Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
технология карта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.71 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Тіл дамыту

Оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз ( дидактикалық ойыны)

Мақсаты: Тәрбиеші көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім – кешектерді, істелінетін әрекеттерді, түсті білдіретін сын есімдерді атауды үйрету. «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру. Киімді ұқыпты, таза киюге, киінудің реттелген сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Демонстрациялық материал

Сөздік жұмыс: Тон, малақай

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біздің топта ұл – қыздар.

Тату – тәтті ойнаймыз,

Айналаға бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймын.

Тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Қайрылы таң!

-Бүгіні ауа райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгіліне қалай киінеміз?

Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді.

1. Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет.

2. Балалар киінгенде бір – біріне көмектесу керектігін ұсынады.

-Балалар біз, өзімізбен бірге топтағы қуыршақты серуенге шығарайық. Ол сендермен бірге серуенде ойнағысы келеді. Бұл қуыршаққа Амина деп ат қояйық. Серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз?

-Ол серуенге шығу үшін қандай киімдер киеді?

-Малақай – құлағы бар жылы баскиім.

Қуыршақ Әминаны серуенге киіндіруді ұсынады.

«Т» дыбысының дұрыс, анық айтыуына мән беру.

Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

-Балалар, тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-Дұрыс «Т» дыбысы. («Т» дыбысын қайталау)

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Жілбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!

«Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: Қыстық киімдерді реттімен атау.

Балалардың жауабы

1.Киінудің реттілігін сақтайды.

2.Балалар киінгенде бір – біріне көмектеседі.

Қуыршақ Әминамен амандасады.

-тон, жейде, малақай, етік, шалбар, жемпір.

Балалар тәрбиешімен бірге қуыршақты киіну реттілігін сақтай отырып киіндіреді, серуенге қалай киіндіретіндерін айтады.

«Т» дыбысын бірнеше рет қайталап айтады.

Саусақтарын біріктіріп, үшке дейін санайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Оқу іс – әрекетін сұрақ – жауап арқылы қорытындылайды.

-Қуыршақ Әминаны серуенге шығару үшін қалай киіндірдік?

-Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер?

Сұрақтарға толық жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Т» дыбысы кездесетін сөздерді қайталауға арналаған тапсырмаларды;

Игереді: Әр жыл мезгіліне қарай киім түрлерін, оның ішінде қысқы киімдерқалай кию керектігін;

Меңгереді: Қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Толтырған: Шетірова.Ә.Б

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Суретші қыс» (өлең)

Мақсаты: Өлең көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс – тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер

Сөздік жұмыс: Суретші,ақ мамық

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шеңберге тұрып өздерінің жылы лебіздерін бір – біріне айтады.

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Өздерінің жылы лебіздерін айтады

Қыс

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Қыс несімен қызықты?

-Қандай ойындар ойнаймыз?

-Олай болса, бүгінгі оқу іс – әрекетінде К.Нүсіповтың «Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз.

«Суретші қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің мазмұнын ашу.

«Қар жинау» қозғалысты ойын.

Өлеңді жаттау.

Сұрақтарға жауап береді.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Ойын ойнайды

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар, біздің жаттаған өлең шумағымызда не туралы айтылған?

2 – 3 баладан тақпақта жатқа сұрау.

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлеңді жатқа айтуды.

Игереді: Ойын арқылы қыс мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді: Өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

Толтырған: Шетірова.Ә.Б

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Орман тұрғындары

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту. Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жабайы жануарлар бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмысы: Орманда тіршілік ететіндер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір шеңбер бойымен жүріп , біз қоршаған ортамен амандасамыз.

Армысың, ашық Күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, еркін жел!

Армысың, достарым!

Сендерді көрсем қуаным!

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар бүгін біз жабай жануарлармен танысамыз. Жабайы жануарлар - өз беттерімен тіршілік ететін жануарлар.

Жұмбақ:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті,

Құйрығы үлпілдек жүнді.

(Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады,

Кіп – кішкене арадан

Үп – үлке боп қорқады.

(Аю)

-Бұлар - жабай жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.

-Аюды сипаттайық, ол қандай? (Үлкен, қалың жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр).

Қасқыр мен түлкініде сипаттаймын.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал қайсысы ең кішкентай? (Аю – ең үлкен, түлкі аюдан кіші, ал қоян ең кішкентай)

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлерден,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдерін қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жабайы жануарлардың сипаттық белгілері бойынша оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

Игереді: Жабайы жануарлар туралы берілген мліметтерді.

Меңгереді: Жабай жануарлардың жүріс – тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын.

Толтырған: Шетірова Ә.Б

Толтырған күні: 2.12.2014

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Оқу іс – әрекеті: жапсыру

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»

Мақсаты: жаңа Жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: дайын аппликация үлгілері.

Сөздік жұмысы: шырша, шам.

Билингвальді компонент: Жаңа жыл – Новый Год, шырша- елка

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Қол алысып,кәне,біз,

Достасайы бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыммен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс- әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

-Жаңа Жылда не істейміз?

-Шыршаның түсі қандай болады?

-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?

-Олай болса, шыршамызды безендіреміз. Шыршаны безендірсек болады?

Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз.

Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.

Төменгі жағынан 3 түсті: қызыл, сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Жоғарғы жағына: қызыл,сары: оның жоғарғы жағына қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғарғы жағына: сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты,бірақ бір нәрсе жетіспейді.

-Балалар шыршамызды безендірдік, алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар жұлдызша?

- Жұлдызымыздың түсі қандай?

-Ол неше бұрышты?

-Жұлдызшан шыршаныңт ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне Жаңажылдық шыршамыз дайын болды.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай боламыз,

Өсіп- өніп толамыз.

Көкке қарай талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз

Қарылғаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып аламыз.

Балалармен жеке жұмыс өткіземін.

-Қыс мезгілі.

Жаңа Жыл мерекесін білеміз.

Қайталайы: шырша, шам.

-Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.

Шыршаның түсі жасыл болады.

-Иә, сыйлық алғымыз келеді?

Түрлі түсті дөңгелектермен.

Балалар тәрбиешінің іс әрекетін бақылап, айтқанын мұқият тыңдайды.

-Жұлдызша.

-Қызыл

-Бесбұрышты.

Балалар қуанады.

Балалар сергіту сәтін

Тәрбиешімен бірге қайталап, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жаңажылдық шыршаны безендіреді. Балалар тақтадағы жұмыстарын тәрбиешімен бірге талдайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?

-Шыршаны біз немен безендірдік?

Жарасыңдар, балалар!

-Шыршаны.

-Иә, ұнады.

-Түрлі-түсті дөңгелектермен.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;

Игереді: Жаңа жыл мерекесінің символы шырша екенін.

Меңгереді: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Толтырған: Шетірова Ә.Б

Толтырған күні: 17.12.2014

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Түрлі түсті автомобильдер.

Мақсаты: Кегельге дейін еңбектеп барып, кегельді алу, тұру, түзелуді үйрету. Иық бұлшықеттерін, қол басын дамыту. Бейнелі қимыл бере білу, тепе- теңдік сақтау, ептілік пен төзімділік қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: руль, биктігі 10 см заттар, кегельдер, қасқыр мен қойлар бетперделері.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбишінің іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация

лық

қозғаушылық

Тапсырмаларды орындау.

« Түрлі түсті автомольдер». Қолға руль ұстап, бірінің соңынан бірі аяқты тарсылдатып, түрлі түсті автомобильдерде келе жатқан қимыл бейнелеу; аяқты алға қарай өкшеге қойып, сергек адыммен жүру; « түзу, ирелең» жолмен жүгіру. Қызыл түсте «тоқта»деген белгіні орындау. Қатарға тұру, сызық бойымен түзелу ( көрнекі бағыт бойынша).

Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру

шылық ізденістік

Жалпы дамыту жаттығулары.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету.Балалардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Шығыршықпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

  1. « Рульді алға». Б.қ. аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Рульді алға созу, « алға» деу; Рульді артқа, « артқа» деу. ( Қарқынды өзгерту) 4-5 рет.

  2. « Рульді тізеге». Б.қ.: аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Алға еңкейю, рульдіі тізеге қою: дем шығару; бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет.

  3. «Еденге қой, ал». Б.қ.: аяқ алшақ, қол артта. Сәл отыру, «еденге қой» деу; тік тұрып түзелу; сәл отыру, « рульді ал» деу; 4-5 рет.

  4. «Еденді тарсылдат». Б.қ.: рульмен қолды кеудеге қойып, шалқадан жату. Рульді шетке созып, еденді тарсылдатып: « тук-тук-тук» деу, бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет.

  5. « Рульге тиіп кетпе». Б.қ.:аяқ бірге, қолды артқа қойып тіреле отыру, руль еденде. Аяқты түзу көтеріп, рульдің үстінен оңға, солға қарай апару.3-4рет.

  6. « Рульдің айналасында». Рульдің айналасында секіру, жүруменстыру.

Дем алу жаттығуы: « Түрлі түсті рульдер» Қызыл руль? Ақ руль? Жасыл руль? Енді осы рульдерді бірге жоғары көтеріп, қолды ауыстырып, « дем алу- дем шығару».

Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары:

- Еденде жатқан заттардан аттау ( заттардың арақашықтығы 25 см);

- Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеру.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Негізгі қимыл қозғалыс жаттығуларын орындайды.

Рефлексия

лық түзетуші

лік

Қорытынды бөлім.

Қимылды ойын: « Тез өз орныңа».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еденде жатқан заттардан аттауды ( заттардың арақашықтығы 25 см); Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызын.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Картаны толтырғанШетірова.Ә.Б

Күні айы жыл:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оқу іс- әрекеті: Сурет салу.

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою- өрнегінің екі элементі ( жолақша).

Мақсаты: Өрнекті кілемшені қазақтың ою- өрнек элементтерімен әшекейлей білуге үйрету. Ою- өрнектер туралы түсініктерін дамыту. Кілемшені « Қой ізі» және «ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету. Бояуды дұрыс пайдалана білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер.

Сөздік жұмыс: « қой ізі», «ирексу».

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбишінің іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация

лық

қозғаушылық

Балалардың назарын жайлаудың суретіне аудару. Жайлау өмірі жайында түсіндіріп, малдар жайлы, олардың төлдері туралы әңгімелеу. Олардың қалай дыбыстайтынын сұрау. Қазақтың ою- өрнектері, олардың түрлері жайлы әңгімелеп, түсіндіру. Бүгін ою- өрнектер элементтерінің бірі « ирексу» және «қой ізі » өрнектерін салып үйренетіндерін айту.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Табиғат көрінісін, жайлаудың бейнесін тамашалап, олар туралы өз ойларын әңгімелеп айтады. Төрт түлік малдың қалай дыбыстайтынын салып көрсетеді. Қазақ ою- өрнектерінің түрлерін қайталап айтады.

Ұйымдастыру

шылық ізденістік

Балаларға кілемшенің дайын суреті салынған сурет тарату.Белгілі бір түске боялған жолақшаға « қой ізі» мен « ирексу» өрнегін қалай салудың жолдарын түсіндіру. Қатырмақағаздан жасалған сұлбаны ( қой ізінің бейнесі) батырып, жолақшаның төрт бұрышына оның бейнесін түсіруді жасап көрсету. Қылқаламның ұшымен жолақшаның ортасына « ирексу» өрнегін қалай сызу керектігін түсіндіру.

Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Ою- өрнек сызайық.

« Түйетабан», « ботакөз»,

« Қой ізі» мен «қос мүйіз»,

« Бүршік » пен « гүл» әдемі,

Ою- өрнек әлемі.

Қылқаламды алайық,

Сәнді өрнек салайық.

Балаларға дайын үлгілерді тарату. Қатырмақағаздан жасалған сұлбаны дайын бояуға батырып, үлгідегі жолақшаның төрт бұрышына сұлбаның бейнесін түсіреді.

Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексия

лық түзетуші

лік

Қорытындылау.

Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың ұлттық ою- өрнектерін.

Игереді: « ирексу», « қой ізі» ою- өрнек элементтерін.

Меңгереді: қылқаламмен ирек сызықты түсіруді, біркелкі бояуды.

Картаны толтырған: Шетірова.Ә.Б

Күні айы жыл: 18.12.2014

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Түрлі түсті автомобильдер.

Мақсаты: Кегельге дейін еңбектеп барып, кегельді алу, тұру, түзелуді үйрету. Иық бұлшықеттерін, қол басын дамыту. Бейнелі қимыл бере білу, тепе- теңдік сақтау, ептілік пен төзімділік қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: руль, биктігі 10 см заттар, кегельдер, қасқыр мен қойлар бетперделері.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбишінің іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация

лық

қозғаушылық

Тапсырмаларды орындау.

« Түрлі түсті автомольдер». Қолға руль ұстап, бірінің соңынан бірі аяқты тарсылдатып, түрлі түсті автомобильдерде келе жатқан қимыл бейнелеу; аяқты алға қарай өкшеге қойып, сергек адыммен жүру; « түзу, ирелең» жолмен жүгіру. Қызыл түсте «тоқта»деген белгіні орындау. Қатарға тұру, сызық бойымен түзелу ( көрнекі бағыт бойынша).

Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру

шылық ізденістік

Жалпы дамыту жаттығулары.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету.Балалардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Шығыршықпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

  1. « Рульді алға». Б.қ. аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Рульді алға созу, « алға» деу; Рульді артқа, « артқа» деу. ( Қарқынды өзгерту) 4-5 рет.

  2. « Рульді тізеге». Б.қ.: аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Алға еңкейю, рульдіі тізеге қою: дем шығару; бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет.

  3. «Еденге қой, ал». Б.қ.: аяқ алшақ, қол артта. Сәл отыру, «еденге қой» деу; тік тұрып түзелу; сәл отыру, « рульді ал» деу; 4-5 рет.

  4. «Еденді тарсылдат». Б.қ.: рульмен қолды кеудеге қойып, шалқадан жату. Рульді шетке созып, еденді тарсылдатып: « тук-тук-тук» деу, бастапқы қалыпқа оралу; 4-5 рет.

  5. « Рульге тиіп кетпе». Б.қ.:аяқ бірге, қолды артқа қойып тіреле отыру, руль еденде. Аяқты түзу көтеріп, рульдің үстінен оңға, солға қарай апару.3-4рет.

  6. « Рульдің айналасында». Рульдің айналасында секіру, жүруменстыру.

Дем алу жаттығуы: « Түрлі түсті рульдер» Қызыл руль? Ақ руль? Жасыл руль? Енді осы рульдерді бірге жоғары көтеріп, қолды ауыстырып, « дем алу- дем шығару».

Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары:

- Еденде жатқан жіптен секіру.

- Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеру.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Негізгі қимыл қозғалыс жаттығуларын орындайды.

Рефлексия

лық түзетуші

лік

Қорытынды бөлім.

Қимылды ойын: « Тез өз орныңа».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еденде жатқан заттардан аттауды ( заттардың арақашықтығы 25 см); Кегельге дейін еңбектеп барып, шығыршықты, кегельді 2 қолмен алу, тұру, түзелу, затты бастан жоғары көтеруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызын.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Картаны толтырғанШетірова.Ә.Б

Күні айы жыл:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:шығармашылық

Оқу іс – әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз»

Мақсаты:Жыл басы-Наурыз туралы мағлұмат беру ; Наурыз мерекесінің ерекшелігі, ұйымдастырылуы туралы түсініктерін іғ қалптастыру сәндік аппликация дағдыларын қалптастыру; Наурыз мерекесіне деген сүйіспкншілікті тәрбиелеу.

Көрнекілігі:үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,сүреткіш

Билингвальды компонент:жыл басы- начало года

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Қонқтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме»-деп , сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар шеңберге тұрып,педагогтің іс- әрекетін орындайды.

Балалар педагогпен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру

кезеңі

-Балалар ,наурыз айындағы мерекелерді есімізге түсірейкші.

22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы.

Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап,үй аралап қонаққа барады.

Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық.

-Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз.

-Балалар, кілімді немен әшекейлесек болады?

-Балалар , гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

-Сабағының түсі қандай екен?

Билингвальды компонент: Жыл басы – начало года

Негізгі бетке (фон) қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 гүл жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай балаламыз,

Өсіп – өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығыштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

-Балалар Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі

22 Наурыз – Жыл басы, Наурыз мерекесі

Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.

Гүлдермен әшекейлейміз

Төртбұрышқа ұқсайды

Жасыл

Қайталайды

Тәрбиешімен бірге жасайды

Бірге қайталайды

Балалар кілемді безендіреді

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың жасалған жұмысына баға беремін.

Балаларды мадақтаймын

Жасаған жұмыстарын көрсетеді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді

Игереді: геометриялық фигураларды, ұлттық мейрамды, салт - дәстүріміздің ерекшелігін.

Меңгереді: Кілемді гүлмен безендіруді.

Толтырған:

Толтырған күні.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: 8Наурыз – аналар мерекесі

Мақсаты: Халықаралық мереке – 8 Наурыз мерекесімен таныстыру. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

Көрнекіліктер: 8Наурызға арналған тақырыптық суреттер.

Сөздік жұмыс: қолы шебер

Билингвальды компонент: мереке – праздник, ана – мама, сыйлық – подарок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Қайрлы таң балалар! Кәне біріміз бір – бірімізге жылы сөздерімізді айтып, сабағымызды бастайық.

Балалар бізге біреу хат тастап кетіпті ашып, оқып көрейік.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен құрметті аналар!

Балалар сабақты жақсы сөздерімен бастайды

Ұйымдастыру кезеңі

Қандай мереке жақындап келе жатыр?

Дұрыс айтасыңдар «8Наурыз»

Көктем – жыл мезгілі.

Көктем келсе күн жылынып шуағын шашады. Қар астынан қылтиып жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар келе бастайды. Міне осы кезде алғашқы көктем мерекесі – 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесі аталып өтіледі. Бұл мерекеде қыздарды, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ айтып, гүл сыйлапқұттықтау дәстүрге айналған.

Билингвальды компонент: Мереке – праздник, ана – мама, сыйлық – подарок.

Барлықтарының аналарың өте жақсы адамдар, барлығы өз мамндықтары бойынша еңбектеніп, айналасындағыларға көмек береді.

Кәне аналарымыздың мамандықтары туралы айтып берейік.

-Балалар кез келген ананың қолы шебер. Өйткені олар дәмді етіп ас әзірлейді. Киім де тігеді, яғни қолдарынан бәрі келеді. Сондықтан қолы алтын дейді.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды

Қайталайды.

Мамандықтарын айтады

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже.

Біледі: Әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілген тапсырманы.

Игереді: 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі екенін .

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері.

Тақырыбы: Үрмебұршақты отырғызу.

Мақсаты: Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы біім беру. Тұқым отырғыза білу ағдыларын игерту. Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктер: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қорапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, аламан ойыншығы, стекалар.

Сөздік жұмыс: тұқым.

Билингвальды компонент: үрмебұршақ-фасоль, отырғызу-посадить.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, бізге қонаққа

Балалар, аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Бірақ оны қалай отырғыз керектігін білмейді. Балалар аламанға көмектесеміз бе?

Балалар оқу іс- әрекетке белсене қатысады, алжапқыштарын киеді.

-Көмектесеміз.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Білімді өзектендіру.

Үрмебұршақтын суретін көрсетеді.

-Бұл ненің суреті?

2.Үрмебұршақ туралы түсіндіру.

-Үрмебұршақ-жылы сүйгіш өсімдік. Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды

Қайталайды.

Мамандықтарын айтады

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже.

Біледі: Әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілген тапсырманы.

Игереді: 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі екенін .

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті анам.

Мақсаты: Сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру, алгоритімдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін (ана, мейірімді, қамқоршы, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық, дауыстап айтуға жаттықтыру. Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру. Үлкенге ізгілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Демонстрациялық материал (аналардың суреттері)

Сөздік жұмыс: сүйікті, мейірімді, қамқор

Билингвальды компонент: сүйікті – любимый, мейірімді – добрый, қамқор – заботливый.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір – біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Шеңбер құрып, балалар бір – бірімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушы

лық ізденістік

Сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарып балаларға көрсетемін.

-Балалар, қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ. Оған не болды екен? Балалар қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр. Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол кім?

-Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

-Ол анасын жоғалтып алыпты.

-Балалар, онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

-Көмектесемізбе?

-Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды сипаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

Демонстрациялық материал арқылы суретпен жұмыс жүргізем.

Балалардан өз аналары жайлы сұрау.

Мысалы:

-Сая сенің анаң қандай?

-Тасқын, сенің анаң қандай?

-Балалар қуыршақтың анасы табылды!

-Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды!

-Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

-Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Билингвальды компонент: мейірімді – добрый, сүйікті – любимый.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық

Қорапшаға қарайды

Ана

Иә

Менің анам ақылды.

Менің анам мейірімді.

Менің анам әдемі.

Иә

-Аналар мерекесі, әжелер мерекесі.

Балалар қайталайды.

Бірге қайталап сәйкес қимыл жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

-Біз оған қандай көмек көрсеттік?

-Қуыршақтың көңіл күйі көтерілдіме?

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді

Игереді: Сөздерді және дыбыстарды анық айтуды

Меңгереді: сұрақтар бойынша әңгіме құрастыра білуді

Толтырған:

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Үрмебұршақты отырғызу.

Мақсаты: Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру. Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту. Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктері: Үрмебұршақтың дәні, өсімдік суреттері

Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгерім келді.

-Балалар қуыршақ Айгерім сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Бірақ оны қалай отырғызу керектігін білмейді. Балалар қуырша

Айгерімге көмектесемізбе?

Балалар сабаққа белсене қатысады

Ұйыдастырушы

Лық ізденістік

Үрмебұршақтың суретін көрсетем.

-Бұл ненің суреті?

Үрмебұршақ туралы түсіндіру.

Үрмебұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елде де өсіріледі. Үрмебұршақты суық топыраққа отырғызбайды. Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады. Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ау қажет. Біз бүгін үрмебұршақ қалай отырғызу керектігін үйренеміз және қуыршақ Айгерімге оны қалай отырғызу керектігін көрсетеміз. Қорапшаның ішінен үрмебұршақтың дәнін алып, балаларға таратады. Оның тұқым екенін айтады.

-Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік, қолға қалай сезіледі? Түсі қанадай?

Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль

Саусаққа арналған жаттығу:

Шақ – шақ – шақ,

Отырғызайық үрмебұршақ.

Өс – өс – өс,

Алақаныңды тос!

Үрмебұршақ отырғызу.

Балалар мен топ болып үрмебұршақты отырғызамыз.

-Стекамен шұңқыр жасаймыз.

-Шұңқырға үрмебұршақтың дәнінің өсімі бар жағын жоғары қаратып саламыз.

-Су құйғышпен аздап су құямыз.

Суретке қарап ұрмебұршақ туралы білетіндерін айтады.

Қатты, сопақша тәріздес.

Қайталайды

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.

Бұршақ отырғызады

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінен алған білімдері қорытындылады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырманы.

Игереді: Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетіндігін, яғни олардың өсіп – жетілуі үшін топырақ, су, жарық және жылу қажеттігін.

Меңгереді: Тұқым отырғыза білу дағдыларын.

Толтырған:

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технлогиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік.

Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: 8 Наурыз – аналар мерекесі.

Мақсаты: Халықаралаық мереке – 8 Наурыз мерекесімен таныстыру. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру. Әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 8 Наурызға арналған тақырыптық суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер.

Билингвальды компонент: мереке – праздник, ана – мама, сыйлық – подарок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Қайрлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бір – бірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтеріп, сабағымызды бастайық. Балалар біздің топқа біреу хат әкеліп тастапты. Бұл хатта не жазылғаны ашып, оқып көрейік.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар!

Балалар сабаққа жақсы көңіл күймен назар аударады.

Тақпақты оқиды

Ұйымдастыру кезеңі

-Қандай мереке жақындап келе жатыр?

Балаларға 8 Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеп беремін.

-Көктем – жыл мезгілі. Көктем түссе күн жылы шауғын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ, қараторғай сияқты құстар ұшып келе басатайды. Міне осы кезде алғашқы көктем мерекесі - 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі. Бұл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күнді барлық адамдар демалады. Бұл мерекеде қыздарды, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ айтып, гүл сыйлап құттықтау дәстірге айналған.

Билингальды компонент: мереке – праздник, ана – мама, сыйлық – подарок.

Сергіту сәтін өткіземін.

-Кәне балалар сендер өз аналарыңның қандай мамандықпен айналысатындарын айтып беріңдерші.

-Иә, балалар, кез келген ананың қолы шебер. Өйткені олар дәмді етіп ас та әзірлейді. Киім де тігеді, яғни қолдарынан бәріде келеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, әңгімеге назар аударады.

Қайталайды

Аналарының мамандықтары туралы айтып береді

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетінде алға білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілеген тапсырманы.

Игереді: 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі екенін.

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап бере алуды және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Толтырған:

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»

Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Дайын жапсырмалы үлгі, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс: киім

Билингвальды компонент: көйлек-платье,бұршақ-горошек.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгі біргеміз.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Бірақ Айжанның көңіл күйі жоқ екен. Себебі,қызыл көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты.

-Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

-Айжанның көйлегінің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: киім

-Бұршақтардың пішіні қандай?

-Бұршағының түсі қандай екен?

-Балалар, Айжанның көңіліне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне жапсырамыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан да қуанып қалды.

Билингвальді компонент: көйлек-платье, бұршақ-горошок.

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезені қағады.

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс,тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

-Иә, көмектесміз.

-Көйлегінің түсі қызыл.

Қайталайды: киім.

-Дөңгелек.

-Ақ.

Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.

Қайталайды: көйлек-платье, бұршақ- горошек.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар бүгін біз не істедік?

-Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

-Бұршақтың түсі қандай?

-Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет. Айжан балалармен қоштасады.

-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік

-Көйлегіне бұршақ жапсырдық.

-Қызыл, ақ.

Балалар Айжанмен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды ө орнына жапсыруды.

Игереді: досына қиын сәтте көмек беруді;

Меңгереді: ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Толтырған:

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Фермаға саяхат

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қөрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері

Сөздік жұмыс: ферма

Билингвальды компонент: үй жануары – домашнее животное, сиыр – корова, ешкі – коза, тауық – курица.

Оқу іс –әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың, асыл Күн!

Армысың, ашық Күн!

Армысың, ұстазым!

Армысың достарым!

Сендерді көргенде қуанамын!

Тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұйымдастыру кезеңі

-Ферма дегеніміз не?

-Фермада қандай жануарларды ұстайды?

Үй жануаралары және оның пайдасы туралы әңгімелеп беремін.

-Ферма – барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орыны. Үй жануарларын адам күтіп – баптайды. Жануарлардың еті, сүті, жұмыртқасы – азық, ал жүні, терісі мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

Билингвальды компонент: үй жанары – домашнее животное, сиыр – корова, ешкі – коза, тауық – курица.

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Түйенің төлі – ботақан.

Қойдың төлі – қозы,

Ешкінің төлі – лақ.

Жылқының төлі – құлын,

Сиырдың төлі – бұзау.

Үй жануарлары туралы өлең оқып беремін.

Шөре, шөре, лағым,

Секеңдеме, демеңді ал,

Тентек болма, шырағым,

Селтеңдемей құлағың.

-Өлең ненің төлі туралы?

-Ешкінің қандай пайдасы бар?

Әукім – әукім әукешім,

Сипайыншы әукесін.

Енең, әне, келді,

Ақ мамасын береді.

-Сиырдың қандай пайдасы бар?

Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Дұрыс, үй құстары және ит, мысықта үй жануарларына жатады.

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қай өрістен тойдың.

Бүлтиып түр бүйерің,

Қай өрістен тойдың.

Тәрбиешінің айытқанын мұқият тыңдайды.

Қайталайды

Төлдердің аттарын қайталайды.

Ешкінің төлі – лақ.

-Ешкінің еті, сүті- тағам.

«Әукім - әукім» деп сиырдың төлі – бұзауды шақырамыз.

-Сиырдың сүті, еті – тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май алады.

Ит, мысық, тауық.

Бірге қайталайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетін қорытындылаймын.

-Үй жануарларды атаңдар?

-Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?

-Олардың қандай пайдасы бар?

Сұраққа жауап беріп, сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды.

