Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
технология карта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.71 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінң технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс – әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Құстар

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимылын – қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету, Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: Құстар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалалрдың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларға құстардың жылы жақтан келуі, балалардың құстарға арнап ұя жасап жатқан суреттерін көрсете отырып көктемдегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелейді. балаларға құстардың қалай ұшатынын, дыбысын, қимыл – қозғалысын көрсетемін. құстарды қорғап, қамқор болу керектігін түсіндіремін.

Сөздік жұмыс: Құстар, торғай

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Құстар,торғай.

Ұйымдастырушылық кезеңі

Балаларға құстардың суретін салуды ұсынамын ол үшін дайын сурет үлгісі бойынша құстардың денесі сопақша, дөңгелекке, тұмсығы, қанаттары, құйрығының үшбұрышқа ұқсайтындығын түсіндіремін. Дайын суретті бояу қарандашпен біркелкі тегіс бояауларын ұсынамын.

Сергіту сәті:

Торғай болып ұшайық,

Ұшып – ұшып қонайық.

Бүркіт болып аң аулап,

Қыран құс боп самғайық.

Балалар суретке қарап, құстың дене бітімін сипаттап айтады.

Суретті түрлі-түсті қарындашпен сызықтардың шетіне шығармай бояйды.

қимылдар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Құстарға әрдайым қамқор болу керектігін айтамын. Балалармен бірге талдау жасап, қандай құстың суретін салғанын сұрап, балаларды мадақтаймын.

Құстарды атап айтады.

Кім қандай сурет салғаны жайында өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстарды қорғап, қамқорлық жасау керектігін.

Игереді: құстардың көктемгі тіршілігі жайындағы түсініктері

Меңгереді: құстың суреті сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды.

Толтырған:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Мерекеге барамыз

Мақсаты: төмпешіктер үстінен тізені жоғары көтеріп, еденнен екпінмен серпіле, серпілу мен қолды сермеу қимылын үйлестіре және тепе- теңдік сақтап жүруге үйрету. Қимылды музыка ырғағына сәйкес орындау дағдыларын дамыту. Дене түзілісі мен басты дұрыс ұстауларын қадағалау.

Көрнекіліктер: әр балаға 2 түсті жалаушалар, үй макеттері, төмпешіктер.

Оқу іс-әрекетінің

түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Мерекеге барамыз». Қолға жалауша

Ұстап, мерекелік, қуанышты көңіл күймен музыка ырғағына сәйкес еркін, жай жүру; белгіленген бағытта сапта, заттар (үйлер) арасымен «ирелең», тура бағытта жүру, жүгіру. Аяқпен алма-кезек еркін секіре жүгіру. Сапқа тұру, қайта құру барысында бір-бірінен арақашықтықты жай адыммен алшақтату.

Мұқият тыңдайды,

дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

1 «Жоғары сермеу». Б.қ аяқ сәл алшақ, жалаушалармен қол төмен .Жоғар- төмен сермеу, жоғары қарау.; бастапқы қалыпқа оралу. 3-4 рет

2. «Шетке». Б.қ: аяқ иық деңгейінде алшақ, жалаушалармен қол шетке созулы. Алға еңкею- солға сермеу, бастапқы қалыпқа оралу.

3. «Аяқты түзу ұста» Б.қ жалаушалармен қолды иыққа қойып , аяққа тіреліп отыру. Жалаушалардың қалпын өзгертпей аяқты бүгу, жазу 2-3 рет тыныс алу, жалаушалармен бұлғау, төмен түсіру; бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.

4. «Күнге қол бұлғайық». Б.қ: аяқ иық деңгейінде алшақ , жалаушалармен қолды жоғары көтеру, оңға (солға) бұрылу, күнге жалаушалармен бұлғау; бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.

5. «Секіру». Б.қ: аяқ сәл алшақ, жалаушалармен қол иықта. Жалаушалармен қолды сермей 8- 10 рет секіру, жүру. 3-4 рет.

Дем алу жаттығуы: «Демді ішке тарту- демді шығару! Тік тұрып түзелу, қолды жоғары көтеру- демді ішке тарту; алға еңкею, қолды бұлғау- демді шығар».

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-адымдап жүріп, тізбекке тұру;

- бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан төмпешіктер үстінен жүру.

Қимылды ойын: «Тегіс шеңбер».

Жалпы дамыту жаттығу-ларын орындайды.

Мұқият тыңдайды, тапсырманы орындайды.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Қорытынды: «Серуенге» ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: адымдап жүріп,тізбекке тұруды; бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан төмпешіктер үстінен жүруді.

Игереді: жаттығулардың маңызын

Меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,

Толтырған:

Күні: