Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.33 Кб
Скачать

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Түстер әлемі

Сабақтың мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу-тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: бояу қарындашпен орындалған суреттер, қағаз, бояутақта, түрлі қылқаламдар, гуашь, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.

балалар үшін: қағаз, жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Іс-әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастыру

Педагог балаларға ерте кезде адамдардың суретті жерге, тастарға салғандары туралы айтады. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде сазбалшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, олары бояу орнына қолданды. Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі түс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.

Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта, шапалақ

Жоғары- төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Педагог әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіреді. Ары қарай балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қастиетін анықтау үшін өз беттерінше жұмыс жасап көреді. Балалар педагогпен бірлесе отырып, мынадай қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі.

Педагог балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық материалдарды түрлі бояулармен орындап жаттығады.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт бағдар беріп отыру керек.

Балалар мұқият педагогты тыңдайды.

Балалар қимыл іс-әрекетпен орындайды

Керекті құралдармен танысады

Балалардың өз бетінше жұмыстары

Қорытындылау

Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.

Бөлімі: Шығармашылық

Білім беру саласы: Сурет

Сабақтың тақырыбы: Менің доптарым

Сабақтың мақсаты: гуашьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттін, ой-қиялдарын дамыту; байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыртастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.