Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

39

Байқау сынағы 2025 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2025 - НҰСҚА

2013

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Жердің бетінде тыныштық бола бергей!

A) жердің

B) бергей.

C) бола

D) бетінде

E) тыныштық

2. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

A) Әлдеқашан.

B) Күйзеліс.

C) Бейсенәлі.

D) Кінәрат.

E) Ойыншық.

3. Қатаң дауыссыздарды табыңыз.

A) А, о, н,і, ә, ү.

B) Й, у, и, э, ю, я.

C) Б, в, г, д.

D) З, ь, к, қ, л, м, н.

E) П, ф, қ, т, с.

4. Септіктің неше түрі барын белгілеңіз.

A) 4

B) 6

C) 7

D) 2

E) 5

5. Біріккен сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Айнала жым-жырт.

B) Жүрегінің түгі бар.

C) Дала.

D) Ол бүгін лицейдің оқушыларымен кездесті.

E) Мен оқушымын.

6. Сөздердегі жалпы есімді табыңыз.

A) "Береке" совхозы.

B) Қапшағай.

C) Балқаш.

D) Адам.

E) "Ақтөс".

7. Сілтеу есімдігін табыңыз.

A) Бір, алтау.

B) Егер, бірге, уақыт.

C) Түнде, кеште.

D) Бұл, сонау.

E) Жүз, оқы.

8. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.

A) Тұрады, көреді.

B) Білгенмін, оқығансың, айтып еді.

C) Отыр, тұр, жүр.

D) Жүрмек, келіспек, барар.

E) Айтамын, келемін, сөйлейді.

9. Стиль түрін ажыратыңыз.

«Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.»

A) Публицистикалық.

B) Ауызекі сөйлеу.

C) Ғылыми стиль.

D) Іс-қағаздар.

E) Көркем әдебиет.

10. Синонимдік қатарды табыңыз.

A) Қыстау, жайлау.

B) Қисынды, орынды, ретті.

C) Етік, бөрік.

D) Жылқы, тай.

E) Парыз, қуаныш.

11. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Қиындықтан қашса.

B) Сұрап ал.

C) Көшенің бойы.

D) Атты кісі.

E) Өлең өлшемі.

12. «Икемсіз» сөзімен антонимдес салыстырмалы шырай түрін тауып, белгілеңіз.

A) Ептілеу.

B) Пар.

C) Жазық.

D) Көк.

E) Анық.

13. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Екеуімен, жетеумен.

B) Бес-алты, үш-төрт.

C) Екіден, бестен,

D) Жүз, бес.

E) Жиырма, сегіз.

14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

A) Орта мектеп.

B) Қазыбектің жоспары.

C) Жиналыстан кейін.

D) Дәл өзі.

E) Бекерге қиналу.

15. Сөз тіркесі байланысудың қай түріне жатады, дұрысын белгілеңіз.

Жазғы кеш.

A) Жанасу.

B) Меңгеру.

C) Матасу.

D) Қиысу.

E) Қабысу.

16. Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Екеуі ымырт жабыла бергенде, Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тартты.

B) Ақберді Базаралының үйіне келді.

C) Жығылған – күреске тоймас.

D) Қазақ жеріне көктем келді.

E) Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр.

17. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сын түзелмей, мін түзелмейді.

B) Өзеннің суы таяз болғанмен, жағасы тік.

C) Мен ұнатқанмен, ол ұнатпайды.

D) Шай жиналысымен, қонақтарды Болат шақырып әкетті.

E) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын нұсқаған тұсқа барды.

18. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.

B) Не ексең, соны орасың.

C) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр екен.

D) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.

E) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.

19. Төл сөздің тыныс белгілері дұрыс қойылған қатарын анықтаңыз.

A) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің; - деді.

B) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің - деді.

C) - Көрдің ғой генерал. Дер кезінде келдің, - деді.

D) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің: - деді

E) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің, - деді.

20. Мақалға тән белгіні айтыңыз.

A) Сөйлем аяқталмай, толымсыз болып келеді.

B) Ой анық, белгілі бір тұжырым жасалады.

C) Бейнелі әрі тұспалдап айтылады.

D) Жұмбақталып, астарлы мағынада айтылады.

E) Ой жанамаланып, сілтеме, ишара түрінде келеді.

21. Туынды үстеу жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

A) -ды, -ді, -ты, -ті, -шы, -ші.

B) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, тей.

C) -ыт, -іт, -т.

D) -қыз, -ғыз, -кіз, -гіз.

E) -дыр, -дір, -тыр, -тір.

22. Сөйлемдегі еліктеу сөздер қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Тасыр-тұсыр дауыстан селк етіп, орнынан атып тұрды.

A) Бастауыш, баяндауыш.

B) Баяндауыш, анықтауыш.

C) Толықтауыш, пысықтауыш.

D) Анықтауыш, баяндауыш.

E) Пысықтауыш, бастауыш.

23. Мына сөз тіркестеріндегі фразеологизмді табыңыз.

A) Ер дәулеті - еңбек.

B) Тепсе темір үзеді.

C) Еңбек етсең, емерсің.

D) Сүрініп жығылды.

E) Ештен кеш жақсы.

24. Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемнің соңғы сөзі қай сөз табынан екенін белгілеңіз.

Қараңғы түн.

A) Сан есім.

B) Сын есім.

C) Зат есім.

D) Есімше.

E) Етістік.

25. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.

Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.

A) Қыстырма сөз.

B) Құрмалас.

C) Оқшау сөз.

D) Айқындауыш.

E) Бірыңғай мүше.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. Ноғай Ордасының негізін қалаған:

A) Әбілхайыр.

B) Бату.

C) Берке.

D) Абылай.

E) Едіге.

2. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер:

A) Жаркент

B) Айғыржар

C) Аспара

D) Самарқан

E) Ташкент

3. Єбілќайыр өлімінен кейін (1748ж) Кіші жүздің оңтүстік-шығысына билік еткен:

A) Ералы сұлтан.

B) Ќайып сұлтан.

C) Бараќ сұлтан.

D) Нұралы сұлтан.

E) Батыр сұлтан.

4. 1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны

A) 25

B) 19

C) 37

D) 13

E) 10

5. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы

A) Герцен

B) Долгополов

C) Ф.М.Достоевский

D) Леонтьев

E) Белинский

6. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:

A) 80 тиын

B) 30 тиын

C) 20 тиын

D) 60 тиын

E) 50 тиын

7. Түркістанда байырғы халыќты әскерге тұңғыш рет күшпен жинау жарияланған жыл:

A) 1924

B) 1921

C) 1922

D) 1920

E) 1923

8. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі:

A) Бақылаушы.

B) Медбике.

C) Мерген.

D) Пулеметші.

E) Байланысшы.

9. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды-

A) «Жанашырлар» сөзімен

B) «Тәуелсіз елдер» сөзімен

C) «Достастық» сөзімен

D) «Бауырлас» сөзімен

E) «Достық» сөзімен

10. Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған

A) Малды қолға үирету

B) Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы

C) Терімшіліктің дамуы

D) Егіншіліктің паида болуы

E) Рудың қалыптасуы

11. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауысқан уақыты

A) б.з.д. IІ мың жылдық ортасы

B) б.з.д. IІ мың жылдықтың соңы

C) б.з.д. ІІ мың жылдық

D) б.з.д.ІІІ мың жылдық

E) б.з.д. І мың жылдық

12. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған

A) Құтшар

B) Сұлу

C) Күлишор

D) Жыпыр

E) Үшілік

13. Түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым

A) Әл-Фараби

B) Әл-Омари

C) Жүсіп Баласағұн

D) Махмұд Қашғари

E) Петахья

14. Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл

A) 1462 ж.

B) 1552 ж.

C) 1465 ж.

D) 1450 ж.

E) 1555 ж.

15. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

A) Әскери бекіністерге

B) Жазалаушы тобына

C) Казак әскеріне

D) Хан сарайына

E) Қарабай сұлтанның жасағына

16. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі

A) Мерке

B) Ақмешіт

C) Пішпек

D) Таушүбек

E) Сергиополь

17. ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға

A) Жетісу арқылы өтетін орыс-қытай сауда көлемінің 5 млн. сомға жетуі

B) Ресейдің Жетісу арқылы саудасындағы экспорттың 3 млн. сомнан асуы

C) «Аққұйрық» шайының саудаға түсуі

D) Іле су жолының ашылуы

E) Шекараға 60-65 шақырымға дейін тауарға баж салығы салынбады

18. Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды:

A) 1938ж.

B) 1934ж.

C) 1936ж.

D) 1933ж.

E) 1937ж.

19. Карточка жүйесі жойылды:

A) 1946ж.

B) 1953ж.

C) 1947ж.

D) 1943ж.

E) 1954ж.

20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет.

A) Қарахан мемлекеті.

B) Қыпшақ хандығы.

C) Қарақытай мемлекеті.

D) Оғыз мемлекеті.

E) Қимақ хандығы.

21. Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көп ержүректері қазақтар екені жайлы жазған:

A) Рузбихан

B) В.Рубрук

C) Б.Е.Көмеков

D) Ш.Уәлиханов

E) М.Дулатов

22. XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:

A) Ер Тарғын

B) Орақ-Мамай

C) Ер Қосай

D) Ер Төстік

E) Қобыланды батыр

23. XVI-XVII ғ. Қазақ-монғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалған “Тарих” атты еңбектің авторы

A) ЖүБаласағұни

B) А.Яссауи

C) М.Хайдар Дулати

D) Шах-Махмұд Шорас

E) Кутб

24. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:

A) Нұрлан Қияшев

B) Бекболат Әшекеев

C) Сәкен Сейфуллин

D) Оспан Шонов

E) Тұрар Рысқұлов

25. 1967 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны:

A) 393

B) 293

C) 193

D) 213

E) 200

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]