Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: кешкі көріністі бейнелейтін иллюстрациялар, фотосуреттер; жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Армысыз, алтын Күн!

Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Күліп шықты күн бүгін!

Қуанайық, шаттанайық бәріміз.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға кешкі көрініс бейнеленген суреттерді, фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелеседі. Балалардан батып бара жатқан күннің көрінісін бейнелеу үшін қандай түс қолданылғандығы сұралады. Ал фотодан күн батып бара жатқан түстан қандай түс көріп тұрғанын айтады. Балалардың сөзін мұғалім толықтыра отырып, жаңа түстердің атауын айтады (сап-сары, алқызыл, күлгін, т.б).

Содан соң педагог «түстердің біртіндеп өзгеруі» тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ , сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Жұмыс дәптерінде көрсетілген суретті орындау кезеңдеріне назарларын аударып, өзі салыну жолдарын көрсетеді.

  • Қағаздың төменгі бөлігіне таудың нобайын жай қарандашпен белгілейміз.

  • Тауды қою көк түспен бояймыз.

  • Суретті аздап кептіреміз.

  • Күннің батып бара жатқан көрінісін бірден суға молырақ батырылған қылқаламмен саламыз. Бояулардың бір біріне ағып қосылуына мүмкіндік береміз.

  • Күнді қылқаламның көмегімен сары бояумен белгілеп, сәулелерін ретімен қызыл сары, қызыл, қызғылт, қанық қызыл, күлгін, т.б түстерге біртіндеп өзгеруіне жағдай жасау.

Педагог сурет салу барысында жаңа өтілген тәсілді естеріне салып отырады.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Суреттің салыну ретімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Сабақ соңында оқушылардың салған суреттерін талдау жұмысы жүргізіледі. Сабақ қорытындыланады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Теңіздегі кит

Сабақтың мақсаты: балаларды акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын жалғастыру. Суық түстермен таныстыру – көк, көгілдір, сия көк, қара көк т.б. Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін түсіндіру.