Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құрастыру тех карта.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.82 Кб
Скачать

Мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Тырна (қағазбен жұмыс).

Мақсаты: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, дидактикалық ойын түрінде тырнаны қағаздан қиып жасау жолдарымен таныстыру. Жұмысты ұқыпты жасауға, құстарға қамқарлық көрсетуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: суреті, құстардың суреті, қиюға арналған қағаздар, қайшы, желім, т.б.

Әдіс-тәсілдер: қағазды бүктеу, қию, сызу жолдарын көрсету, түсіндіру, үлгіні талдау жасау.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Әрқашан аман болайық,

Құстар әнін сайрасын.

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз көп болсын.

Балалар жақсы көңіл күймен амандасады.

Ұйымдастыру-

ізденушілік

Тәрбиеші балаларға құстар жайында әңгімелейді.Суреттерді пайдаланып «Бұл қандай құс» ойынын ойнатады. Суреттерді кезектестіре көрсеткенде балалар аттарын атайды (аққу, көгершін, торғай, тырна, жапалақ, қараторғай, қарлығаш, т.б.). Тәрбиеші өздеріңе ұнаған құстарға қандай қамқаорлық көрсетер едіңдер? Балалар: ұя жасаймыз, жем салғыш жасап ілеміз т.б. Құстарға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

-аққуды, қарлығашты атуға, құстың ұясын бұзуға болмайды.

Балалардың жауабын мадақтап, тәрбиеші құстар жайында жұмбақ жасырады.

Алшаң-алшаң басады,

Бірін-бірі көрсе, қаңқылдасады. (Қаз).

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі... (торғайды).

Ал енді, балалар, өздерің қандай жұмбақ білесіңдер?

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (балапан).

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ).

Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып. (тырналар).

Тырна туралы жұмбаққа ерекше тоқталып, тырналарды қағаздан өздері жасап көруді ұсыну. Ол үшін үлгіні қарап талдайды. Қолдарына қағазды алып, шаршылап бүктейді, сызықтар бойымен қию қажеттігі көрсетіледі.

Алдымен түзу сызық сызып қанаттарын жасаймыз, содан кейін тұмсығын, бас бөлігін, мойнын, денесін сызық бойымен қиямыз.Тәрбиеші өзіндегі үгліні қиып көрсеткен соң балалардан сұрайды.

Тырнаны қандай бөлігінен бастап қиямыз? (қанаттары, тұмсығы, бас бөлігі, мойны, денесі).Балалар іс-әректке кіріседі.Жұмыс барысына бақылау жасалады, кейбір балаларға бағыт беріп көмек көрсетіледі. Қағазды үшбұрыштап тұйық жағын жоғары қаратып ұстаған дұрыс, қайшыны оң қолмен ұстап түзу сызық бойымен қиып болған соң тұмсығының тұсындағы тұыйқ бөлікті қиып, екі қанатының ұшын жоғары көтеріп, біріктіріп ұстап тырнаны ұшырады. Балалар,тырналар қалай ұшады, естеріңе түсіріңдерші?

Бұрыш жасап ұшады. Қиып болған балалар тырналарын қолдарына алып өздері бұрыш жасап тұрып «тырналар тізбегін» жасап көрсетеді.Осы тырналардың қанаттарының ұшын біріктіре желімдеп, оны тақтадағы үлкен плакатқа әкеліп жапсырады..

Балалар құстар жайында әңгімелеседі.

Суреттерді тамашалап, құстардың аттарын атайды.

Тыйым сөздерді айтады.

Жұбақтардың шешуін айтады.

Жасалу әдіс-тәсілдерін көрсету.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытындылау:

Өздерінің тұрған ретімен кезектесіп келіп, желімдеу ұсынылады. Осылайша тырналардың ұшу ерекшелігін айқындайды, жасалу жолдары талданып, еңбек нәтижесі мадақталады.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстарға қамқолық жасауды.

Игеру: тырнаның қалай ұшатынын

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы