- •1. Азаматтық–құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
- •Міндеттеме ұғымы және оның түрлері
- •1.2. Міндеттемені орындау
- •2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету түсінігі
- •2.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері, түрлері
- •2.2. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
- •2.3.Міндеттемені тоқтату
2.3.Міндеттемені тоқтату
Міндеттеме өзінің құрамы кіретін құқықтар мен міндеттер толық жузеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады. Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады. Тараптардың келiсiмi бойынша мiндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемiн беру арқылы тоқтатылуы мүмкiн. Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн және тәртiбiн тараптар белгiлейдi. Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы. Талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады. Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады. Мiндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен тоқтатылады. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi және алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жолберiлмейдi. Жаңғыртылу, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы мiндеттемеге байланысты қосымша мiндеттемелердi тоқтатады. Несие берушi борышқорды мойнына алған мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл несие берушiнiң мүлкiне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, мiндеттеме тоқтатылады. Мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды. Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән–жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың құжат шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Мiндеттеменiң тоқтатылуына негiз болған жария құжат белгiленген тәртiп бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi. Мiндеттеменi орындау борышқордың жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн болса не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады. Егер мiндеттеменi орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса, не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады. Таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар орындамаған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде міндеттемені орындау жүктелетін өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп, оған анықтама беруге болады: міндеттеме дегеніміз – мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беруге, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.
Міндеттемелердің түрлері:
1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Ұсынылып отырған курстық жұмыста міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғұрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттемелер арақатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеды:
біржақты – міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында- тек міндеттер (заем, зиян келтіру);
өзара немесе екіжақты- міндеттеменің әрбір қатысушының құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де несие берушінің де рөлінде болады.
3) Орындау нысанының анықталған тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:
белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер- дағдылы және көп тармақталған;
балама міндеттемелер- борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы.
Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші) үшінші жақ.
Адамдар көптігі болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді.
Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші- бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші міндеттемелен шығып қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауын жалғастыралы. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері. Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көздерген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін жіне несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады.
Міндеттеме өзінің құрамы кіретін құқықтар мен міндеттер толық жузеге асқан сәттен бастап тоқтатылады.
Осы курстық жұмысты жазуда болған қиындықтарға қарамастан, алға қойылған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Заңдар және нормативтік-құқықтық актілер:
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.30 тамызда
өткізілген Республикалық референдумда қабылданды.(1998, 2007, 2011ж-өзгертулер мен толықтыруларымен)– Алматы: Жеті жарғы.-2003 ж.-96 б.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 жыл; Ерекше бөлім. 1999 жыл 1 шілде. (2013.04.07.өзгертулері мен толықтыруларымен)
1.3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 жыл 27 желтоқсан.
1.4. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 жыл 1 шілде.
2. Қосымша әдебиеттер:
2.1. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. 1 том /Алматы. -2004.-262б.
2.2. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. 2 том /Алматы. -2006.-356б.
2.3. Ашеулов А.Т., Жайлин Г.А. Гражданское-правовая ответственность за
вред причиненный преступлением против личности /А.:ИПИ КазГЮУ.
-2000.-350с.
2.4. Төлеуғазиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы / Алматы: Жеті жарғы. – 2001. 375б.
2.5. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: Практикум / Астана: Дәнекер, - 2005. – 112б.
2.6. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Жалпы және ерекше бөлім: Практикум/Алматы:Заң әдебиеті. – 2003. – 222б.
2.7. Алексеев С.С. Общая теория права /Москва. – 1981. – 295с.
2.8. Яковлев В.Ф. Гражданско-прававой метод регулирования общественных отношений / Свердловск. – 1972. – 169с.
3.Косымща әдебиеттер:
3.1. Заң және Заман журналы.№6, 12.06.2002ж
3.2. Заң журналы. №5 02.12.2005ж
3.3. Заң және Заман журналы. №7, 21.02.2005ж
3.4. Заң және Заман журналы.№3,16.03.2006ж
3.5. Фемида. №8, 6.07.2004ж
3.6. Тураби. №5, 02.03.2005ж
3.7. Егемен Қазақстан газеті. №56.13.05.2004ж
3.8. Заң газеті. №66, 18.04.2005ж
