Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2028.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
685.06 Кб
Скачать

39

Байқау сынағы 2028 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2028 - НҰСҚА

2013

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

A) Ырыс.

B) Егіз.

C) Көкшетау.

D) Ынтымақ.

E) Сегіз.

2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыңыз.

Кесек қантты ...ағу.

A) ш

B) б

C) қ

D) т

E) ж

3. Шығыс септік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

A) Әркімнен.

B) Газетке.

C) Үйіне.

D) Сөйлемді.

E) Жұмысшымен.

4. Сөйлем ішінде бас әріппен жазылатын жалқы есімді анықтаңыз.

A) Шілде.

B) Тараз.

C) Көлік.

D) Ауыл.

E) Таразы.

5. Етістіктің бұйрық рай түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Бұл емтиханды тапсыру оңай емес.

B) Ауылға барғысы келеді.

C) Жаңбыр жауса игі еді.

D) Айтқанды орында.

E) Үйге келу керек еді.

6. Шылаулар мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай қалай бөлінеді, табыңыз.

A) Жалғаулық, есептік, септеулік.

B) Септеулік, демеулік, жалғаулық.

C) Демеулік, реттік, жіктік.

D) Жалғаулық, жіктік, реттік.

E) Септеулік, жіктік, тәуелдік.

7. Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

A) Шыңқ.

B) Даң-дұң.

C) Дүңк.

D) Бұрқ.

E) Салп.

8. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Шеберлікке үйрету.

B) Жиналысты басқару.

C) Ажардың анасы.

D) Үйді жинау.

E) Күнге күю.

9. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз – өткір жебе тау тескен.

A) Ресми.

B) Ауызекі.

C) Көркем әдебиет.

D) Ғылыми.

E) Публицистикалық.

10. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді белгілеңіз.

Ниетің қисық болса,

Ағайынға өкпелеме.

A) Өкпелеме.

B) Қисық.

C) Ниетің.

D) Ағайынға.

E) Болса.

11. Синонимдік қатардың дұрысын табыңыз.

A) Пысық, жылпос, жасық.

B) Саңырау, тосаң, сараң.

C) Өлмес, өшпес, сирек.

D) Тәкаппар, паң, менмен.

E) Туыс, жақын, жанкүйер.

12. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Құтжол.

B) Бақытжан.

C) Айнабұлақ.

D) Қараөзек.

E) Тайбурыл.

13. Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз.

A) Көкшіл.

B) Биік.

C) Кіп-кішкене.

D) Тым әдемі.

E) Орасан зор.

14. Барыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

A) Туған.

B) Білген.

C) Көрген.

D) Алған.

E) Маған.

15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Бас кейіпкер.

B) Күрделі мәселе.

C) Ала ауыз болу.

D) Қызыл ала.

E) Әйел адам.

16. Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.

A) Оқуға түсті.

B) Ауданға барды.

C) Келгеніне риза болды.

D) Ойында сақтаулы.

E) Оны білгенін жасырды.

17. Талғаулы салалас сөйлемді табыңыз.

A) Жазуың әдемі екен, бірақ әріптерің кішкентай.

B) Бүгін жиналыс болады.

C) Биыл егін шықпады, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ.

D) Ертең апаларым келеді.

E) Мен алып келейін, болмаса Айгүл барар.

18. Қаратпа сөз, көбінесе, қай сөз табынан жасалады, көрсетіңіз.

A) Үстеу.

B) Сан есім.

C) Шылау.

D) Сын есім.

E) Зат есім.

19. Төл сөзді сөйлемнің сұраулы түрін көрсетіңіз.

A) – Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың – деп кейіді Ұлжан.

B) – Құп, аға, құп – деп қойды.

C) Біржан Базаралы жаққа үн қатып: - Ән салса, Әйгерім ғана салсын да – деді.

D) “Өнерпаз бол, өр бол”- дейді Біржан аға.

E) – Шақыр, мұнда келсін.

20. Кәсіби сөзді белгілеңіз.

A) Ерлік.

B) Мұражай.

C) Сәуле.

D) Эвфемизм.

E) Терім.

21. Жұрнақтың анықтамасын белгілеңіз.

A) Сөз тіркесіндегі сөздерді байланыстыратын қосымша.

B) Сөздің мағыналы бөлшегі.

C) Сөз бен сөзді байланыстыратын бөлшек.

D) Меншіктік мағына білдіретін бөлшек.

E) Жалғанған сөзін өзгертіп, лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымша.

22. Тыныс белгісі қате қойылған нұсқаны табыңыз.

A) 10-нан бірі қалды.

B) 2-сынып оқушысы.

C) 5-парта.

D) 2001-жыл.

E) 2001-есеп.

23. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Соншама күлу.

B) Ертеден қалыптасқан.

C) Жорта амандасу.

D) Бірталай күн.

E) Әбден шаршау.

24. Жай сөйлемдердің түрін анықтаңыз.

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

A) Толымды.

B) Жалаң.

C) Атаулы.

D) Жақты.

E) Жақсыз.

25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

A) ’’Тарақ деген сөздегі та’’ буыны-ашық буын.

B) ’’Тарақ’’ деген сөздегі ’’та’’ буыны: ашық буын.

C) ’’Тарақ’’ деген сөздегі ’’та’’ буыны-ашық буын.

D) ’’Тарақ’’деген сөздегі та буыны, ашық буын.

E) Тарақ деген сөздегі та буыны-ашық буын.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. 756-940 жылдар аралығында өмір сүрген қағандық:

A) қыпшақ

B) түркеш

C) қарлұқ

D) қарахан

E) түрік

2. Моғолстанның негізін қалаған хан

A) Қызыр-Қожа

B) Тоғылық Темір

C) Әмір Поладшы

D) Моңлай-Сүбе

E) Улияс-Қожа

3. Тайқазан орналастырылған кесене:

A) Алаша хан.

B) Ахмет Иассауи.

C) Айша Бибі.

D) Жошы хан.

E) Қарахан.

4. Орта жүз биі, қызыл тіл өнерінің көрнекті өкілі:

A) Қазыбек би.

B) Майқы би

C) Алшынбай би

D) Төле би.

E) Әйтеке би.

5. С.Датұлы старшын болған ру:

A) Байбақты

B) Адай

C) Жағалбайлы

D) Шекті

E) Беріш

6. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық:

A) Қоқан хандығы

B) Хиуа хандығы

C) Ресей

D) Иран

E) Бұқар хандығы

7. Ш.Уалихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланды:

A) 1865 жылы

B) 1866 жылы

C) 1864 жылы

D) 1863 жылы

E) 1862 жылы

8. Түркістан федералистер партиясы құрылды:

A) 1917ж.

B) 1922ж.

C) 1920ж.

D) 1918ж.

E) 1921ж.

9. 1959 жылы шығармасы әдебиет пен өнер саласында Лениндік сыйлыққа ұсынылған қазақ жазушысы:

A) Ә.Марғұлан

B) Ә.Әбішев

C) С.Мұқанов

D) М.Әуезов

E) М.Айтхожин

10. Еуропа мен Азиядағы қола дәуіріндегі ең ірі мәдениеттердің бірі:

A) Беғазы-Дәндібай.

B) Алексеев.

C) Тамғалы.

D) Атасу.

E) Андронов.

11. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар

A) Орталық және Оңтүстік Қазақстан

B) Шығыс және Оңтүстік Қазақстан

C) Батыс және Оңтүстік Қазақстан

D) Барлық аймақтарда

E) Батыс және Орталық Қазақстан

12. Лиро-эпостық жыр

A) «Қобыланды»

B) «Төрехан»

C) «Айман-Шолпан»

D) «Ер Қосай»

E) «Алпамыс»

13. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:

A) В.Степанов

B) А.Тевкелев

C) М.Гагарин

D) В.Татищев

E) Т.Чебуков

14. «Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы:

A) Басарин

B) Оболенский

C) Лунин

D) Батеньков

E) Одаевский

15. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары

A) Орал

B) Шымкент, Түркістан

C) Орынбор

D) Өскемен, Аягөз

E) Петропавл, Семей

16. 1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысқан

A) М.Дулатов

B) Ә.Бөкейханов

C) М.Тынышбаев

D) А.Байтұрсынов

E) М.Шоқаев

17. Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан ... рейх-комиссариаты құрамына отар ретінде кіруге тиіс болған:

A) Кавказ.

B) Остланд.

C) Еділ-Жайық.

D) Московия.

E) “Үлкен Түркістан”.

18. 1960 ж. басын Қытайдан Қазақстанға оралған қазақтар саны

A) 300 000

B) 400 000

C) 200 000

D) 600 000

E) 500 000

19. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан өзінің:

A) Жаңа Конституциясын қабылдады.

B) Тұңғыш ғарышкерін ұшырды.

C) Тұңғыш сом алтынын шығарып, мемлекеттік алтын қорын жинауды бастады.

D) Жаңа мемлекет рәміздерін қабылдады.

E) Ұлттық валютасын енгізді.

20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:

A) Қытай

B) Жапония

C) Үндістан

D) Орта Азия

E) Византия

21. Ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хакім ата атанған:

A) Юсуф Хамадани

B) Ахмет Яссауи

C) Ж.Баласағұн

D) Арыстан баб

E) Сүлеймен Бақырғани

22. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы дерек қалдырды:

A) Рашид ад - Дин

B) Марвази

C) Масуди

D) Рузбихан

E) Қашғари

23. “Ханталапай”- ол:

A) Салық түрі

B) Ханның мұрагерлікпен беретін билігі

C) Ханның жақын адамдарына жер беру

D) Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу

E) Ханға сыйлық беру

24. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген:

A) Кейкі батыр.

B) Ә.Жанбосынов.

C) Монай.

D) Е.Курев.

E) Ұ.Саурықов.

25. Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны:

A) 2 млн. астам

B) 500 мыңнан астам.

C) 1,5 млн. астам

D) 600 мыңнан астам.

E) 1 млн. астам.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]