Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құрастыру тех карта.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.82 Кб
Скачать

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Жапалақ.

Мақсаты: Балалардың жасанды заттарды пайдаланып жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі заттарды пайдаланып жапалақтың бейнесін жасауға баулу. Бір-бірімен келісе білуге, жолдастарына көмектесуге, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: әр балаға шар керек, жіптер, желім, қайшы, мата, түрлі-түсті қағаз немесе мата, тері, жүн.

Әдіс-тәсілдер: жіпті желімге батыруды көрсету, шарға орау тәсілдерін меңгеруге көмектесу. Дене бөліктерін матадан немесе қағаздан қию жолдарын түсіндіру.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұыймдастыру.

Әрқашан аман болайық,

Құстар әнін сайрасын.

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз көп болсын.

.

Балалар қайталап айтады.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Құстар үнін үнтаспадан тыңдату. Жапалақтың дыбысын ажырата білуге ерекше назар аудару. Жапалақтың суретін үлгі бойынша талдау жасалады. Қандай материалдар қажет екенін алдынала тыңдап алу. Алдымен шарды барлық бала алып үрлейді, аузы жіппен байланады. Шардың сыртына жіпті желімге батарып алып орайды.Шар толық жабылғанша орап, желім кепкен соң шарды жарып тастайды. Кепкен жіп жапалақтың денесі болады. Жіптің түсі қоңыр болғаны тиімді. Қалған дене бөліктерін түрлі-түсті қағаздан немесе матадан, теріден (синетика заттар, мех) үлгіге қарай отырып қиып алып желімдейді, көздері, тұмсығы, қанаты, аяқтары т.б.

Сергіту сәтін өткізу:

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Дайын болған жапалақты ағаш бұтақтарына қондырып оның ерекшелігі жайында әңгімелесу. Тәрбиеші бар материалдарды пайдаланып балалардың шығармашылықпен еңбек етуіне толық мүмкіндік туғызады. Құстар өмірі жайында әңгімелеп, жақсы жасағандар мадақталады.

Құстар үнін үнтаспадан тыңдайды.

Суретті тамашалап, әңгімелеседі.

Жасалу үлгісін талдау, қажетті материалдармен танысады.

Балалар шарды үрлеп,аузын жіппен байлайды.

Қимылмен сергіту жаттығуын жасайды.

Жапалақ құсының ерекшелігі жайында әңгімелеседі.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытындылау:

Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады.

Балалар белсенділікпен жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу : Жасанды заттардан жұмыс жасай.

Игеру: Жапалақ құсының ерекшелігін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы