таңдайды. Торғайды мүсіндеу үшін денесін сопақша дөңгелек етіп есіп алып, мойнын сәл созып шығару. Басын домалақтап жасап алып, мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырады, саусақтармен тегістейді. Берік орналасуына мән беру. Тұмсығын басынан шымшып созып шығарады. қанаттарын таяқшамен (стекалар) екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру. Ал қоқиқазды жасағысы келетін балаларға оның дене бөліктерінің ерекшелігін атап өтіп, денесін есіп сопақша жасап алып. Сол кесек ермексаздың өзінен ұзын мойнын созып шығарудың жолдарын көрсетеді. аяқтарына ағаш бұтақтарын пайдалануға болады (құрастырмалы және иілгіштік әдіс-тәсілдер катар қолданылады). Балалар әліппе - дәптер бойынша жұмыстың орындалу ретін тағы бір рет қарап шығады да өздері қалаған кұстарды мүсіндейді.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Кәне,қанат қағайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық!

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар құстарды мүсіндеу барысында басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетеді, жеке нұсқаулар беріледі. Кұстардың ерекше сипатын аша білуге бағыт береді.

Балалар құстардың аттарын атайды

Тақтадағы суреттерді тамашалайды

Мүсіндеудің жасалу жолдарымен танысады

Балалар дәптердегі үлгіге қарап қайталап жұмыстарын жасайды

Сергіту сәтін жасайды

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Рефлексивті -

түзетушілік

Балалар жұмыстарын талдау

Жақсы жасалынған жұмыстарды мадақтау

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы. Геометриялық пішіндер.

Сабақтың мақсаты: Балалардың жалпақ және көлемді геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Оларды салыстыра білуге, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасауға қызығушылықтарын арттыру. Мүсіндеу іскерлік - дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ермексаздан жасалған пішіндер мен бейнелер (көлемді және рельефті); қатты қағаздан қиылған геометриялық пішіндер, геометриялық денелердің суреттері (немесе өздері) ермексаз немесе саз балшық, тақтайшалар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар бір-бірін көріп қуанады

Ұйымдастыру

- іздестіру

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалардың назарын жазық және ауқымды геометриялық пішіндердің ұқсастығы мен айырмашылығына аударады. Олардың сызба және жазықтықтағы толық емес суреттеріне қарап ермексаздан осындай пішіндер мүсіндеуді өтінеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мына заттарды мүсіндеуді ұсынуға болады:

- бірнеше пішіндерден тұратын үйді;

- баспалдақты;

- бір-біріне ұқсас бірақ әр түрлі пішінді балапандарды.

Балалар жұмыстарын талдау

Дидактикалық ойын: "Жаңа пішіндер"

Ойынның мақсаты: бірнеше дайын пішіндерден жаңа басқа бейне жасау дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялын дамыту, топтау жинақтау салыстыра білуге үйрету.

Қажетті құралдар: ермексаздан жасалған пішіндер: шар, дөңгелек, конус, мұнара (пирамида), куб т.б.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таратып берген комплектіден әр түрлі қызықты пішіндер жасауды ұсынады. Қызықты белгілі бір затты жасау үшін әр түрлі пішіндерді бірінің үстіне бірін қойып, бейнеге келтіріп үйренеді. Жаңадан жасалатын заттар: жығылмайтын қуыршақ, шамдар, гүлдер, үйлер, арбалар аққалалар және т.б. болуы мүмкін.

Балалар тақтадағы суреттерге назар аударады

Жасалу жолдарымен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Балалар ойынды ойнайды

Рефлекстік -

Үйлесімділік

Сбаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы. Дастарқанды жаяйық.

Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (өздігінен ыдыстарды таңдап алу және оны әшекейлеу үшін ою-өрнектер ойлап табу). Өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жана затты мүсіндеуде пайдалану. Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Қажетті құралдар: Ермексаз немесе тұзды қамыр, таяқшалар, дөңгелек үстел, қазақтың ұлттық ыдыстары: кесе, пиала, ожау тостаған т.б

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер құрамыз

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Қане санап көрсетші

Балалар барлығы қосылып айтады

Ұйымдастыру

- іздестіру

Сабақтың барысы: - Бүгін біз сендермен қызықты сабақ етеміз. Мен сендерді қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын. Көрмеде экспонаттар бар.

Тәрбиеші балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік береді. Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын, ерекшелігін, қандай материалдардан жасалғанын, тұрмыста қолданылуын талдап, ол туралы түсінік береді. Ыдыстардың кейбіреулері теріден жасалғанына назар аударады. Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтыны атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін біз жұмыс істеп көреміз деп балаларды жұмысқа дайындайды.

Балалар өздері білетін торсық, кесе, ожау т.б ыдыстарды жасауға кіріседі. Тәрбиеші дастарқанға қоятын тамақтарды да ұмытпауларын ескертеді.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілер.

Уықтары шаншылып,

Өрлей,өрлей

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер!

