ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2031 - НҰСҚА
2013
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Тура мағыналы сөзді табыңыз. A) Өмірдің кілті. B) Қыңыр сөз. C) Қара шаш. D) Көңілі ашық. E) Тәтті қиял. |
2. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз:Ы, і, у, ү, ұ, ... A) Е. B) А. C) О. D) Ә. E) И. |
3. Дауыссыздардың түрлерін анықтаңыз. A) Үнді, қатаң,ұяң. B) Жуан, жіңішке. C) Ашық, қысаң. D) Қысаң, үнді. E) Еріндік, езулік. |
4. Күрделі сөзді табыңыз. A) Бетпақдала. B) Ұйқышыл. C) Құрылысшылардан. D) Бойшаң. E) Ұйымшылдық. |
5. Деректі зат есімі бар тіркесті анықтаңыз. A) Адамгершілік қасиет. B) Ауыр мінез. C) Қуаныш сезімі. D) Ағаш отырғызу. E) Қастандық жасау. |
6. Етістік райларының қанша түрі барын табыңыз. A) 2 B) 6 C) 4 D) 3 E) 5 |
7. Ыңғайластық жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз. A) Өйткені, себебі, неге десең. B) Сондықтан, сол себепті. C) Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі. D) Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде. E) Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ. |
8. Төлеу сөз анықтамасын белгілеңіз. A) Біреудің ойы. B) Екі адамның сөзі. C) Өз сөзі. D) Біреудің көзқарасы. E) Біреудің сөзінің мазмұнын айту. |
9. Сөйлем мүшесі болмайтын одағай сөздің мағынасын анықтаңыз. Бүгінгі дос - ертең жау, мен не қылдым, япырмау?! A) Аяу. B) Шаттану. C) Қуану. D) Қапалану. E) Шақыру. |
10. Синоним сөздерді табыңыз. A) Асшы, қазаншы, ұста. B) Озат, озық, үздік. C) Еріту, қатыру. D) Көлік, жаяу. E) Ойша, жазбаша. |
11. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Мийлы. B) Милы. C) Мыйлы. D) Мыйылы. E) Миылы. |
12. Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз. A) Әкелді. B) Ажарлы. C) Күллі, тегіс. D) Шашыраңқы. E) Келді. |
13. Жалпылау есімдікті тіркесті көрсетіңіз. A) Ғаламшар. B) Шығыс елі. C) Жер беті. D) Бүкіл әлем. E) Дүние жүзі. |
14. Сөз тіркесіндегі меңгеруді табыңыз. A) Жас бала. B) Дананың сөзі. C) Тасқа ұру. D) Жақсы азамат. E) Өнегелі өмір. |
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Ала өкпе болу. B) Ағайыншыл адам. C) Алтын күн D) Вокзал алаңы. E) Хат жазу. |
16. Кезектесе байланысқан бірыңғай мүшені анықтаңыз. A) Отанды сүй,сонда сен байсың. B) Кейде қар, кейде бұршақ жауады. C) Бір-біріне ұқсас. D) Үскірік аяз. E) Өңшең аппақ құс. |
17. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз: A) Күннің суытып тұрғанына қарамастан, ол тым жеңіл киініп алыпты. B) Біз тез бал салған ыдысты алып, тығып қойдық. C) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. D) Су бәрін тазалағанмен, көңілдің кірін кетіре алмады. E) Өз анаңды сүйсең, өзгенің анасына тіл тигізбе. |
18. Күрделі қаратпа сөзге тән тыныс белгісін қойыңыз. Қаражан ай сенен де мырза бай болар ма екен? A) Дефис, үтір B) Көп нүкте C) Нүктелі үтір D) Үтір E) Үтір, сызықша |
19. Көркем әдебиет стиліне тән белгіні көрсетіңіз. A) Ресмилік. B) Ғылымилық. C) Бейтараптық. D) Ауызекілік. E) Образдылық. |
20. «Мұрап» сөзін қай қатарға жатқызамыз. Әкең мұрап болғанмен, жерің ой болсын. A) Жалпыхалықтық сөз. B) Кәсіби сөз. C) Термин сөз. D) Диалект. E) Антоним. |
21. Екі сыңары да мағынасыз қосарлама қос сөзді көрсетіңіз. A) Сөйлей-сөйлей. B) Айтып-айтпай. C) Қазақша-орысша. D) Келер-келмесімді. E) Ығы-жығы. |
22. Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді көрсетіңіз. A) Жол-жөнекей. B) Бала-шаға. C) Келсе-келер. D) Келіп-кету. E) Он-он бес. |
23. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз. A) Жан-жануар көп. B) Сендер үйге келіңдер. C) Күз келді. D) Үй-үйімізге тарадық. E) Қиқаң-қиқаң етті. |
24. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз. A) Дала жазық. B) Өмір гүлденді. C) Жазық дала. D) Өмір қызық. E) Зал кең. |
25. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз. A) Басқа пәле тілден болады. B) Көп адам қорқытады, терең су батырады. C) Жалқаулық жаман ауру. D) Білекті бірді жығар … E) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Қазақ халқының атақты хандары, билері, сұлтандары, батырлары Абылайды қай жылы хан етіп сайлады? A) 1771 ж. B) 1769 ж. C) 1772 ж. D) 1768 ж. E) 1761 ж. |
2. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: A) Қолөнершілер. B) Шаруалар. C) Жатақтар. D) Старшындар. E) Сұлтандар. |
3. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты: A) Ауылдардың санын көбейту B) Мәдени орталықтардың санын көбейту C) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту D) Денсаулық сақтау жүйесін орнату E) Суландыру жүйесін жүргізу |
4. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған A) Есет батыр B) С.Абылайханұлы C) Ж.Тіленшіұлы D) Тентектөре батыр E) Ж.Нұрмұхамедұлы |
5. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі: A) кен өндірісі B) химия өнеркәсібі C) ауыр өнеркәсіп D) машина жасау E) түсті металлургия |
6. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны: A) 15 B) 25 C) 18 D) 20 E) 30 |
7. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында көптеген шығынға ұшыраған шаруашылық саласы. A) Кен өндіру. B) Құс шаруашылығы. C) Орман шаруашылығы. D) Аң аулау. E) Мал шаруашылығы. |
8. XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші: A) К.Байсейітова B) Қ.Ахмедияров C) Б.Тілеуханов D) Ж.Елебеков E) Р.Рымбаева |
9. Президент Н. Назарбаевтың құзыретін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту шешімін қабылдаған: A) Республикалық референдум нәтижесі. B) Парламент депутаттарының дауыс беру нәтижесі. C) Жоғары Кеңес. D) Конституциялық кеңес. E) Жоғары Сот. |
10. Палеолит пен неолит арасындағы өтпелі дәуір. A) Ашель. B) Мұз басу. C) Энеолит. D) Мустьер. E) Мезолит. |
11. Қаңлылар өз жерлері арқылы өткендіктен бақылау жүргізген сауда жолы: A) Дала жолы. B) Ұлы Жібек жолы. C) Су жолы. D) Нефрит жолы. E) Лазурит жолы. |
12. Оғыз мемлекеті өмір сүрген мерзім A) ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. B) VІІІ-ІХ ғ.ғ. C) ІХ ғ. соңы -ХІ ғ. басы. D) VІІ-VІІІ ғ.ғ. E) ХІ ғ. ІІ жартысы - ХІІ ғ. |
13. А.Яссауидің “Диуан-и хикмет” жинағы A) түрік тілдерін зерттеген B) білімді дәріптеген C) этнографиялық зерттеу D) араб тілін зерттеген E) адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады |
14. Алтын Орданың құлау нәтижесінде пайда болған хандықтар: A) Қимақ және Қарахан мемлекеттері. B) Ақ орда және Ноғай. C) Қарақытай және қыпшақ мемлекеттері. D) Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері. E) Найман және Керей мемлекеттері. |
15. “Кодекс куманикус” шығармасы жазылған тіл: A) Қыпшақ B) Түрік C) Парсы D) Иран E) Араб |
16. 1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: A) Ақмола, Семей, Жетісу B) Түркістан, Сырдария, Қостанай C) Орал, Торғай, Ақмола D) Ташкент, Жетісу, Орал E) Орынбор, Өскемен, Ақмола |
17. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын A) Шортанбай ақын B) Махамбет Өтемісұлы C) Шернияз Жарылғасұлы D) Сүйінбай Аронұлы E) Шөже Қаржаубайұлы |
18. Империялық саясатты қайта қарау жағдайындағы Уақытша үкімет шаралары. A) Партиялардың құрылуына тыйым салу. B) “Қара жұмысқа” алған жұмысшыларды қайтару. C) Отарлық аппаратты жою. D) Ұлттық автономияны жариялау. E) Байдың жерлерін тәркілеу. |
19. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтарға Еділ бойынан көшіріліп әкелінгендер. A) Чечендер. B) Татарлар. C) Немістер. D) Кәрістер. E) Қалмақтар. |
20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: A) Қытай B) Үндістан C) Жапония D) Византия E) Орта Азия |
21. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала: A) елшілік B) азаматтық іс C) салық D) кеңесші E) әскери іс |
22. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы дерек қалдырды: A) Қашғари B) Рашид ад - Дин C) Масуди D) Марвази E) Рузбихан |
23. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар: A) Қытай саяхатшылары B) Парсы саяхатшылары C) Монғолдар D) Еуропа саяхатшылары E) Араб саяхатшылары |
24. “Ханталапай”- ол: A) Ханның мұрагерлікпен беретін билігі B) Ханға сыйлық беру C) Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу D) Ханның жақын адамдарына жер беру E) Салық түрі |
25. 1916 жылы Қарашақ болысының ханы болып сайланған: A) Сәкен Сейфуллин. B) Әлихан Бөкейханов. C) Ахмет Байтұрсынов. D) Оспан Шонов. E) Тұрар Рысқұлов.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