Игереді: Үй жануарларының адам өміріндегі маңызы.

Меңгереді: Жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу іс – әрекеттерінде.

Толтырған:

Толтырған күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қуыршақпен серуендейміз

Мақсаты: Бір – бірінен 15 см қашықтықта қойылған кірпіштер үстінен (шектелген алаңда) тепе – теңдік сақтап жүруге үйрету. Көрнекі бағыт бойынша қатардан шеңбер құрып тұру. Иық, мойын бұлшықеттерін, қол мен аяқ қимыл үйлесімділігін дамыту.

Қолданатын құрал жабдықтар: қуыршақтар, кірпіштер.

Оқу іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Төмендегі тапсырмаларды орындатамын.

«Қуыршақпен серуендейміз». Аяғымды көтеріп, мен келемін, келемін, келемін.

Менің аяғымда жаңа етік (етігін көрсету, оны қарау).

Аяғымды жоғары, жоғары көтерем.

Әдемі етікті көрсетемін (таңдана басты шайқау)

Жай жүру. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру. Сапқа тұру, көрнекілік бағыт бойынша шеңбер құру.

Ұйымдастыру кезеңі

Жалпы дамыту жаттығу:

1.«Жоғары көтер» Өкшемен отыру, қуыршақпен қол алда. О: тізеге көтерілу, қуыршақты созыла жоғары көтеру, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу. 5 – 6 рет

2. « Серуендейік»

Екеуміз серуендейік, бірге серуендейік,

Аяағымызбен тарсылдатайық,

Топ, топ, топ,

Көңілдірек, көңілдірек!

Тағы кішкене, аяғымызбен тарсылдатайық,

Топ, топ, топ! 5 – 6 рет

3. «Әрі бері» Қолсозым арақашықтықта шеңбер құрып отыру. Шеңбер бойы қуыршақты әрі беру (оң, солға қарай) 3 – 4 рет

4.«Отырғыз, көтер» Сәл отырып, қуыршақты еденге отырғыз, қолды артқа қойып тік тұрып түзелу. Сәл отырып, қуыршақты алу, тік тұрып түзелу, қуыршақты бауырына қысу.

5. «Әлди – әлди – әлди - ай» Аяқ сәл алшақ, қуыршақпен қол алға созулы. Әндете, өкшені көтере, қуыршақты тербеу.

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығуы:

-Қол ұстасып шеңбер бойы жүгіру.

-Бір – бірінен 15 см қашықтықта қойылған заттардың арасынан жүру.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалызы аз ойын: «Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қол ұстасып шеңбер бойы жүгіруді; бір-бірінен 15 см қашықтықта қойылған кірпіштер үстінен жүруді біледі.

Игереді: жаттығулардың маңызын.

Меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізде сапалары.

Өткізген:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қуыршақпен серуендейміз

Мақсаты: Құм салынған дорбашаны бастан асыра екі қолмен алға, жоғары (алысқа) лақтыруды үйрету. Қол ұстасып шеңбер бойы жүгіруді бекіту. Көрнекі бағыт бойынша қатардан шеңбер құрып тұру. Бесік жыры музыкасын ажырата білу. Иық, мойын бұлшықеттерін, қол мен аяқ қимыл үйлесімділігін дамыту.

Қолданатын құрал жабдықтар: қуыршақтар, кірпіштер.

Оқу іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Төмендегі тапсырмаларды орындатамын.

«Қуыршақпен серуендейміз». Аяғымды көтеріп, мен келемін, келемін, келемін.

Менің аяғымда жаңа етік (етігін көрсету, оны қарау).

Аяғымды жоғары, жоғары көтерем.

Әдемі етікті көрсетемін (таңдана басты шайқау)

Жай жүру. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру. Сапқа тұру, көрнекілік бағыт бойынша шеңбер құру.

Ұйымдастыру кезеңі

Жалпы дамыту жаттығу:

1.«Жоғары көтер» Өкшемен отыру, қуыршақпен қол алда. О: тізеге көтерілу, қуыршақты созыла жоғары көтеру, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу. 5 – 6 рет

2. « Серуендейік»

Екеуміз серуендейік, бірге серуендейік,

Аяағымызбен тарсылдатайық,

Топ, топ, топ,

Көңілдірек, көңілдірек!

Тағы кішкене, аяғымызбен тарсылдатайық,

Топ, топ, топ! 5 – 6 рет

3. «Әрі бері» Қолсозым арақашықтықта шеңбер құрып отыру. Шеңбер бойы қуыршақты әрі беру (оң, солға қарай) 3 – 4 рет

4.«Отырғыз, көтер» Сәл отырып, қуыршақты еденге отырғыз, қолды артқа қойып тік тұрып түзелу. Сәл отырып, қуыршақты алу, тік тұрып түзелу, қуыршақты бауырына қысу.

5. «Әлди – әлди – әлди - ай» Аяқ сәл алшақ, қуыршақпен қол алға созулы. Әндете, өкшені көтере, қуыршақты тербеу.

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығуы:

-Бір-бірінен 15 см қашықтықта қойылған кірпіштер үстінен жүру;

-Құм салынған дорбашаны бастан асыра екі қолмен алға, жоғары (алысқа) лақтыру.

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалызы аз ойын: «Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер».

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір-бірінен 15 см қашықтықта қойылған кірпіштер үстінен жүруді; құм салынған дорбашаны бастап асыра екі қолмен алға, жоғары ( алысқа) лақтыруды.

Игереді: жаттығулардың маңызын.

Меңгереді: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізде сапалары.

Өткізген:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Машина

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; машинаның қызметімен және бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру; танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс: автокөлік.

Билингвальді компонент: автокөлік- автотранспорт.

Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды.

Адам тасып аялдайды.

(Автобус).

Балалар жасырған жұмбақты шешеді: Автобус

Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдаңдаршы.

Бұл Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой. Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, өздерінен сұрап көрейік.

Қуыршақтар:

-Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік, енді ол бұзылып қалды, бізге жаңасы керек болып тұр, - дейді.

-Балалар, Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.

-Айдар, Ай сұлу сендер де бізге қосыласыңдар ма?

-Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.

-Балалар, машинаның пішіні қандай?

- Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме? Мен сендерге машина туралы әңгімелеп берейін. Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы) бар. Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигуралардан жапсырамыз.

Сөздік жұмыс: автокөлік.

Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін, дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары және вамперлері болады.

Билингвальды компонент: автокөлік- автотранспорт.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарай, талпынып,

Күнге қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз.

Қарылғаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.

-Балалар, Айдар мен Айсұлудың көңіл күйлерін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық.

Балалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.

Келген қуыршақтармен амандаады, қуанады.

Балалар Айдар мен Айсұлудың айтқандарын мұқият тыңдайды.

-Көмектесуге дайынбыз.

Балалар мұқият тыңдайды.

Қайталайды: автокөлік.

Қайталайды: автокөлік- автотранспорт.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік? Сендерге жасаған жұмыстарың қызық болды ма?

Енді машиналарымызды Айдар мен Айсұлуға сыйлайық.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

-геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсырдық.

Иә, өте қызықты болды.

Балалар Айдармен, Айсұлумен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды;

Игереді: көлік қызметін , оның ерекшеліктерін;

Меңгереді: машина көлігі туралы мағлұматты.

Өткізген:Шетірова Ә.Б

Өткізген күні: 04.02.2015 ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:Әдемі шырша.

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Мақсаты:жаңажылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып, бүктеп жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:жасыл, қоңыр қағаз, желім, қылқалам және көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс:шырша, жаңажылдық ойыншықтар.

Билингвальды компонент:Жаңа Жыл -Новый Год, шырша-елка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жаңа жыл мерекесі туралы балалармен әңгімелесіп,ән салып, би билейтіндерін, жаңа жылдың көркі, сәні жасыл шыршаны біз бүгін қағаздан қиып жасаймыз деп, шырша туралы тақпақ оқып беремін.Үлгіні талдау жасайды.

Балалар шыршаның суретін қарап көреді, шырша не үшін керек екенін түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға жасыл түсті қиылған шаршы қағаздың бірнешеуін балаларға таратып беремін, оны диагоналы бойынша үшбұрыштап бүктеуді көрсетемін, бірнеше үшбұрыш жасауды ұсынамын.Қоңыр түсті қағазды алып оны ортасынан бүктеп көрсетемін ол шыршаның діңі болады.Енді осы үшбұрыштарды бір-біріне үшбұрыштың төбесіне желім жағу арқылы жапсырамыз.

Үшбұрышты бүктеуде дұрыс болуын, саусақтармен бүктеу сызығын бастырып, тегістеу керектігін көрсетемін.Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады.Жұмысты аяқтаған балалар оның айналасына ұсақ суреттер немесе ойыншықтар қойып, ойын ойнаумен жалғасады.Өздері білетін шырша туралы өлең , тақпақтарын айтып береді.

Балалар жасыл түсті қағазды бүктеп үшбұрыш жасайды, бірнеше үшбұрыштарды бір-біріне желімдейді.Қоңыр түстіқағаздан оның діңін жасап, оны орналастырады.Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын ала қиып дайындалған түрлі түсті дөңгелектерден шырша ойыншықтарын іледі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың іс-әрекетін қорытындылап, жақсы жасалғандарын атап өтіп, шыршалардың дұрыс жасалғандарын бағалаймын,кейбір жұмыстарға жеке көмек көрсетемін.

Балалар өздері қандай шырша жасағандарын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды;

Игереді:қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

Меңгереді:қағаздан ұқыпты жұмыс жасаауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Картаны толтырған күні:05.01.14ж.

Картаны толтырған:Қабылбаева Г.А.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:"Мойынорағыш пен баскиім"

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Мақсаты:қыстық киім туралы түсініктерін кеңейту; қуыршаққа арналған мойынорағыш пен баскиімді әртүрлі пішіндерден жасауды үйрету; ұқыптылыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс:аяз.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(Қуыршақ)

Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыртамын.

-Балалар, біздің тобымызға Әйгерім деген қуыршақ қонаққа келіпті.-Кәне, қонағымызбен амандасып, оның бізге қандай өтініші бар екенін тыңдайық.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Үлестірмелі материалдағы суретке қарап, өздерінің білгенінше әңгімелеп береді.

Балалар қуыршақпен сәлемдесіп, оның өтінішін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Сендермен бірге ойнап, серуенге мен де барсам,- дейді.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа- райы қандай?

Қыста далада аяз болады.

Сөздік жұмыс:аяз.

-Адамдар қыста қалай киінеді?

-Ал Әйгерім қалай киініп алыпты?

Әйгерім нені киюді ұмытыпты?

Қыстыгүні далаға жалаңбас шығуға бола ма?

-Әйгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма?

-Дұрыс айтасындар себебі оның баскиімі мен мойынорағышы жоқ екен.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

-Балалар,біз Әйгерімге баскиім мен мойынорағыш жасап берейік, сонда ғана ол таза ауаға бізбен бірге шыға алады.Өзім дайындаған үлгіні көрсеттім.

Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз,

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем.

Ортан терек-әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкене бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп түсіндіремін.

-ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз;

-алақанға салып айналдыра отырып домалақтаймыз;

-домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан басып, қуыс жасаймыз;

-екіншісін "шұжықша"пішінге келтіріп, жалпақтаймыз.

Балалардың өз бетінше жқмысы:Шашақ тағу, тағы басқа әрлеу жұмыстарын жасауға көмектесемін.

"Қуыршақты киіндіру" ойынын ұйымдастыру.

Сұрақтарға жауап береді.

-Қазір қыс мезгілі.

-Суық.

-Аяз сөзін қайталайды.

-Жылы киінеді.

-Үстіне тон, аяғына жылы етік, қолына қолғап киеді.

-Оо мойынорағыш пен баскиім киюді ұмытпапты.

-жоқ.

-Шыға алмайды.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

сөздерін қайталайды.

Балалар саусақ жаттығуларын орындайды.

Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.

Балалар бар ынталарымен Әйгерімге мойынорағыш пен баскиім мүсіндеуге кіріседі.

Қуыршаққа жыл мезгіліне байланысты киімдерді таңдап, қуыршақты киіндіреді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Әйгерім балаларға рақметін айтады.

-Балалар, бәріміз жылы киімдерімізді киіп, Әйгерімді өзімізбен бірге далаға серуенге алып шығайық. Ол енді жаурамайтын болды.

Балалар жасаған жұмыстарынӘйгерімге береді.Олар бәрі жылы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен далаға серуенге шығады.Балалар мақтау мен мадақтауға ие болады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:домалақ ермексаздың ішін қуыстау арқылы баскиім пішініне, сопақша ермексазды жалпақтау арқылы мойынорағыш пішініне келтіреді.

Түсінеді:қыстыгүні баскиім мен мойынорағыштың қажеттігін;

Қолданады:ермексазды домалақтау, есу дағдыларын

Картаны толтырған күні:06.01.14ж.

Картаны толтырған:Қабылбаева Г.А.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:"Жоғарыда-төменде.Алыс-жақын. Логикалық тапсырма".

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:таңертең(тан)-тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші)және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:"Сиқырлы дорба"-1, әр балаға жәй қарандаш.

Сөздік жұмыс:жоғарыда, төменде.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

"Сиқырлы дорба" ойыны.

-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды.Қолдарынды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғаның айтындар.

-Балалар ойыншықтармен ойнағыларын келе ме?

2-3бала дорбаға қолдарын салып ойыншықтарды айтады.

-Ойнағымыз келеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

"Мысық-тышқан"ойыны.

-Балалар, мен мысық ұйықтап жатыр дегенде, тышқандар мысыққа жақындайды.Ал мысық оянды деген кезде тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек.

"Жоғарыда-төменде"ойыны.

Балаларға саты туралы жұмбақ жасырамын.

Әр өрнегін мінемін,

Өрге қарсы жүремін.

Басқан сайын қадамды,

Ұстап келем білегін.

(Саты)

Сатының суретін көрсеетеемін.

Сұрақтар қоямын.

-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?

-Сатының төменгі жағында кім тұр?

-Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек?

-Сонда ол қай жерде болады?

-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеуі керек?

-Сонда ол қай жерде болады?

Сөздік жұмыс:жоғарыда, төменде.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

Сергіту сәті:Саусаққа арналған жаттығуын орындайды.

"Шаршыны тап және қорша"ойыны.

-Балалар, маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші?

Мұқият тыңдап, айтқаным бойынша орындайы.

Жұмбақтың жауабын шешеді; саты.

-ұл бала.

-қыз бала.

-Жоғары көтерілуі қажет.

-жоғарыда болады.

-төмен түсуі керек.

-төменде болады.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

"Ұшты-ұшты" ойыны.

Балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың(ұшақ, тікұшақ, шар, батпырауық, гүл, бала, және т.б.)атын атауы сұраймын.

Балалар ұшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді, ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді:алыс-жақын, жоғары-төмен;

Түсінеді:заттардың кеңістікте орнадласу бағдарын: жақын-алыс;

Қолданады:заттардың геометриялық фигуралармен салыстырудағдысын;

Картаны толтырған күні:07.01.14ж.

Картаны толтырған:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Тышқан іні»

Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін нақтылау; тышқанның мекені туралы түсінік беру; тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру; жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру.Тышқанның өзіне тән ерекшелігі туралы әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.Мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

Билингвальді компонент: тышқан-мышь, ін-нора,мысық-кошка.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Амансыңба, асыл күн!

Амансыңба, асыл жер!

Амансыңба, көк аспан!

Амансыңба, жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнап күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне, біздер қандаймыз!

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденітік

-Балалар, тыңдаңдаршы, ненің дауысы?

-Балалар, мысық не істегенді жақсы көреді?

-Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады, тышқан аулағанды ұнатады.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

-Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсыруды үйренгілерің келе ме? Ол үшін негізгі бетте ін бейнеленген сурет берілген, фонға бірінші тышқанның денесін жапсырамыз. Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Балалар, тышқанның құлағы үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-Содан кейін құйрығын жапсырамыз.Құйрығын қараңдаршы ұзын екен.Балалар, сендер тышқанның қайда мекен ететінін білесіңдерме? Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды.Біз де тышқанға ін жасап берейік. Іннің аузын дөңгелектеп жапсырамыз.

Билингвальді компонент: тышқан- мышь, ін-нора, мысық кошка.

Балалар, дауысты тыңдайды.Мысықтың даусы және тышқанның даусы деп жауап береді.

-Пырылдап ұйықтағанда жақсы көреді.

Қайталайды: Тышқан іні.

Балалар айтқанды мұқият тыңдайды.

Қайталайды

Рефлекциялық-түзетушілік.

-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма?

Қандай әсер алдыңдар?

Тышқан қайда мекендейді?

-Балалар қазір тышқан мен мысық ойынын ойнайық.

-иә ұнады

-үлкен әсер алдық

-өзі қазған інінде

Балалар ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып жапсыруды;

Түсінеді: мысық пен тышқанның қасиеттерін;

Қолданады: орындалу ретін сақтап, бұйымдарды ұқыпты жапсыра білуді.

Өткізген:

Күні: