- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінң технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Кімге не керек?
Мақсаты: а) Жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім, балалар, ұл, қыз т.б). 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру.
ә) Зат есім мен сын есімді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды жалғастыру.
б) Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: № 22 демонстрациялық материал (қыз бала мен ұлдың және ұлдың суреті).
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Сөздік жұмыс: көйлек, жейде, бәтеңке, шалбар.
Билингвальды компонент: көйлек – платье, жейде- рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки.
Оқу іс-әрекеті |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге Е.Өтетілеуұлының өлең жолын қайталайды. Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» деймін мен. |
Балалар бірге өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастыру кезеңі |
№22 демонстрациялық материалда берілген суретпен жұмыс. -Балалар, сендер кімді көріп тұрсыңдар? -Балалар не істеп жүр? -Айман бесікпен қуыршағын сүйреп жүр. Асқар машинамен ойнап жүр. Балалар өте көңілді. Балалар өздерінің киімдері жайлы әңгімелеу. -Ал енді тобымыздағы ұлдар және қыздармен танысамыз. -Біздің топта ұлдар ма екен? Ұлдарды бір-бірден шығарып, олармен танысу. Жейде, шалбар, бәтеңке, көйлек сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді. Билингвальды компонент: көйлек- платье, жейде-рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки. -Біздің топта қыздар ма екен? (Қыздарды бір-бірден шығарып, олардың танысу,киген киімдерін айту). Бір ұл бала мен қыз баланы кезектесе отырып шығарып, олардың киімдерін, шаштарын, аяқкиімдерін салыстырады.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі.
№22 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Кімге не керек?» дидактикалық ойыны. Шарты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызықпен қосу. |
Суретке қарайды, жауап береді.
-Ұл бала және қыз бала. -Ойнап жүр.
Балалар қайталайды: көйлек-платье, жейде – рубашка, шалбар- брюки.
-Менің атым –Ерлан. Менің шалбарым бар, жейдем бар. Менің атым – Жанар. Үстімде әдемі қызыл көйлегім бар.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Балалар ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызық арқылы сәйкес тендіреді. |
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік? (Киім). -Ұл бала мен қыз баланың киімдерінің қандай айырмашылығы бар? Балаларды мадақтап, оқу іс- әрекетін қорытындылайды. |
Балалардың жауабы. Сабақта алған білімдерін пысықтайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыз бен ұл баланың киімін ажыратуға арналған тапсырманы;
Игереді: зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;
Меңгереді: қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін айта білу іскерліктерін.
Өткізген: Шетірова Ә.Б
Өткізген күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: шығармашылық таным.
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: "Қақпа".
Мақсаты: Түрлі түсті және көлемді материалдардан түрлі құрылыстарды салуға, бір бөлшекті екіншісімен алмастыру немесе биіктеу арқылы құрылысты өзгертуге үйрету.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Құрылыс материалдары, үлгі көрнекілігі.
Сөздік жұмысы: Биік – аласа, үлкен - кіші
Оқу іс әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Тәрбиеші үлгі сурет көрсете отырып бүгін биік және аласа қақпаларды құрастыратынын айтады. Ол үшін алдымен «Биік – аласа» ойынын бірнеше рет ойнайды. |
Суретке балалр назарын аудартып, құрылыс материалдарының пішінін, түстерін айтып береді. Ойынды тәрбиешімен бірге ойнайды. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Енді алдымен биік қақпаны жасау үшін қандай құрлыс материалдары керек болатынын таңдап алыңдар деп тапсырма береді. Төрт түсті текшені оң жаққа, төрт түсті текшені сол жаққа бірінің үстіне бірін қойып жинаңдар деп тапсырма береі. Оның үстіне көлденең текшені қояамыз, сонда биік қақпамыз дайын болады. Екінші қақпаны жасау үшін дәл сондай тапсырма беріледі, бірақ текшелердің саны «аз», биік қақпа жасау үшін текшелердің саны «көп» болуы керек деп түсіндіреді. Екінші қақпаны да текшенің түсіне және санына қарай орналастырып, биік қақпаның қасына әкеліп қойып, салыстырады, қайсысы биік, қайсысы аласа қақапа екенін салыстырады. Балалар іс – әрекетіне бақылау мен басшылық жасалады. |
Балалар түсіне қарап текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, бір – біріне жақындатады, үстіне көлденең кірпіш қояды. Балалар екінші аласа қақпаны да құрастырады оны салыстырады. |
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тәрбиеші балалардың қақпаларды қалай құрастырғанын, құрылыс материалдарын тиімді пайдалана алғандарын, түстерді дұрыс ажырата алғанын және оны кеңістікте дұрыс ажырата алғанын және оны кеңістікте дұрыс орналастырғанына қарай еңбек нәтижелері қортындыланып, мадақтайды.
|
«Биік», «аласа» ұғымдарын қайталап, қандай қақапа жасағанын айтып береді.
|
Күтілетін нәтижелер:
Біледі Қақпа құрастыруға сәйкес құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды.
Игереді: «Биік», «аласа» ұғымдарын және оны іс – әрекет барысында көрсете алуды.
Меңгереді: Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді.
Толтырған: Шетірова.Ә.Б
Толтырған күні: 27.10.2014