Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2031.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
837.12 Кб
Скачать

Биология

1. Құрғақшылыққа төзімді, жылу сүйгіш өсімдік.

A) Бидай.

B) Күріш.

C) Сұлы.

D) Тары.

E) Қамыс.

2. Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың

саңырауқұлақтардан алатын заты

A) Ауа.

B) Минералды заттар және су.

C) Органикалық заттар.

D) Майлар.

E) Көмірсу.

3. Ересек кененің жүретін аяғының саны:

A) 3 жұп.

B) 4 жұп.

C) 6 жұп.

D) 2 жұп.

E) 5 жұп.

4. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:

A) Нейрон.

B) Жүйке.

C) Дендрит.

D) Аксон.

E) Түйін.

5. Жүректің бұлшықетті қабаты:

A) Эпикард.

B) Миокард.

C) Эндокард.

D) Қарынша.

E) Құлақша.

6. Тыныс алатын ауаны жылытып, залалсыздандыратын мүше:

A) аңқа

B) көмей

C) кеңірдек

D) мұрын қуысы

E) ауыз

7. Ультракүлгін сәуленің әсерінен адам ағзасында түзіледі:

A) D дәрумені.

B) Көп мөлшерде тер.

C) Қоректенуге қажетті органикалық заттар.

D) Тері асты май жасунығы.

E) Тіршілік өнімдері түзіледі.

8. Митоздың профаза кезеңінде болатын өзгерістер:

A) Ядро қабықшасы еріп, хромосомалары цитоплазмада еркін орналасады.

B) Цитоплазма бөлінеді.

C) Хромосомалар экватор жазықтығына орналасады.

D) Хромосомалар жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай бағытталады.

E) Жасуша жарғақшасы жойылып кетеді.

9. Негроидтік нәсілдерге тән емес белгілер:

A) Жалпақ бетті.

B) Шашы қою, қара.

C) Көз пигменті қоңыр түсті.

D) Мұрны қыр мұрынды.

E) Терісінің түсі қара.

10. Топырақты қопсыту:

A) Топырақта дымқылды сақтайды, ауа өткізгіштігін жақсартады.

B) Дымқылдың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

C) Дымқыл азаюына мүмкіндік береді.

D) Ауаның жақсы өтуіне мүмкіндік бермейді.

E) Топырақ қылтамырының түзілуіне мүмкіндік береді.

11. Тұқымында бір тұқымжарнағы бар өсімдік:

A) Сәбіз.

B) Қара бидай.

C) Алмұрт.

D) Асбұршақ.

E) Шие.

12. Сүйек жемістілерге жататын өсімдік:

A) Өрік.

B) Алмұрт.

C) Алма.

D) Қарақат.

E) Анар.

13. Бауырсорғыштың қоректенуі:

A) топырақ шіріндісі

B) қорытылмаған ас қалдығы

C) тек иесінің қаны

D) тек бауыр жасушалары

E) иесінің қаны және бауыр жасушалары

14. Балапандарды жасанды түрде шығаратын орын:

A) Ұя.

B) Лаборатория.

C) Фабрика.

D) Автоклав.

E) Инкубатор.

15. Аксон тармақтарының ұшы:

A) Синапс.

B) Рецептор.

C) Дендрит.

D) Жүйке.

E) Нейрон.

16. Шала піскен және қуырылмаған ет пен балық арқылы жұғатын аурулар

A) ішсүзек.

B) асқазан жарасы.

C) бауыр циррозы.

D) ішқұрт ауруы.

E) қантышқақ.

17. Тірі ағзалардың онтогенездік даму сатылары:

A) омыртқалы жануарлар қатарындағы қаңқа құрылысының өзгеруі.

B) судан құрлыққа шығуда аяқ құрылысының өзгеруі.

C) зигота, бөлшектену, бластула, гаструла, органогенез.

D) класқа топтасуда эндокриндік жүйенің күрделену сатысы.

E) класқа топтасуда қан айналу жүйесінің күрделену сатысы.

18. Гибридтік бірінші ұрпақ түсімі өте жоғары және әр түрлі линияларда өзара будандастырып мол өнім алу:

A) Мутагенез.

B) Полиплоидия.

C) Гетерозис.

D) Іріктеме.

E) Таза линиялар.

19. Биосфера энергияны-

A) күннен алады.

B) микроорганизмдерден алады.

C) тау жыныстарынан алады.

D) өсімдіктерден алады.

E) жануарлардан алады.

20. Жемісі жел арқылы таралатын өсімдік

A) Інжугүл

B) Итошаған

C) Шетен

D) Бақбақ

E) Сары қараған

21. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):

A) Каракатица.

B) Айқұлақ.

C) Жалаңаш шырыш.

D) Кіші тоспа ұлуы.

E) Үлкен тоспа ұлуы.

22. Құлық бөлетін құлақ бөлімдерінің бездері ... орналасады.

A) ішкі құлақта.

B) ортаңғы құлақта.

C) сопақша тесікте.

D) дабыл жарғағында.

E) сыртқы есту жолында.

23. ДНҚ молекуласының құрамына кіретін

A) 4 типті неуклеотид

B) 3 типті неуклеотид

C) 6 типті неуклеотид

D) 5 типті неуклеотид

E) 2 типті неуклеотид

24. Макроэволюция 

A) Жаңадан сорттардың пайда болу процестері.

B) Туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуі

C) Бір түрдің ішінде көптеген жаңа топтардың (түр ішіндегі популяция) пайда болу процестері.

D) Түрлердің жаңа белгілерінің пайда болу процестері.

E) Жасушалардың пайда болу процестері.

25. Бір түр дараларының екінші түр дараларына жемтік болуы:

A) Паразиттік.

B) Бәсекелестік.

C) Жыртқыштық.

D) Селбесу.

E) Арамтамақтық.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]