Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: қанқызының суреті салынған үлгі, қағаз, жай қарындаш, түрлі түсті қарындаштар.

балалар үшін: қағаз, жай және түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Армысыз, алтын Күн!

Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Күліп шықты күн бүгін!

Қуанайық, шаттанайық бәріміз.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға қанқыз туралы жұмбақ жасырады. Жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, оны фотосуретін көрсетін, ол туралы қысқаша мәлімет береді. Балалардың назарын оның денесінің пішініне, басы мен аяқтарының орналасуына , түсіне аударады. Содан соң қанқыздың салынған суретінің үлгісін көрсетіп, балалардан фотосуретімен салыстыруды сұрайды. Балалардың айтқанын қорытындылай келе педагог фотосуреттегі кескіні шынайы берілгендігін , ал салынған суретте суретші өзінің қиялымен толықтырғандығын айтады.

Ары қарай педагог сурет салу тәсілімен таныстыра отырып, жұмыстың орындалу ретімен таныстырады:

  • Денесін дөңгелек немесе жарты дөңгелек түрінде белгілеп қорсетеміз.

  • Басын дөңгелектеп саламыз.

  • Басынан көз, мұрын, ауыз, мұртшаларының орнын белгілейміз.

  • Үш жұп аяқтың суретін бір – біріне қарама – қарсы саламыз.

  • Денесіне дақтардың суретін саламыз.

  • Қанқыздың суретін саламыз.

Сергіту сәті:

Тез еститін сықырды

Айқай,шуды,тықырды.

Тез еститін сықырды

Айқай,шуды, тықырды.

Құлағымыз қайсы екен?

Құлағымыз қайсы екен?

Міне, құлақ қалақай

Табылды ғой алақай

«Көңілді қанқыз» саусақ ойыны. Балалар саусақтарымен жорғалап жүрген, ұшып жүрген қанқыздың қимылын салады.

Педагог балаларға суретті өздерінің қиялымен толықтыруға болатынын айтады.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Жұмбақтың шешімін табады

Сурет салу ретімен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Қорытындылау

Балалар салған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Балалар көрмені тамашалап, өз пікірлерін білдіреді.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Шөл даладағы түйе

Сабақтың мақсаты: акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; «жылы түстер» туралы түсініктерін қалыптастыру; композиция құрастыра білуге үйрету.