Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык техн карт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.72 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Марғаулар

Мақсаты: гимнастикалық орындықтан асып түсуді үйрету. Тереңдікке секіру – аяқты сәл бүгіп, табанды толық жазып, жерге қону тәсілін бекіту. Дене түзілісін бақылау. Музыка ырғағына сәйкес ырғақты қимыл (алақан шапалақтау, қолдың басын ию, бұрау, аяқты тарсылдату, орында тұрып айналу) жасау; музыканың басталуына және аяқталуына назар қойып, көңіл бөлу; бір-біріне соқтығыспай жүгіру; белгіге көңіл аудару дағдыларын жетілдіру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: ойыншықтар, мысық(бетперде), екі күшік, биіктігі 20 см заттар (орындық, шаршы, томар) , гимнастикалық орындық.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Түкті тоны шұп-шұбар,

Өзі жап-жас, мұрты бар.

Ет пен сүтке өте құмар. Бұл не?

«Марғаулар» жайлап адымдайды; «кішкентай марғаулар» - (жұмсақ жүру), арқаны күжірейте сәл отыру, тұрып жүруді жалғастыру; аяқтың ұшымен заттарды аттай жүру. Қосарланып белгі бойынша қатардан шеңбер құрып тұру.

«Марғаулар» жайлап адымдау; кішкентай марғаулар (жұмсақ жүру), арқаны күжірейте жүру; белгі бойынша сәл отыру, тұрып жүруді жалғастыру; аяқтың ұшымен заттарды аттай жүру. Қосарланып белгі бойынша бағыты өзгерте жүгіру. Көрнекі бағыт бойынша қатардан шеңбер құрып тұру.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

-Мысықтың баласы – марғау.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Өздігінен уқалау:

Алақанды соғамыз, аздап қана соғамыз,

Алақанды ақырын-ақырын соғамыз.

Алақанды қатты-қатты соғамыз.

Мен балаларға барамын.

Жақын келдім, алақанымды көрсетемін.

Жалпы дамыту жаттығулары

1.«Табандарыңды көрсетіңдер».Б.қ н.қ.., қол төмен. О: алақанды жоғары қаратып, қолды алға созып: «міне, табанымыз» деу, қолды артқа апарып: «табанды тығып қойдық» деу 5-6 рет.

2. «Аяқтар». Б.қ .. н.қ қол белде. «Мысықтар, аяқтарыңды көтеріңдер»-тізеден бүгілген оң, сол аяқты кезек көтеру, жайлап түсіру. 5-6 рет.

3. «Марғаулар ұйықтап жатыр».

Еденде еркін қалыпта жату: пыр-пыр,пыр-пыр,пыр; бір-біріне арқаларын тигізіп, аунайды. Оянғылары келмейді: пыр-пыр,пыр-пыр түстерінде: пыр-пыр,пыр-пыр. 4-5рет.

4. «Марғаулар ойнайды». Барлық мысықтар арқаларымен жатты пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу, мияу-мияу; бір-бірінің арқаларына сүйкеніп: мияу-мияу, мияу-мияу.

Табандарын тарбитып (табандарын жоғары, төмен тарбитып, аяқ, қолдарын айналдыру), тентек бола бастады.

Барлығы ойнап, пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу! – дейді.

5. «Бәріміз бірге тату-тәтті ойнаймыз».Екі күшік тағайындалады. Екі күшік қатты үреді «Әуп! Әуп! Әуп!» Мысықтарды үйге жібермейді. Мысықтарды ұстап алуға тырысады.

Барлығымыз дос болайық!

Бәріміз бірге тату-тәтті ойнайық.

Құйрығымызды бұлғаңдатамыз (денені қозғалту),

Әуп! Әуп Мияу! Әуп Мияу! Әуп! Мияу! Мияу! Мияу!

Құйрығымызды бұлғаңдатамыз (денені қозғалту).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Допты бастан асыра екі қолмен алға, жоғары (алысқа) лақтыру;

-Гимнастикалық орындықтан асып түсу.

Қимылды ойын: «Тауық пен балапандар».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз ойын: «Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: допты бастан асыра екі қолмен алға, жоғары (алысқа) лақтыруды; гимнастикалық орындықтан асып түсуді.

Игереді: жаттығулар маңызын.

Меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Өткізген:

Күні: