Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құрастыру тех карта.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.82 Кб
Скачать

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Қардан қамалдар тұрғызу.

Мақсаты:Балалардың таза ауада қызықты іс-әрекетпен айналысуына, көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік туғызу. Қардан құрылыс тұрғызуда қамалдар салу дағдыларын қалыптастыру. Жұмысты бірлесіп жоспарлау, бірге құрастыруға, әсем безендіре білуге үйрету. Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қарды жинауға қажетті құрал-саймандар күрек, жәшік, сыпырғыш, қорап, т.б.

Әдіс-тәсілдер: тәрбиешінің шығармашылық әңгімесі, балалармен бірлескен іс-әрекет жұмыстары.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Өлең оқылады.

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

Балалар қайталап айтады.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Тәрбиеші далада немесе аулада балаларды жинап, бүгінгі ауа райы, айналаның аппақ мамық қар жамылғанын айтып, қардың сапасы жайында балалардан сұрап, мамықтай ұлпа, жылт-жылт еткен қардан қамал тұрғызсақ деген ұсыныс жасау. Тәрбиеші мен балалар бірлесе ойланып, құрылысты жоспарлап, орындарын белгілеп алады. Тәрбиеші балалар іс-әрекетін ұйымдастырушы әрі тікелей қатысушы болады.Балалар өз келісімдері бойынша шағын топтарға бөлінеді.

-бір топтағы балалар қарды жинап үйеді.

-екінші топтағы балалар ол қарды жәшікке немесе қорапқа салып, белгілі бір пішінге келтіреді.(қалыптан кірпіш жасайды).

-қалған балалар дайындалған қардан жасалған кірпіштерді қамалдың белгіленген орындарына жеткізеді, іс-әрекетке белсенділікпен кірісуге бағыт беріледі.

-қамалды балалар бірлесе отырып жасайды, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қойып қалайды.

-жұмыс дайын болған кезде, алдын-ала дайындалған мұз пішіндермен әшекейлейді, өз ойларын қосып, шығармашылық бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Дайын болған қамалдың қар құрылсының орындалу сапасы айтылып, балалар еңбегі мадақталып, ойын ойналады. «Қар лақтыру», «Қамалды алу», «Қамалға кім бұрын жетеді», т.б.(таңдаған ойын алынады).

Еңбек әрекеті және ойыннан кейін балалар тыныстап демалу үшін тәрбиеші балаларды қасына жинап:

Жүгірдік те қарғыдық,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен,

Қане, демді ішке тартайық, демді қайтадан шығарайық,-деп, терең тыныстап алады.

Балалар назарын өзіне аударып, жұмбақ жасырады: (балалардың өздеріне жұмбақ айтқызады).

Қолы жоқ,-сурет салады,

Тісі жоқ,-тістеп алады. (Аяз).

Мамықтай ұлпа,

Қанттай аппақ. (Қар).

Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз).

Жұмбақты дұрыс шештіңдер, енді қыс туралы тақпақтарымызды есімізге түсірейікші.

1 бала:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

«Қыс» мезгілі келеді,

Бізге қарай жылыстап.

2 бала:

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз талмайды қарасаң.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар ойын ойнайды.

Тыныстап демалу

жаттығуларын жасайды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Білетін тақпақтарын айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытындылау:

Балалар бірігіп ән айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін

Игеру: Қардан қамал тұрғызуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы