Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык техн карт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.72 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:денсаулық

Оқу іс-әрекеті:Дене шынықтыру

Тақырыбы:Цирктегі жануарлар

Мақсаты:допты қақпа арқылы домалатуға үйрету. Шектелген алаң мен тепе теңдік сақтай жүруді бекіту.Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Аяқ бұлшықеттерін дамыту. Еркін қимыл жасауға талпындыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншық жануарлар,екі ұзын жіп.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Цирктегі жануарлар».-Жануарлардың жүрісін бейнелейміз.

Бір аяқтың ұшымен жүреміз.Содан соң өкшемен жүреміз.Түлкіше жайлап жүреміз,маймақ аю сияқты,қорқақ қоян сияқты,сұр қасқыр сияқты түрлі бағытта жүреміз.

Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру кезеңі

Жалпы дамыту жаттығулары:

1.сұр қоян құлағын қысып отыр,қысып отыр (алақанмен басу),сұр қоян ақырын құлағын ысқылап отыр.

2. «Шапалақ»аяқ сәл алшақ,қол төмен.қолды шетке созып,жоғары көтеріп,қол шапалақтау.Қолды шетке созып,төмен түсіру,дем шығару. У-у-х.4-5рет.

3. «Бауырсақ»етпетінен жату,кезек-кезек бір жаққа,келесі жаққа аунау.Әр жаққа 3реттен.

4. «Тізе қайда?» еденде отыру,қол төмен.Оң (сол) аяқты өзіне қарай тартып,тізені қолмен қапсыра ұстап,тізеге басты салу.Тізе міне деу 5рет.

5. «Пыр-пыр»аяқ бірге,қырынан жату,қол бетінің астында.Тізені бүгу,аяқты қарынға қарай тарту:Марғау ұйықтап жатыр.Марғау оянды-қолмен еркін қозғалыс жасау,демді ішке тарту: «пыр-пыр-пыр»-деп дем шығару 4-5рет.

6. «Аңдар биі»қол шапалақтау,аяқты тарсылдату.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-ирелең жолмен жүру.

-ұзындыққа бір орнында тұрып секіру.

Қимылды ойын. «бермеймін».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагогті мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз ойын:

«тауып көр».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұзындыққа бір орнында тұрып,аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруді.

Игереді: секіру кезінде қолдарын екпінді қимылмен жаза білу керектігін.

Меңгереді:жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Шетірова .Ә.Б

Күні: 31.12.2014ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:денсаулық

Оқу іс-әрекеті:Дене шынықтыру

Тақырыбы:Цирктегі жануарлар

Мақсаты: Ұзындыққа бір орында тұрып,аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруге үйрету.Шектелген алаңмен тепе-теңдік сақтай жүруді бекіту.Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуын қадағалау.Аяқ бұлшықеттерін дамыту,еркін қимыл жасауға талпындыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншық жануарлар,екі ұзын жіп.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Цирктегі жануарлар».-Жануарлардың жүрісін бейнелейміз.

Бір аяқтың ұшымен жүреміз.Содан соң өкшемен жүреміз.Түлкіше жайлап жүреміз,маймақ аю сияқты,қорқақ қоян сияқты,сұр қасқыр сияқты түрлі бағытта жүреміз.

Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру кезеңі

Жалпы дамыту жаттығулары:

1.сұр қоян құлағын қысып отыр,қысып отыр (алақанмен басу),сұр қоян ақырын құлағын ысқылап отыр.

2. «Шапалақ»аяқ сәл алшақ,қол төмен.қолды шетке созып,жоғары көтеріп,қол шапалақтау.Қолды шетке созып,төмен түсіру,дем шығару. У-у-х.4-5рет.

3. «Бауырсақ»етпетінен жату,кезек-кезек бір жаққа,келесі жаққа аунау.Әр жаққа 3реттен.

4. «Тізе қайда?» еденде отыру,қол төмен.Оң (сол) аяқты өзіне қарай тартып,тізені қолмен қапсыра ұстап,тізеге басты салу.Тізе міне деу 5рет.

5. «Пыр-пыр»аяқ бірге,қырынан жату,қол бетінің астында.Тізені бүгу,аяқты қарынға қарай тарту:Марғау ұйықтап жатыр.Марғау оянды-қолмен еркін қозғалыс жасау,демді ішке тарту: «пыр-пыр-пыр»-деп дем шығару 4-5рет.

6. «Аңдар биі»қол шапалақтау,аяқты тарсылдату.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-ирелең жолмен жүру.

-ұзындыққа бір орнында тұрып секіру.

Қимылды ойын. «бермеймін».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагогті мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз ойын:

«тауып көр».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұзындыққа бір орнында тұрып,аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруді.

Игереді: секіру кезінде қолдарын екпінді қимылмен жаза білу керектігін.

Меңгереді:жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Сырымбетова.І.С

Күні: 31.12.2014ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы:таным

Оқу іс әрекеті:қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта».

Мақсаты:таңертең (таң)-тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:бір-бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар.

Сөздік жұмыс:Шаршы.

Билингвальді компонент:шаршы-квадрат.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қоямын.Балаларды қызықтырып,олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?»-деп сұраймын.

-Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты.Кәне,оны іздеп көрейік.

-Балалар ,аю бізге геометриялық фигура-шаршыны ала келіпті.

Аю:

-Балалар,сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме?Мен сендерге шаршы ала келдім.Жұмыс дәптерлеріңді ашып,тура осындай фигураның суретін табыңдар.

Қызығушылық танытады.

«Аю»,-деп жауап береді.

Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады.

-Шеңбер.

-Иә.

Дәптерлерін ашып,суретті табады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.

Жаңа геометриялық фигураны –шаршыны қарастыруларын сұраймын.

Сөздік жұмыс:шаршы.

Билингвальді компонент:шаршы-квадрат.

Балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырамын.Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен,ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтамын.

Сұрақтар:

-Балалар,қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?

-Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады?

Жеке жұмыс жүргіземін.

«Жауабын кім табады?»ойыны.Балаларға екі қыздың суретін көрсетіп.

-Бұлар апалы-сіңлілі қыздар,олар бір-біріне қатты ұқсайды.Ал олардың бір-бірінен айырмашылығын тек ең зерделі бала ғана таба алады.

-Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Сергіту минуты: «Маймақ аю».

Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз,содан кейін өкшелеп жүреміз.Аяғымыздың ұшымен жүреміз,одан кейін жылдам жүріске ауысып,аяғында жүгіреміз.

«Жол көрсетіп жібер»ойыны.

Балаларға жұмбақ жасырамын.

«Жазда қыдырады,

Қыста апанда жатып,

Тынығады».

(Аю).

Аю жұмбақтыңөзі туралы екендігіне қуанады.Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтамын.Балаларға сұрақтар қоямын.

-Менің сол жағымда не бар?

-Ал оң жағымда не тұр?

Аю балалардан сұрайды:

-Балы бар бөкшені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек?

Балаларға бал құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырамын.

Қарастырады.

Қайталайды.шаршы.

Қайталайды:шаршы-квадрат.

Тапсырманы орындайды.

Балалар жауап береді:

-Үлкен.

-Кішкентай.

-Шаршы.

Балалар суретке назар аударады.

-Қыздардың біреуінің бұрымы қысқа,ал екіншісінің бұрымы ұзын.

Педагогтің айтқанын орындайды.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

-Аю.

-Аралар.

Балалар жауап береді.

-Сол жағыңда ара бар.

-Оң жағыңда бал құйылған бөшке тұр.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін,балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура-шаршыны сыйға тартады.Қоштасып,кетеді.

-Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады?

Қуанады.

-Шаршы.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:геометриялық фигураларды-шаршыны,шеңберді;

Түсінеді:геометриялық фигураның –тіктөртбұрыштың айырмашылығын;

Қолданады:қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды;оң жақта,сол жақта орналасқанды анықтауды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Шетірова Ә.Б

Күні: 31.12.2014ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы:шығармашылық.

Оқу іс-әрекеті:мүсіндеу.

Тақырыбы: «Аққала».

Мақсаты:балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру;домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту;қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,үлгі,ермексаз,тақтайша,сулық.

Сөздік жұмыс:қар ұшқындап,жапалақтап,борандатып жауады.

Билингвальды компонент:аққала-снеговик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға қыс туралы өлең оқимын.

Қыс келді,қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жол аппақ түске енді,

Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.

Ә.Ысқақбаев.

-Неге жердің бәрі аппақ?

(Жерде жасанды қарлар жатады).

-Қар ұлпалары неге ұқсайды?

-Қар ұлпалары қандай керемет,өрнектері де бар екен.Ал мына қарлар еріп,жабысып,домалақтанып қалыпты.Осы қарларды тездетіп,екіге бөлініп,жинап тастауларын сұраймын.

-Қазір жылдың қай мезгілі?Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылаймыз.

Балалар өлеңді тыңдайды.Топ ішін аралап жүріп,таңданады.

-Өйткені жердің бетін қар жапқан.

-Жұлдызшаға ұқсайды.

Қар ұлпаларын тамашалайды.Екі ыдысқа бөліп жинайды.

-Қыс мезгілі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Даланың бәрі қандай?

-Иә,қыстың сәні қар демекші,айналаның бәрі қар.

-Ауа райы қандай?

-Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?

Билингвальды компонент:аққала-снеговик.

-Аққала неше бөліктен тұрады?

-Мұрнын,көзін неден жасайды?

-Түстері қандай?

-Аққаланы неден жасайды?

Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көреміз.Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсетемін.

-Бұл қарды қайдан алдым?

-Қар қайдан пайда болды?

Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып,жерге жауып түседі екен.Олар әртүрлі болып жауады:

-ұшқындап жауады;

-жапалақтап жауады;

-борандатып жауады т.б түрлері бар.

Балаларға жауған қардың суретін көрсетемін.

Сергіту сәті:

-Балалар,қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.

-Қар қандай,суық па,жылы ма?

-Қардың түсі қандай?

-Күнге шағылысқанда қандай болады?

-Қар ауыр ма,жеңіл ме?

-Қар таза ма,жеуге бола ма?

-Балалар,қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші:бірінші-үлкен домалақ жасадық,екінші-орташа домалақ жасадық,оны үлкен домалақтың үстіне қойдық,үшінші-кішкене домалақты жасадық та,орташа екінші домалақтың үстіне қойдық.Басына шелек кигіздік.

-Балалар,бұл Аққала менің досым.Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме?

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:

-ермексазды әртүрлі үш бөлікке бөлу;

-бөліктерді алақан арасына салып,домалақтау;

-үлкен бөлікті астына қою,орташа бөлікті ортасына,кіші бөлікті үстіне қою;

-бөліктерді бір-бірімен біріктіру;

-қолын таяқшалардан жасау.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетемін.

Аққалаға-досына ат қойғызамын.

Сұрақтарға жауап береді.

-Қарлы,аппақ.

-Суық.

-Шанамен,шаңғымен,конькимен сырғанақ тебеді,аққала жасап ойнайды.

«Аққала-снеговик»сөзін қайталайды.

-Үш бөліктен тұрады.

-Сәбізден,көмірден жасайды.

-Қызғылт сары,қара.

-Қардан жасайды.

-Даладан.

-Аспаннан жауып,жерге түсті.

Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды.

Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

-Суық.

-Қардың түсі аппақ.

-Күмістей жарқырайды.

-Аспаннан жауғанда жеңіл.Жерде жатып көбейгенде ауыр.

-Қарды жеуге болмайды.Таза емес.Тамақты ауыртады,микробы бар.

-Иә

Аққаланы мүсіндеу әдіс-тәсілімен танысады.

Балалар Аққаланы мүсіндейді.

Аққалаға-досына ат қояды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін.

Балалардың жұмысын талдап,мадақтаймын.

Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды.Өз текшелеріне қояды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:әртүрлі көлемдегі домалақтарды біріктіреді,ұсақ элементтерін толықтырады;

Түсінеді:аққаланың қыста ғана болатынын;

Қолданады:әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:Сырымбетова.І.С

Күні:29.12.2014 ж

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Орман тұрғындары

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту. Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жабайы жануарлар бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмысы: Орманда тіршілік ететіндер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір шеңбер бойымен жүріп , біз қоршаған ортамен амандасамыз.

Армысың, ашық Күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, еркін жел!

Армысың, достарым!

Сендерді көрсем қуаным!

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар бүгін біз жабай жануарлармен танысамыз. Жабайы жануарлар - өз беттерімен тіршілік ететін жануарлар.

Жұмбақ:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті,

Құйрығы үлпілдек жүнді.

(Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады,

Кіп – кішкене арадан

Үп – үлке боп қорқады.

(Аю)

-Бұлар - жабай жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.

-Аюды сипаттайық, ол қандай? (Үлкен, қалың жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр).

Қасқыр мен түлкініде сипаттаймын.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал қайсысы ең кішкентай? (Аю – ең үлкен, түлкі аюдан кіші, ал қоян ең кішкентай)

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлерден,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдерін қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жабайы жануарлардың сипаттық белгілері бойынша оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

Игереді: Жабайы жануарлар туралы берілген мліметтерді.

Меңгереді: Жабай жануарлардың жүріс – тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын.

Толтырған: Сырымбетова.І.С

Толтырған күні: 30.12.2014

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Мерекеге барамыз

Мақсаты: Гимнастикалық орындықпен дененің тепе –теңдік сақтап жүруге үйрету. Қимылды музыка ырғағына сәйкес орындау дағдыларын дамыту. Дене түзілісі мен басты дұрыс ұстауларын қадағалау.

Қолданылатын құрал – жабдықтар: Әр балаға 2 жалауша, гимнастикалық орындық.

Оқу іс - әрекеті

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балардың іс – әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

Төмендегі тапсырмаларды орындатамын.

«Мерекеге барамыз». Қолға жалауша ұстап, мерекелік, қуанышты көңіл күймен музыка ырғағына сәйкес еркін, жәй жүру;белгіленген бағытта кубиктердің арасымен «ирелең» тура бағытта, жүгіру. Аяқпен алам – кезек еркін секіре жүгіру. Сапқа тұру.

Тапсырманы мұқият тыңдап, орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1.«Жоғары сермеу» Аяқ сәл алшақ, жалаушалармен қол төмен. Жоғары – төмен көтеру.

2. «Шетке» Аяқ иық деңгейінде алшақ, жалаушалармен қол шетке созулы. Алға еңкею – солға сермеу, алға еңкею – оңға сермеу.

3. «Жалаушамен тарсылдат» Жалаушамен қолды алға созу, жалаушамен тарсылдат, қолды төмен түсіру.

4.«Күнге қол бұлғайық» аяқ иық деңгейінде алшақ, жалаушалармен қол арытта. Жалаушалармен қолды көтеру оңға (солға) бұрылу.

5. «Секіру» аяқ сәл алшақ, жалаушалармен қолды сермей 8 – 10 рет секіру.

Дем алу жаттығуы: «Демді ішке тарту – демді шығару»

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:

-Адымдап жүріп, тізбекке тұру;

-Гимнастикалық орындықпен жүру.

Қимылды ойын: «Тегіс шеңбер»

Жаттығуды орындайды

Жаттығуды мұқитя тыңдап орындайды

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім:

Қимылы аз ойын: Көршіңе

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Адымдап жүріп, тізбекке тұруды.

Түсінеді: Жаттығулардың маңызын

Қолданылады: Жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Толтырған: Сырымбетова.І.С

Толтырған күні: 17.02.2015