Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, ермексаздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермексаз, арнайы кескіш таяқша, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, тақтайша, ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады,

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға қазақ халқының күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдарының үлгісін көрсетіп, олардың ою-өрнектеріне көңілдерін аударады.

-Балалар қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар?

-Қошқар мүйіз, қызғалдақ, құс қанаты.

-Бұл өрнектер неге ұқсайды?

-Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне.

Педагог балаларға осындай ұлттық оюларды ермексаздан ширату тәсілін пайдаланып, бедерлейтіндерін айтады.

Сергіту сәті:

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орайды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Жұмыстың орындалу ретімен таныстыру:

  • Ақ және қоңыр түсті ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

  • Ермексаздың үлкен кесегін алдымен домалақтап алып, содан соң алақанға салып жалпақтаймыз, содан кейін тақтайшаға жапсырып, ою – өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындап аламыз.

  • Саусағымыздың көмегімен ермексазды тегістейміз.

  • Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін сызып саламыз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып жұмысты бастайды.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалардың жауабын тыңдау

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Ең жақсы жасалған және өздері өрнектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді, шағын көрме ұйымдастырады.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Көжектер

Сабақтың мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру; құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету; тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; мүсіндеу дағдыларын арттыру.