Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Жеті қазынаның бірі

(Ертегі)

Баяғыда аң патшасы Арыстан қызметшісі Жолбарысты шақырып: «Ормандағы барлық аңдарды жина», - деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде Арыстан апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соң Түлкі алға шығып:

- О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті.

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып Арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ең ақылды деп лепіреді. Мақтау сөздерге мәз болған Арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан Итті байқайды. Дереу гүрілдеп Итке төне түседі:

- Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын есті - дің бе өзі!? Неге сен үн қатпайсың?

Ит салмақты қалпын бұзбастан:

- Ә, сен бе едің ... Сонша немене орманды басына көтересің? Менің сені мақтап бас ұруым керек пе еді? - деп басын көтерместен сөйлейді.

- Ал сонда, - дейді Арыстан, - дүниеде ең қайратты, ең ақылды, ең әділ, епті кім?

- Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адамзат.

Арыстан одан бетер ысқырып, дереу Жолбарысқа:

- Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс. Дереу арамыздан алас - татыңдар! - депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң Ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қара үзіп, кете барған екен.

Содан бері Ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бер - тін келе, «Ит - жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Дастарқан

Сабақтың мақсаты: сурет салуда ұлттық ою-өрнектермен дастарқанды сәндеп безендіруді үйрету; балалардың қазақтың ұлттық ою-өрнектер туралы танымдарын жинақтау; тұрмыстық заттардың көлеміне қарай ою-өрнектерді орналастыруды үйрету.

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдары жіне олар бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Тез тұра ғой, өтінем,

Кім болады есімің?

Есімімді сүйемін!

Оны аялай білемін!

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балалармен үнтаспадан «Дастарқан» әнін тыңдайды. Сазды әуеннің мағынасын түсіндіріп, дастарқанның маңызы туралы айтып, білімдерін тереңдете түсу.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақжаны,

Жақсы дәстүр маржаны.

Кең пейіл де арайлы,

Осы жерден тарайды.

(Дастарқан)

Балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аударады. Дастарқанның түсіне, өрнектерінің орналасу реттілігін түсіндіріп, суретін салуға тапсырма береді.

Педагог балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алады.

Сергіту сәті:

Керіледі мысық,

Бізге көзін қысып,

Жүгіреді жылдам,

Көрінсе оған тышқан.

Құстай қанат қағамыз,

Көбелектей қонамыз.

Педагог суреттің салу реттігімен таныстырып, дұрыс жұмыс істеулерін қадағалайды.

Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысқаннан кейін, жұмысты өз беттерінше орындайды. Педагог балалардың жұмыстарын қарайды, көмек қажет балаларға бағыт беріп отырады.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Жұмбақтың жауабын табады

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Суреттің салыну ретімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Сабақ соңында балалар жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім киген қуыршақтар

Сабақтың мақсаты: ерлер мен әйелдердің ұлттық киім үлгісіндегі суреттерін салуды үйрету; «ұлттық киім» туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру; балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.