- •Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Шырша шырақтары.
Мақсаты: Балалардың шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру. Қиылған дайын трафарет, шабландар бойынша қажетті пішіндердіқиып, бір-біріне желімдеу іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.Шырша шырақтарын әдемілеп, ұқыпты жасауға, өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюға дағдыландыру.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сүлгі, үлгі ойыншықтар, трафареттер мен шаблондар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: қағазбен жұмыс жасау жолдарын, түсіндіру. Қию, желімдеу іскерліктеріне машықтандыруда қайшымен жұмыс жасауды мұқият қадағалау.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберін ұыймдастыру.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік.
|
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Жыл мезгілдерінің өзгерісі, ерекшелігі жайында әңгімелеседі. Жақында қандай мерекені қарсы алатандары сұралады. Жыл мезгілдері жайында жұмбақ жасыру. Жомарт бар асып-тасатын, Алтын теңге шашатын. (Күз).
Ақ сақалда атаны-ай, Мінезінің шатағы-ай! (Қыс).
Қыс туралы әңгімелетіп, жақында жаңа жыл мерекесін қарсы алатындарын, ортада жасыл шырша тұратынын, оның әсем безендірілетінін еске түсіріп, онда сансыз көп шырақтар болатынын, оны қолдан, қағаздан да қиып жасайтындарын ескертеді.Бүгін біз түрлі-түсті қағаздан шырша шырақтарын жасап үйренеміз,-деп үлгіні ұсыну.Бірнеше әдемі суреттермен бірге әліппе-дәптердегі суретке зер салып, оларды қалай жасайтынын түсіндіру. Орындалу реті: -түрлі-түсті қағазды таңдау. -өзі қалаған үлгіге сәйкес трафарет немесе шаблондарды таңдап алу. -трафарет бойынша қағаздарды алып, оның үлгісін сызу. -сызылған үлгіні қию, бірнешеу (4-6-8) етіп дайындап алу. -дайындалған үлгіні бір-біріне біріктіріп желімдеуді көрсетіп, түсіндіру. -қабаттап немесе қатарластырып бүктеуде балаларға қиындықтар кездессе, көмектесу. -қағаз түстерінің үйлесімді болуына, араласып келуіне бағыт беру. -шыршаға ілетін ілгектерді қалай жасау керектігі түсіндіріледі. -дайын болған шырша шырақтары топ бөлмесіндегі шыршаға ілінеді. -ең әдемі шырақтар таңдалады. Жұмыс аяқталар кезде тәрбиеші балалардың жасаған шырақтарын сапасына, әсемдігіне, көлемі мен түр-түсінің үйлесімділігіне қарай мадақтап, енді жаңа жылға дайындықтарын пысықтау үшін кім қандай өлең, тақпақтар білетінін айтып беруді өтінеді. |
Жыл мезілдерінің ерекшеліктерін айтады.
Жұмбақтың жауабын айтады.
Қыс туралы әңгімелесіп, жақында жаңа жыл мерекесі болатынын айтады.
Әліппе-дәптердегі үлгіге қарап талдау жасайды.
Орындалу ретімен танысады.
Балалар өлең, тақпақтарын айтып береді.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. |
Балалар белсенділікпен жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу : Жаңа жыл мерекесі жайында
Игеру: шыра шырақтарын жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
