ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2030 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Езулік дауыстыларды белгілеңіз. A) Ы, і, е. B) Н, ң, и. C) Ұ, ү, ы. D) З, й, һ. E) О, ө, у. |
2. Ұяң дауыссыздар қатарын белгілеңіз. A) Ж, М, Н. B) Р, З, Г. C) П, Ф, К. D) Һ, Ж, З. E) Ғ, Й, Д. |
3. Біріккен сөзді табыңыз. A) Механикалық. B) Ұзынды-қысқалы. C) Шаруашылық. D) Итмұрын. E) Демеуші. |
4. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз. A) Бауырсақ. B) Күшті. C) Кел. D) Сегіз. E) Қызғылт. |
5. Болымсыздық есімдігінен болған тіркесті табыңыз. A) Ұзын бұрым. B) Қарға-құзғын. C) Кейбір бала. D) Тоты құс. E) Ешбір адам. |
6. Етістік неше шаққа бөлінеді, көрсетіңіз. A) 3. B) 6. C) 4. D) 5. E) 2. |
7. Күрделі еліктеу сөзді табыңыз. A) Ілгері. B) Тарс-тұрс. C) Кейін. D) Өй. E) Қалқам-ай. |
8. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз. A) Ауылға қайту. B) Сендерден алды. C) Жаңа өмір. D) Біздің мақсатымыз. E) Жаудың әскері. |
9. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз. A) Қос нүкте. B) Үтір. C) Нүктелі үтір. D) Нүкте. E) Көп нүкте. |
10. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз. A) Басы таудай, аяғы қылдай. B) Отан оттан да ыстық. C) Бірлік болмай, тірлік болмас. D) Өз үйің-алтын бесігің. E) Кітап- алтын қазына. |
11. Диалект сөзді табыңыз. A) Көрші, туыс, компас. B) Күләпара, бестақа, пиала. C) Соқа, кетпен, шот. D) Күрзі, қорамса, дуан. E) Үлкен, кіші, аласа. |
12. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Байи. B) Баый. C) Байый. D) Баий. E) Баийи. |
13. Күрделі сын есімді табыңыз. A) Жүк тиеу. B) Жусаннан аласа. C) Қара шұбар. D) Жерден алып, жерге салды. E) Суыққа шыдамды. |
14. Толықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз. A) Алты - қалдықсыз бөлінеді. B) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің. C) Менің алғаным - жетеу. D) Асқар - он үште, мен - он төрттемін. E) Жиырма бес қайта айналып келер ме екен? |
15. Демеулік шылауларды көрсетіңіз. A) Мейлі қыс, мейлі жаз болсын, өмір бір арнамен өтіп жатыр. B) Киімі осы кісінікіндей деген-ді. C) Күн сайын газет, журнал оқып отырамын. D) Туған жердің таулары мен көлдері қандай ыстық. E) Одан кейін көп күндер өтіпті. |
16. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Көсегесі көгеру. B) Асау толқын . C) Арнайы келу. D) Азу тіс. E) Ел арасы. |
17. Тура толықтауышты көрсетіңіз A) Мұхтар балаға қарады. B) Арманға ел сенеді. C) Гүлнар өзі туралы айтты. D) Аққу ұясын кез келген көлдерге салмайды. E) Тау тасымен көрікті. |
18. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтарын көрсетіңіз. A) Неге? Не үшін? B) Қайтсе де? Не етсе де? C) Қайтсе? Не етсе? D) Қашан? Қай кезде? E) Қалай? Қайтып? |
19. Құжаттар тілі - қай қатарға тән, белгілеңіз. A) Көркем әдебиет. B) Ауызекі. C) Публицистика. D) Ресми. E) Ғылыми. |
20. Омонимдерді табыңыз. A) Жазда жеміс піседі. Жаздық киім алды. B) Аттар жайылып жүр. Бәйге аттары көрінді. C) Мектепте асхана бар. Қалам сөмкенің ішінде. D) Бала түс көрді. Малшы аттан түсті. E) Қайық суда жүзеді. Асқар егін суарды. |
21. Қосарлама қос сөздерді көрсетіңіз. A) Саяси-көпшілік, итмұрын. B) Үйір-үйір, бала-шаға. C) Көкпеңбек, қолма-қол. D) Киім-кешек, оқта-текте. E) Шегара, құрбылар. |
22. Туынды үстеу сөйлемде қалай жасалған, көрсетіңіз. Жөнімен сөйлеген сөз орнын табар. A) Бірігу арқылы. B) Көмектес септік түбірінің көнеленуінен. C) Шығыс септік жалғауының көнеленген түрінен. D) Жұрнақ арқылы. E) Қосарлану арқылы. |
23. Мұны айтпауына болмай да қалып еді. Сөйлем түрін анықтаңыз. A) Атаулы. B) Жақты. C) Жақсыз. D) Толымды. E) Құрмалас. |
24. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. A) Жеңеше - ау, мынау қайнағаң не деген өлерін білмес ақ көз еді! B) Әрине, айта беріңіз, ана. C) Ой, әттеген - ай, айырылып қалдым - ау! D) Қарсы алатын апам жоқ. E) Жә, тоқтат! |
25. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз. A) Құнанбай оларға мынаны айтты: ”Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді” B) Ол Сүйіндікке қарап: ”Тоқтат, аналарыңды!”-деп ақырып қалды. C) “Өркенің өссін, қарағым”,- деді әкем. D) Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: “Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой”,- дейді. E) “Менің ойлайтыным – бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы,- деп жазды Хемингуэй,- содан соң семьямның қамы”.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. “Түрік” этнонимі алғаш рет қай жылы кездесті? A) 450 ж. B) 350 ж. C) 642 ж. D) 542 ж. E) 742 ж. |
2. Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой басќарған Ќытай әскері ќай жылы ќазаќ жеріне басып кірді: A) 1755 ж B) 1757 ж C) 1759 ж D) 1756 ж E) 1758 ж |
3. Төмендегі Сыр бойы ќазаќтарының ХІХ ғ. 50 ж азаттыќ күресін басќарған: A) Ж. Нұрмұхамедұлы. B) Есет Көтібарұлы. C) Махамбет Өтемісұлы. D) Тентек төре. E) Кенесары Ќасымұлы. |
4. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды? A) 1848 жылы B) 1821 жылы C) 1820 жылы D) 1832 жылы E) 1835 жылы |
5. 1916 жылѓы оқиѓалар қарсањында Қазақстанда енгізілген салық т‰рі: A) Әр ‰йден алынатын соѓыс салыѓы B) Кµлік салыѓы C) Табыс салыѓы D) Жер салыѓы E) Болыстық алым |
6. Кеңес Одағының батыры атағын алған жалпы қазақстандықтар саны: A) 300. B) 350. C) 500. D) 400. E) 480. |
7. Тарихшы Е. Бекмахановтың ақталып шыққан уақыты A) 1961 ж B) 1954 ж C) 1951 ж D) 1966 ж E) 1952 ж |
8. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым: A) Ә.Марғұлан B) Е.Бөкетов C) У.Ахметсафин D) Д.Сокольский E) М.Айтхожин |
9. «Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы: A) Қазақстанның ядролық ел болуы B) Түркі елдерінің конфедерациясын құру C) Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы D) КСРО-ны сақтап қалу E) Қазақстанның егеменді ел болуы |
10. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті A) Би билеу әрекеті B) Магиялық әрекет C) Тәңірге сыйыну әрекеті D) Тотемдік әрекет E) Анимистік әрекет |
11. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі A) б.з.б.ІІ ғ.-б.з.ІІІ ғ.аралығы B) б.з.б.У ғ.-б.з.б.І ғ.аралығы C) б.з.б.ІУ ғ.-б.з.б.ІІІ ғ.аралығы D) б.з.б.ІІІ ғ.-б.з.б.ІІ ғ.аралығы E) б.з.б. ІІ ғ.-б.з.б. І ғ. аралығы |
12. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын: A) Рашид ад-Дин B) Ж. Баласағұн C) А. Иүгінеки D) Әбілғазы E) Ю.Хамадани |
13. Монғолдардың Оңтүстік Қазақстанда жойып жіберген үш қаласы: A) Отырар, Сайрам, Тараз. B) Ашынас, Яссы, Икан. C) Отырар, Сығанақ, Ашынас. D) Икан, Отырар, Сайрам. E) Сығанақ, Яссы, Икан. |
14. XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш: A) Білеулі ғимараты B) Ақыртас ғимараты C) Алаша хан кесенесі D) Айша бибі кесенесі E) Көккесене |
15. “Ақтабан шұбырынды ,алқакөл сұлама” басталған жыл: A) 1724 B) 1725 C) 1718 D) 1723 E) 1720 |
16. XІX ғ. басында Ресейге қосылмаған Қазақстан жерлері: A) Маңғыстау. B) Солтүстік Қазақстан. C) Шығыс Қазақстан. D) Батыс Қазақстан. E) Жетісу. |
17. Халық дастандарын ел арасында шеберлікпен насихаттаған ұлы ақындардың бірі болған: A) Ш.Құдайбердіұлы. B) Н.Байғанин. C) С.Торайғыров. D) М.Дулатұлы. E) С.Сейфуллин. |
18. Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші A) Н.Коншин B) И.Лаптев C) Космодемьянский D) А.Виноградов E) М.Гаврилов |
19. Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды: A) 1936 ж. B) 1938 ж. C) 1939 ж. D) 1937 ж. E) 1922 ж. |
20. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: A) б.з.б. VІІ ғасыр B) б.з.б. ІІ ғ.ортасы C) б.з.б. VІ ғасыр D) б.з.б. IІІ ғ.басы E) б.з.б. ІV ғасырдың соңы |
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы A) Сына-Цянь B) Б.Е.Көмеков C) Рузбихан D) Рубрук E) В.В.Бартольд |
22. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: A) "Жамиғат тауарих". B) "Диван лұғат ат-түрік". C) "Тарихи рашиди". D) "Диуани хикмат". E) "Бадап әл-уәкәй". |
23. Ханды қорғап жүретін,өзі елінен іріктеп алған жасағы: A) Басқақтар B) Бектер C) Уәзірлер D) Төлеңгіттер E) Батырлар |
24. Варнав Ботовтың атымен аталған жәрмеңке 1848 жылы ашылды: A) Тайынша көлде. B) Талдыќ-қоянды деген жерде. C) Аќмола ќаласында. D) Бөкей ордасында. E) Атбасар уезінде. |
25. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы бөлім саны: A) 7. B) 10. C) 8. D) 6. E) 9.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
