Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: адамның дене мүшелері толық түсірілген фотосурет, қағаз, жай және түрлі түсті қарындаштар.

балалар үшін: жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Тез тұра ғой, өтінем,

Кім болады есімің?

Есімімді сүйемін!

Оны аялай білемін!

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға адам денесі толық көрсетілген фотосуретті өрсетіп, сурет салғанда дене мүшелерінің пропорциясын, яғни екі жағындағы дене мүшелерінің өлшемінің бірдей болуын сақтау керектігі туралы мағлұмат береді. Балалардан денесімен салыстырғанда басының және аяқ-қолының өлшемі қандай екеніне назарларын аударуды сұрайды. Ары қарай көңілді балақайды салу үшін, геометриялық фигуралардың көмектесетінін айтады. Дөңгелек және сопақшалардың көмегімен адам денесінің контурын созып алу өте жеңіл болады, содан соң ұсақ бөлшектері салынады.

Сергіту сәті:

Керіледі мысық,

Бізге көзін қысып,

Жүгіреді жылдам,

Көрінсе оған тышқан.

Құстай қанат қағамыз,

Көбелектей қонамыз.

Педагог дайын жұмыстың үлгісін көрсете отырып, ары қарай салу кезеңдерін жеке-жеке өзі салып көрсетеді.

  • Үлкен сопақша, яғни денесін саламыз.

  • Үлкен сопақшаның үстіне кішкентай сопақшаны көлденеңінен саламыз, ол мойны болады. Одан соң мойынның үстіне дөңгелек басын саламыз.

  • Созылған сопақшалардың көмегімен қолын, аяғын саламыз.

  • Ұсақ бөлшектерін саламыз.

  • Киімнің орнын белгілейміз.

  • Бетіне көзін, құлағын, мұрнын, аузын саламыз.

  • Түрлі түсті қарындаштың көмегімен бояп, әрлеу жұмыстарын жалғастыру.

Педагог балалардың сурет салу жұмысын үнемі қадағалап отырады, суреттің орындалу ретінің дұрыстығын тексереді.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Суреттің салыну ретімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Балалар салған суреттерін бір біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау. Педагог барлық балаларға мадақтау сөздерін айтып қуантады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Жұлдызгүл

Сабақтың мақсаты: Балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру; шығармашылық қабілеттерін, ой – қиялын дамыту.