- •Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Көңілді шеберхана.
Мақсаты: Заттардан қуыршақ жасауға үйрету. Баланың шығармашылығын, қиялын, тапқырлығын дамыту. Саусақ театры ойындарымен таныстыру.
Керекті құралдар: қайшы, жапсырғыш, жіп, фломастер, қылқалам, бояу, щұлық, қыстырғыш, әр түрлі қағаздан жасалған пакеттер, ағаш қасық, пластмасса қасық, катушка, қағаз, тарелка, әліппе-дәптері.
Әдіс-тәсілдер: заттармен жұмыс жүргізуге бағыт беру. Сұрақ-жауап, әңгімелесу, драмалау, ойын іс-әрекеті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық Жақсы сергіп қаламыз.
|
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші балаларға саусақ ойындарын түсіндіреді.Өндіріске қажетсіз заттардан қуыршақ театрын жасайды. Әліппе-дәптердегі үлгіні талдау. 1. Пакеттен жасалған қуыршақ. Қағаз пакетке қуыршақтың бет-әлпетін салғызу. Қағазды ойып, мұрнын жасап, ойылған жерге сұқ саусақты өткізіп, ал үлкен және ортаңғы саусақтар қол болады. 2. Қағаз тарелкадан қуыршақ жасау. Қағаз тарелкаға қуыршақтың бет-әлпетін салып, келесі бетіне жапсырғышпен таяқшаны жапсыру.
Сергіту жаттығуын жасау. Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық
3. Шұлықтан жасалған қуыршақ. Шұлықты шүберек немесе мақтамен толтыру, ішіне сызғышты тігінен қойып, резинкамен немесе жіппен байлап, бекіту. Көз орнына түйме қадау. Қағаздан мұрынын, құлағын жасау.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Дәптердегі үлгіні талдау.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Қуыршақ театрын сахналап, мазмұны бойынша әңгімелету |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Саусақ театры ойындарын.
Игеру: заттардан қуыршақ жасай алды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Жол белгісі.
Мақсаты:Балаларға жол белгісі туралы түсінік беру. Оларға өндіріске қажетсіз заттардан (киндердің қабықтарын, шырын-су ішетін түтікшелерді, чупа-чупстың таяқшалары) жол белгілерін жасауды үйрету. Ойыншықтардың жасалу жолдарын түсіндіру. Жалпы еңбек туралы түсінік беру. Балаларды кішкентай бауырларына ойыншық жасап, сыйға тартуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: киндердің қабығы, чупа-чупстың таяқшалары, шырын-су түтікшелері, түрлі-түсті қағаздар, фломастер, желім, скоч, салфетка, қылқалам, кленка, сіріңке қораптары, әліппе-дәптері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелету. Қажетсіз заттарды пайдалану жолдарын үйрету.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасайық Жақсы сергіп қаламыз.
|
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші балалармен жол белгісі туралы әңгіме жүргізеді.Оларға барлық белгілерді рет-ретімен айтып, сұрақ қойып, білімдерін тиянақтайды.Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасайды. А) ұсақ белгілерді құрастыру және бейнелеу арқылы түсіндіру. -машиналарды жөндеу, -медициналық жәрдем беру, -тамақтандыратын пункт (белгі), Ескерту: б) қауіпті бұрылыстан өтпеу. в) тыйым салынған жерден жол ережесін сақтап жүру. 2) чупа-чупстың таяқшаларынан белгілер жасау. 3) Киндерге инемен белгі салу. 4) Жол белгілерін жинау. Тәрбиеші: Жол тәртібі кімге керек? Бірге ойланып көрейік Біліміңді сарапқа сал, Біз етейік төрелік! Әрқайсысына әділ баға берейік. Ережені жақсы білген Ортаға шық, қанеки. Ортаға бағдаршам, ескерту белгісі, тыйым салу, көрсеткіш, анықтама белгілері шығады. Бағдаршам: Менің атым «бағдаршам»- Мекен-жайым тұрақты. Жақсы білем міндетімді Мүдірмеймін ешқашан. Жол сілтейтін белгілер төрт топқа бөлінеді. Ескерту белгісі: Үш бұрышты қызыл Бояумен көрінсем, абайла! Жол бойында қауіпті тұс Алдан шығар дегенді Айтар мен ескерту белгісі. Тыйым салу белгісі: Дөп-дөңгелек Қызыл шеңбер- мен Көрінсем, «тоқта,қане!» - Деп жар салар, Тыйым» салу белгісі мен боламын. Көрсеткіш белгісі: Дөп-дөңгелек жасыл Шеңбер-мен көрінсем- «Жол ашық!» Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолын нұсқаймын. Анықтама белгісі: Белгімін көрсетер Жылдамдық пен бағытты Ылди мен бұрылыс, Қатер мен қауіпті! Барлығын анықтап Көрсетіп тұрамын. Жол инспекторы балаларға жетекші сұрақтар қойып, алған білімдерін тиянақтайды. Инспектор: Балалар сендердің білімдеріңді байқау үшін Бағдаршам сендермен ойын ойнайды. «Бағдаршам» ойынының шарты: барлық бала дөңгеленіп тұрады. Бағдаршам қызыл түсті көтергенде-бір адым артқа, сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. Соңында бәрі «Жол ережесіне» байланысты көрмені аралайды.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Дәптердегі үлгіні талдайды.
Ортаға әр түрлі белгілер шығады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалар өз тақпақтарын айтады.
«Бағдаршам» ойынын ойнайды. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Жұмыс барысында тәрбиеші балаларға көмегін тигізіп, әсіресе инемен жұмыс кезінде абайлау керектігін ескертумен бірге жасалған жұмыстарды тәрбиеші бағалап, мадақтайды.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жол ережелерін
Игеру: жол белгілерін жасады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