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жаңа сабақпен танысады

Балалар көрмені тамашалайды

Балалар қолдарына ұстап көреді

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды

Рефлекстік -

түзету

Балалардың жасаған жұмыстарын үстелдің үстіне қойып, олардың әдемілігіне, жасалу сапасына мән бере отырып қарайды. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы,

Осы жерден тарайды. (дастарқан)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң тәрбиеші өздері өрнектеп жасаған дастарқанның мән-маңызы туралы айта отырып, сабақты қорытындылайды.

Балалар жұмыстарын талдау

Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Жұмбақтын жауабын айтады

-дастарқан

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы Билеп тұрған адам бейнесі

Сабақтың мақсаты: Адамның бейнесін мүсіндей білуге үйрету күрделі емес қимыл-қозғалысты бере білуге жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: әр түрлі қимыл-қозғалыстағы адамдар бейнесінің, сызба суреттері, бірыңғай түсті ермексаз немесе саз балшық.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалармен бірге адамның бейнесінің суреттерін қарайды, олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөледі. Қимыл-қозғалыстарды сөзбен айтып жеткізулерін сұрайды. Саз балшықтан осындай өздеріне ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма беріледі. Балалар адам бейнесін мүсіндеудің жолдарын өздері қарастырады

Дәптермен жұмыс Әліппе - дәптердегі мүсіндерге мұқият қарап естеріңе түсіруге болады. Егер де тапсырманы балалар тез орындап қойса, онда басқа қимыл-қозғалыстағы адамның бейнесін мүсіндеу ұсынылады.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмбақтар жасыру.

Балалар мүсіндеп отырғанда жасаған бейнелерінің қимыл-қозғалыстарын өзгертуге көмектесуге болады. Ол үшін қолды көтеріп қоюға, бүйірін таянып тұруға, шынтақтың бүгуге, адамның жүріп немесе жүгіріп келе жатқанын қалай жасауға болатынын көрсетеді. Көмек бере отыра мүсіндеу.

Балалар тақтадағы суреттерді тамашалайды

Дәптердегі үлгіге қарап жасайды

Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетіне жұмыстарын жасайды

Жұмбақты тыңдайды,жауабын шешеді

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытындылау. Балалардың жұмыстарына талдау

Мақтап марапаттау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Қар домалатқан қыз.

Сабақтың мақсаты: Қысқы киім киген адамның бейнесін қарапайым қимыл-қозғалыста мүсіндей білуге үйрету. Дене бөліктерін бір-біріне берік орналастыра білуге, таяқшаларды пайдаланып, киімдерін әшекейлеуге және тұғырға орналастыра білуге дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қыздың мүсіні (үлгі), ермексаз, таяқшалар, тұғырға арналған ұзынша келген қатырма қағаз, екі-үш статуэткалар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар қуаныш сезімдерін көрсетеді

Ұйымдастыру

- іздестіру

Сабақтың барысы: Тәрбиеші фото суреттер немесе статуэткаларды көрсетіп мүсіндердің ерекшелігіне, қимыл-қозғалыс мәнеріне назар аударады. Бұл мүсіндерді фарфордан немесе қыштан мүсіншілер жасаған, Осындай кішкентай мүсіндерді статуэтка деп атайды. Балалар өздері де осындай мүсіншілер сияқты қысты күні тон киіп кар домалатқан қыздың бейнесін мүсіндеуді ұсынады. Балалардың назарын мүсінді дұрыс, нақты бере білуге бағыттау. Ол үшін тәрбиеші алдымен балалардың оның орындалу ретін сұрайды. Ермексазды неше бөлікке болу керек, қай бөлігінен қыздың денесін, қай бөлігінен қолдары мен аяқтарын жасауға болатынын сұрайды. Қолдары мен аяқтары тең болып шығу үшін ермексазды тең бөлікке бөлу керек (цилиндр жасап оны тең екі бөлікке бөлу). Сабақ барысында балалардың шағын бөліктерді жақсылап мүсіндеуге және берік бекітуге, үстінен сылап-сипап тегістеуін қадағалау Балаларды мүсіндеуде шағын бөліктерді өз ойларынан қосып мүсіндегендерін мадақтау (мысалы: бет пішіні, түймесі, мойын орағышы т.б) Егер де кейбір балалар қар домалақтарын мүсіндесе, онда қыздың денесін иіп, еңкейтудің жолдарын көрсетеді.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Қыз баланың қысқы киіміне балалардың назарын аударады (пальто, қысқы бас киімі т.б.) Қысқы киімнің жағасы мен жеңдерін мүсіндеу үшін алдымен жіңішке цилиндр тәрізді етіп, ермексазды есіп аламыз да оны мойнының және қолының жеңіне қойып, үстінен жалпақтап бастырамыз.

Балалар суреттерді көреді

Балалар сабақты мұқият отырып тыңдайды

Әдіс-тәсілдерімен танысады

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өз бетінше жұмыстарын жасайды

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалардың жұмыстарын талдау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы Балалар қысқы серуен кезінде.

Сабақтың мақсаты. Белгілі бір таныс заттарды мүсіндеу оны мазмұн бере үйлестіріп орналастыруға жаттықтыру. Екі-екіден бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беруді жетілдіру. Мазмұнды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру, таяқшалар арқылы заттың бейнесін айқындауға бағыт беру.

Қажетті құралдар. Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін суреттер, үлкен ақ тусті қатырма қағаз, ермексаз, қосымша материалдар: кішкене бұтақтар. шырша тікендері, жіптер.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер құрайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар бір-бірімен амандасады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен ауладағы қызықты ойындары мен сүйікті сабақтары жайлы әңгімелеседі. "Қыс қызығы" суретін қарастырып, суреттегі әp кейіпкердің қозғалысына, тұрған тұрысына назар аударады.

Сергіту сәті

Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Жүгірді, секірді. Орныныа отырды.

Тапсырманы түсіндіру: Қосылып кар атысып ойнап жатқан, аққала жасап жатқан немесе шана теуіп жүрген қысқы киімдегі екі баланы мүсіндейді. Мүсіндеген пішіндерді жалпы тұғырға не істеп немесе ойнап жатқаны түсінікті етіп қояды. Жалпы жұмысты бастар алдында бір-бірінің тілектерін тыңдап, не мүсіндейтінін шешу керек екенін ескерту.

Өлең оқыту бір оқушыға «Қыс»

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеу барысында балалар бір-біріне кеңес беріп, жұмыстарын талқылап көмектесіп отыру керек. Кейіпкерлердің кейпін мәнерлеу үшін қосымша материалды қолдану

Жұмбақтар шешу.

Беті шымшып алады.

Терезеге сурет аслады.

(аяз)

Балалар суретті тамашалап

әңгімелейді

Балалар сергіту сәтін жасайды

Суреттегі балаларды өздері мүсіндеп көреді

«Қыс» өлеңін тыңдайды

Балалар өз бетінше жұмыстарын жалғастырады

Жұмбақ шешеді

-аяз

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытындылау.

Балалар жұмыстарын талдау.

Барлық жұмыстарды бір композицияға қосу.

Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Алдар көсе

Сабақтың мақсаты. Адамның бейнесі мүсіндеуді бекіту қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар көсенің бейнесін мүсіндей білуге үйрету. Бет бейнесін келтіру үшін таяқшаларды пайдалана білуге жаттықтыру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері. Үлгі сурет.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Ұйымдастыру

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Балалар дөңгеленіп тұрып

бір-біріне қуаныштарын білдіреді

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші Алдар көсе туралы ертегіден үзінді оқиды.

- Ақылмен алдай білетін айлакер бұл кім болды екен? (Алдар көсе). Балалар ертегілерге салынған иллюстрацияларды қарастырып, Алдар көсенің кейіпіндегі ерекше бөліктеріне, оның киіміне, жүзіне назар аударады. Тәрбиеші балаларға адамның фигурасын мүсіндеу тәсілдерін естеріне салады.

Ойын «Алдармын»

Мұғалім қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар көсе жайлы айтады. Осы кезде Алдар көсенің бейнесі бейнеленген сурет ұстаған бала ортаға шығып, балалармен амандасады.

- Мен Алдармын, Алдармын

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Балалар, менімен дос болғыларың келсе, 2 топқа бөлініп, менімен бірге жаттығу жасаңдар. (Балалар гимнастикалық таяқшаларды алады).

1. Екі тізбекке тұрады. Екі тізбекке жұптасып жүріп, қолға арналған жаттығулар жасау. Қолды алға созып, аяқтың ұшымен тұрып жоғары көтеру, өкшемен тұрып, таяқшаны артқа ұстау (шынтақты бүге).

2. Тізені жоғары көтеріп жүру, таяқшаны тізеге тигізу.

Осы кезде жүйрік атымен бай шауып келеді (байдың бейнесіндегі қуыршақ көрсетіледі). Балалар бір тізбекке тұрып шоқырақтап жүреді. Залдың бір жағынан екінші жағына жүгіру.

Алдар көсе: Байға қулығымызды асырайық. (Залдың ішінде әртүрлі бағытта жүгіру).

Алдар көсе: Енді мен сендердің күштеріңді, ептіліктеріңді, жүйріктіктеріңді байқағым келеді.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балалар ертегіні тыныш отырып тыңдайды

-Алдар көсе

Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін естеріне түсіреді

Балалар ойынды ойнайды

Алдардың суретін көреді

Балалар екі топқа бөлінеді

Жаттығулар жасайды

Балалар баймен танысады

Топта әрі-бері жүгіріп ойнайды

Балалардың өз бетінеше жұмыстары

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

- Кімнің салған суреті Алдар көсеге ұқсайтын болып шықты?

Мақтап өту салған сурет бойынша.

Күтілетін нәтиже :

Білу :

Игеру:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы