- •Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
- •Мектепалды даярлық тобы
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Тұқым салатын қораптар
Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Тік төртбұрыш қағазды бұрыштарын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру.Дайындалған қораптарды әшекейлеп көркемдік тәрбие беру.Ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Керекті құралдар: әр балаға сурет дәптердің парағы, түрлі-түсті қарындаш немесе фламастер, желім, қайшы, қылқалам, сүлгі беріледі.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, қағазды қос бүктеу, шеттерін бір-біріне қарама-қарсы бүктеу және бүктеу сызықтарын тегістеу, саусақпен сипап сындыру жолдарын көрсету, түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күлсін! Бірге күлсін бүлдіршін. Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр жаусын! |
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші балалармен күз мезгілінің ерекшелігін, күзгі еңбек жайында әңгімелеседі.Тұқым жинау туралы сурет бойынша әңгіме құрау.Бүгінгі сабақта қағаздан тұқым салатын қораптар жасайтынын айту.Дайындалған үлгіге талдау жасау.Әліппе дәптердегі үлгіні қарау, ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беру. Қорапты жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру: -тік төртбұрышты қағаздың бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу дағдыларын бекіту. -тік төртбұрышты қайта жазып ашып, екі шетін мөлшермен қарындашпен белгілеп алып (2см), қарама-қарсы бағытта бүктеу, бүктеу сызықтарын тегістеу. -қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып, оң жағын желімдеп алады. -екінші бөлігіне желім жағып, оны да желімдейді, қорап дайын болады. -қораптың сыртын қарындашпен немесе фломастермен әшекейлеу ұсынылады. -серуен кезінде жинаған тұқымдар осы қорапқа салынып, табиғат бұрышында сақталатынын айту. Балаларды қағазбен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге бағыттап, кейбір балаларға көмектесіп, жұмыс барысына басшылық жасалады. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнана жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. Қорапты жасаудың барысында орындалу сатыларына мән беріп, қағаз бүктеу, желімдеуде әр балаланың іс-әрекеті қадағаланады. Дайын болған қорапты әшекейлеу арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастыруда түрлі-түсті қарындашпен әдемілеп әшекейлеуде қандай өрнек жасауға болатынын үлгі бойынша түсіндіріп, бағыт беру. Балалардың іс-әрекеті мадақталып, еңбек нәтижелерін бір-біріне көрсетіп, кімнің қорабы әдемі болғанын айтып, өз жолдастарының еңбегін бағалайды. Тәрбиеші бүгін жақсы жұмыс жасағадарын айта келіп, еңбек арқылы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Балалар: Еңбек түбі –зейнет. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. |
Күз мезілі жайында әңгімелеседі.
Жаңа сабақпен танысады.
Үлгіге талдау жасалады. Әліппе дәптерді қарайды.
Қорапты жасау жолдарымен танысады.
Сергіту сәтін жасайды.
Дайын болған қорапты әшекейлейді.
Дайын болған қораптарды тамашалайды.
Балалар ұнаған қораптарына баға береді.
Мақал-мәтелдер айтады. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Тәрбиеші балалардың жауабын мадақтап, толықтырып бүгінгі еңбек жетістіктеріне талдау жасап, сабақты қорытындылау. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу : Күз мезгілінің ерекшеліктерін
Игеру: Қағаздан қорап жасауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
№ 5 «Айголек» даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.
Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды(сазбалшықты) пайдалану, оны табиғи материалдармен толықтыру, құстардың бейнесін жасату. Жұмыс орнын таза ұстау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар: табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары, бұтақтар, шырша бүрлері, жаңғақтар, т.б. Ермексаз , тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі(торғай, қораз) т.б.
Әдіс-тәсілдер: ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіндіру.Әңгімелесу, табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап, құстардың денесінің жолдарын көрсету. Сұрақ-жауап, ойын іс-әрекеті.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме, балалар?
|
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші құстар жайында балалар білімдерін тиянақтайды. Балалармен достасып, Жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып, Кім біледі... (торғайды).
Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (әтеш) Үй құстары мен түз құстарының ерекшеліктері жайында әңгімелейді.Осындай құстарды біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан жасап үйренеміз.Табиғи материалдарды бір-бірлеп көрсетіп таныстыру. Шырша бүрлері, жаңғақтар, бұтақтар, әр түрлі кепкен жапырақтар, т.б. Бұлардан неше түрлі құстар, аңдар, ойыншықтар жасауға болатынын айтып, суреттер көрсету. Әліппе дәптердегі. Үлгіні талдай отырып, үй құстарынан әтештің, түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндіру. -ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал; -денесін, басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап, оны сопақша пішінге келтіру, басын домалақтау; -бір-біріне екі бөлікті біріктіру; -тұмсығын шымшып созып шығару; -қанаттарының орнын стекамен сызып белілеп алу; -қанаттарына жұқа жапырақтар сызық бойымен денесіне батырып кіргізу арқылы орналастырылады (екі жағына); -құйрығын сүйірленген ұшына жапырақтарды шаншу арқылы жасайды (4-5 жапырақ); -аяқтарына бұтақтарды пайдаланып, оны ермексазбен біріктіреді. -ермексаздан тұғыр жасап орналастырады. -Қимыл-қозғалыс кезеңін бейнелеу балалның ой-қиялына байланысты болады. -әтештің айырмашылығы: айдары шымшып созу арқылы жасалады немесе жапырақтан, қағаздан қиып жапсыруға да болады. -құйрық қанаттары торғайға қарағанда көп, сондықтан біренше жапырақтар пайдаланылады. -екі құстың бірін таңдау, балалардың еркінде.
Сергіту сәтін өткізу: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.
Жұмыс дайын болған соң, бұл құстарға қанадай қамқорлық жасайға болатыны сұрау. «Жауабы: Жем шашамыз, ұя жасап, су береміз т.б.», «Жұмырқаны жарма» |
Балалар құстар жайында айтады. Жұмбақты шешеді.
Табиғи материалдармен танысады.
Тақтадағы суреттерді тамашалайды.
Жасалу жолдарымен танысады.
Сергіту сәтін жасайды.
Құстарға қандай қамқорлық жасайтындарын айтады. -жем шашамыз, -ұя жасаймыз, -су береміз.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу : Құстар жайлы.
Игеру:Табиғи материалдардан құрастырып жасауды.
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Жануарлар.
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлер жасауға қажетті материалдарды жинауға үйрету.Көріністерді әшекйлеуге, әдемілеуге жаттықтыру.Жануарлар бейнесін жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Алған білімді өндіріске қажетті заттармен жұмыс істеу арқылы бекіту.Шығарманы кейіпкерлендіруге дағдыландыру.
Керекті құралдар: әр түрлі табиғи материалдар, желім, пластилин, қайшы, жіп, фольга, түрлі-түсті қағаз, сым, мата, қылқалам, т.б, әліппе дәптері.
Әдіс-тәсілдер: шығарма мазмұнын қысқаша баяндау, табиғи материалдарды пайдалану жолдарын көрсетіп, түсіндіру, шығарманы сахналау. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: шығарманы оқу, көріністерді көру, жануарларды бақылау.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Ормандар, жап-жасыл ормандар, Орманды отаушы болмаңдар! Отан мен орман жұп, бір ұғым, Орманды, Отанды қорғаңдар!
|
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші Ы. Алтынсаринның «Жануарлар айтысы» атты ертегідегі кейіпкерлерді балалардың есіне түсіру. Шығарманы кейіпкерлендіріп, ойнауды ұсыну, ол үшін бәріміз әр түрлі табиғи материалдардан ертегі кейіпкерлерін жасауымыз керек. Жер жаңғақ, жүгері, қарбыздың тұқымы, жуан-жіңішке бұтақтар, емен ағашының дәндері және оның дәніндегі қалпақшалары, қауырсын, орман жаңғағы, итмұрын жемістері, жаңғақ, ракушка, тастар, шырша бүрлерінен өздері керегін таңдап алады. Тәрбиеші балаларды үш шағын топқа бөледі. Әр топтың баласынан не жасағысы келетінін сұрау. Балалар кейіпкерлерді қалауы бойынша таңдап алады, әліппе –дәптердегі суреті бойынша жасайтынын, қалай жасайтынын түсіндіру. Мысалы: Аттың денесін жүгеріден жасайтын болса, оған 6 тесік жасайды (аяқтарына, мойнына, құйрығына). Басын жүгерінің сүйір жағына орналастырады т.б.
Сергіту сәтін өткізу: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Әр топтың балалары не жасағандарын әңгімелейді.
|
Ертегіні естеріне түсіреді.
Табиғи материалдармен танысады.
Балалар өз қалаулары бойынша таңдап алады. әліппе дәптерді тамашалайды.
Сергіту сәтін жасайды.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу : Жануарларға деген қызығушылықтары.
Игеру:Табиғи материалдармен жануарларды жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
№5 «Айгөлек» даярлық тобы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Менің альбомым.
Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және бір-біріне желімдей білуге үйрету. Оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту.Бастаған ісін аяқтауға, еңбекке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: әр балалға бірнеше ақ парақтар, түрлі-түсті қағаздар, жіңішке лента, қайшы, желім, әліппе –дәптер, үлгі альбомдар ұсынылады.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, қағазбен жұмыс, т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. «Менің кітабым» тақырыбында жапсыру іс-әрекетімен айналысу, суретті альбомдар қарау.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Біздер тату баламыз Гүл-гүл жайнап аламыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. |
Балалар қайталап айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
Тәрбиеші балаларға әліппе –дәптердегі үлгіні көрсетіп, жасалу ретін талдайды.Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт береді. -балаларға алдарындағы парақ қағаздарды алып, біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсету. -Балалар қайталайды, қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап, оларды ортасынан бүктейді (әр парақты жеке бүктеуге де болады). -бүктелген қағаздарды бірінің үстіне қойып, түптерін желімдейді (тәрбиеші альбом түбін тескішпен тесіп беруіне болады). -түсті қағаздар алып, кітаптың сыртқы бетін де бүктеп жасап, оның ішіне парақтарын кигізе орналастырады. -тескішпен (тәрбиеші көмегімен) балалар өздері тесіп, оған жіңішке лентаны өткізіп қояды. -альбомның сыртын балалар қалауы бойынша көрсетілген үлгілерге сәйкес әшекейлейді. -балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп, жұмысты ұқыпты жасауға бағыт беріледі. Сергіту сәті: Кәне, кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Бишілерше бұралып, Дөңгғлғне тұрайық.
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап, жетістіктерін атап, бұл альбомдарға бос уақыттарында сурет салып, түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстары ұсынылады.
|
Суретті тамашалап, әңгімелеседі. Жасалу үлгісін талдау.
Сергіту сәтін жасайды.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар жұмыстарының сапасы, ерекшелігі айтылып, жақсы еңбектер мадақталады. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу : Қағазбен жұмыс істеу
Игеру: Альбомды жасай алды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы
