Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.05 Кб
Скачать

26

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................3

1. Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы........................5

1.1. Міндеттеме ұғымы және оның түрлері...............................................................5

1.2. Міндеттемені орындау.........................................................................................7

2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету түсінігі........................................13

2.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері, түрлері......................13

2.2. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық...........................................15

2.3. Міндеттемені тоқтату.........................................................................................20

Қорытынды ................................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................25

КІРІСПЕ

Міндеттемелік құқық – азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі. Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интелектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар, азаматтық құқықтың бір саласы деп қарауға болады. Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме әдетте көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрібір бұл жерде екі тарап бар. Міндеттемеге сөйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар. Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға. Борышқор — міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Жарық дүние есігін аша салысымен – ақ адам баласы белгілі құқықтарға ие болатын даусыз, алайда сол құқықтарды қорғайтын заң жүйелері болмаса, олардың құрғақ сөз жүзінде ғана қалып, шын мәнін жоятыны күмәнсіз. Тарихи дамудың барысында пайда болып жетілдірілген саяси жүйелер біздің қай – қайсымызды да зорлық пен езгіден қорғап қана қоймай, әр қайсымыз үшін мүмкіндік тудырады. Сондықтан да менің курстық жұмысымның өзекті мәселесі, азамат аталу үшін белгілі бір елде дүниеге келіп, сонда ғұмыр кешу ғана жеткіліксіз, ол үшін өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді саналы түрде сезініп, сол талаптарға сай болуға ұмтылуымыз қажет. Бұл курстық жұмыста міндеттемелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтық қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық – құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттемелік құқық жайында баяндалады. Курстық жұмысты Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, азаматтық кодекс және басқа да қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы жаздым.

Курстық жұмыстың мақсаты міндеттеме ұғымы туралы, түрлері, міндеттемені орындалуына түсініктеме беру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:

  • Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;

  • Міндеттеме ұғымы және оның түрлері;

  • Міндеттемені орындалыун қамтамасыз ету, – деген ұғымдарға жеке – жеке тоқталып, қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім мен бес бөлімшеден, тақырып нәтижесі бойынша жасалған қорытынды бөлімінен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Азаматтық–құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы

    1. Міндеттеме ұғымы және оның түрлері

Мiндеттемеге сәйкес, бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды. Егер өндіріс өрісінде сатып алу – сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу – сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады.  Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді. Құқықтар мен міндеттетердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді: біржақты және екіжақты. Орындау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:

белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер – дағдылы және көп таралған;

балама міндеттемелер – борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетті;

факультативтік міндеттемелер – борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса – басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс. Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, тұрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды. Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар – заем, дайындап жеткізі) және бөлінбейтін (бөліп орындауға болмайды, мысалы – үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді. Адамдар көптігі болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Регрестік міндеттеме басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы.