Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: көктемнің алғашқы гүлдері бейнеленген суреттер, дайын үлгі, қағаз, қарындаш, акварель бояу, су, қылқалам, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, қарындаш, акварель бояу, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға үнтаспадан гүлдер туралы әдемі әуен қойып тыңдатады. Өлең сөздерін мұқият тыңдату, түсінгендерін сұрау. Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу. Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау. Әдемі, сұлу гүлдердің иістері де хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру. Осы алғашқы көктем гүлдерін бүгін біз өзімізде суретке салатынымызды айтып ұғындыру.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта, шапалақ

Жоғары- төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.

Педагог балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Керекті құралдармен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Сабақ соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Тұскиіз.

Сабақтың мақсаты: балаларға тұскиізді ұлттық ою-өрнектермен сәндеп безендіруді үйрету; қазақтың ою-өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту; түс жіне ырғақты сезіндіру; балалардың эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту.