Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2026.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Аяз бидің бұрынғы есімін табыңыз.

A) Мадан.

B) Уәлі.

C) Ұлы.

D) Жақсы.

E) Жаман.

2. Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл,

Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.

A) Ас қайыру батасы.

B) Рамазан батасы.

C) Жол батасы.

D) Наурыз батасы.

E) Теріс бата.

3. Қамбар батырдың әкесінің атын белгілеңіз.

A) Қарабай

B) Сарыбай

C) Байбөрі

D) Әзімбай

E) Әлімбай

4. ’’Би Темірге бірінші толғау’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Қазтуған.

B) Ақтамберді.

C) Үмбетей.

D) Доспамбет.

E) Шалкиіз.

5. «Ақбілек» романындағы Мұқаштың Ақбілекті қасқырлардың аузына тастауының себебін анықтаңыз.

A) Пайда табу.

B) Жылтыр мен Мамырбайдың араздастыру.

C) Жұманмен араздығы.

D) Тойбағармен ескі араздығы.

E) Мамырбаймен ескі араздығы.

6. Б.Майлин шығармаларының басты тақырыбын табыңыз.

A) Махаббат.

B) Кедей өмірі.

C) Қала тұрмысы.

D) Майдан.

E) Табиғат.

7. «Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» - деген жолдар Қ.Аманжоловтың қай шығармасынан алынғанын атаңыз.

A) “Елге хат”.

B) “Өзім туралы”.

C) “Біз кім?”.

D) “Дариға, сол қыз”.

E) “Сырласым”.

8. Жамбылдың ’’Қазақстан тойына’’ атты өлеңі қай жылы жарияланғанын белгілеңіз.

A) 1925 ж.

B) 1926 ж.

C) 1924 ж.

D) 1928 ж.

E) 1927 ж.

9. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.

A) Қадыр Мырзалиев.

B) Мұқағали Мақатаев.

C) Фариза Оңғарсынова.

D) Ақұштап Бақтыгереева.

E) Жұмекен Нәжімеденов.

10. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.

A) «Диуани лұғат ат-түрік».

B) «Күлтегін», «Тоныкөк».

C) «Диуани хикмет».

D) «Құдатғу біліг».

E) «Оғыз-наме».

11. Кімде-кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек,- деген пікірдің иесін көрсетіңіз.

A) Жүсіп Баласағұни.

B) Махмұд Қашқари.

C) Қожа Ахмет Яссауи.

D) Әл-Фараби.

E) Әбу Әли ибн Сина.

12. Аңыз әңгімеде:

Алдады деген-осы, әкем моласының қасы, - дегенді кім айтқанын анықтаңыз.

A) Жиренше.

B) Уәзір.

C) Алдар.

D) Хан.

E) Қарашаш.

13. ’’Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар...’’ өлеңінің жалғасын табыңыз.

A) Киген өкінбес.

B) Мінген өкінбес.

C) Қонған өкінбес.

D) Ішкен өкінбес.

E) Құштар өкінбес.

14. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1465-1560 жж.

B) 1670-1730 жж.

C) 1706-1778 жж.

D) 1817-1881 жж.

E) 1675-1769 жж.

15. Дулат Бабатайұлының поэмасын табыңыз.

A) “Өтеген батыр”

B) “Сұлушаш”

C) “Жетім қыз”

D) “Еспенбет”

E) “Сұраншы батыр”

16. Ы.Алтынсарин жұмыс істеп жүргенде қай профессормен танысқанын белгілеңіз.

A) В.Радлов.

B) Танысқан жоқ.

C) В.Григорьев.

D) Г.Потанин.

E) Н.Ильминский.

17. «Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы (Абай) қолданған тіл айшығын табыңыз.

A) Теңеу.

B) Кейіптеу.

C) Әсірелеу.

D) Алмастыру.

E) Астарлау.

18. Абайдың арманы болған ғашығы Тоғжанның әкесінің атын табыңыз.

A) Қарабас.

B) Сүйіндік.

C) Байдалы.

D) Бөжей.

E) Асылбек.

19. Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз.

A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.

B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі.

C) Сөздерді қарама-қарсы мағынада қолдану.

D) Табиғат көркін суреттеу.

E) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу.

20. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болғанын анықтаңыз.

A) Қазан хандығы.

B) Алтын Орда.

C) Орыс хандығы.

D) Қыпшақ хандығы.

E) Ақ Орда.

21. Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы…

Жаманнан туған жақсы бар.

Атасын айтса нанғысыз, - деген үзіндінің авторын табыңыз.

A) Жиембет.

B) Махамбет.

C) Доспамбет.

D) Ақтамберді.

E) Төле би.

22. Ән - өлшеуіш,

Өлең – күміс,

Қоспаңыз мыс

Аралас... – деген үзіндінің авторын және қай өлеңнен екенін белгілеңіз.

A) С.Сейфуллин «Сыр сандық»

B) Ыбырай «Кел, балалар, оқылық»

C) Шәкәрім «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»

D) Шәңгерей «Құйрық атып құлия»

E) Абай «Өлең – сөздің патшасы»

23. С.Сейфуллиннің күрделі композициялы, бірнеше сюжет желісі бар шығармасын көрсетіңіз.

A) «Көкшетау».

B) «Лашын әңгімесі».

C) «Аққудың айырылуы».

D) «Альбатрос».

E) «Қызыл ат».

24. «Адамның екі көзі, екі құлағы болғанда, тілі неге біреу-ақ?

Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс».

Р.Ғамзатовтың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.

A) «Тау».

B) «Ана тіл».

C) «Ана».

D) «Менің Дағыстаным».

E) «Тырналар».

25. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмалық шығармасында Түйметайдың Тұрарға туыстық қатынасын анықтаңыз.

A) Апасы.

B) Ауылдасы.

C) Анасы.

D) Қарындасы.

E) Сүйген жары.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]