Биология
1. Жалаңаштұқымдылар көбейеді: A) Гүлмен B) Тұқыммен C) Спорамен D) Тамырсабақпен E) Жапырақпен |
2. Ағашқұлақ саңырауқұлағымен зақымданған ағаштың сүрегі A) жемісі дамымайды. B) тамыры қурайды. C) бойы өспейді. D) сүрегі үгілгіш, опырылғыш болады. E) жапырақтары сарғаяды. |
3. Бунақденелілердің тыныс алуы : A) Аяқтарында орналасқан желбезектері арқылы. B) Бүкіл дене жамылғысы арқылы тыныс алады. C) Аяғында орналасқан өкпе қапшығы арқылы. D) Өкпе арқылы. E) Құрсағын біресе жиырып, біресе созудың нәтижесінде демтүтіктегі ауа жаңарады. |
4. Адам жасушасының ядросындағы хромосом саны- A) 46. B) 8. C) 36. D) 6. E) 16. |
5. Сүйектің құрамындағы органикалық заттар: A) Тез сынғыш қасиет береді B) Сүйекке мықтылық қасиет береді C) Сүйекті қатайтады D) Иілгіштік, серпімділік қасиет береді E) Сүйекті жұмсартады |
6. Эритроциттің қызметі: A) бактерияларды залалсыздандырады B) қанның ұюына қатысады C) CO2-мен берік байланысын реттейді D) антиденелерді жасауға қатысады E) оттегін тасымалдайды |
7. Қай аурумен ауырғанда инсулин егеді: A) Гипертония. B) Дальтонизм. C) Лейкоз. D) Қант диабеті. E) Қан аздылық. |
8. Жасушаның күрделі бөлінуі : A) жыныссыз көбею. B) жынысты көбею. C) партеногенез. D) митоз. E) мейоз. |
9. Адамдағы доминантты белгілер: A) шашы сары B) көк көз C) сұр көз D) альбинос E) қоңыр көз (қой көз) |
10. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі: A) Гүлсерігі B) Аналық C) Гүлтабан D) Тостағанша E) Күлте |
11. Үрме бұршақта ұрық қоректенетін қоректік заттар қорының жиналуы: A) Қабықшада. B) Тамыршада. C) Бүршікшеде. D) Сабақшада. E) Тұқымжарнақта. |
12. Тамырында түйнек бактериясы бар A) Асбұршақ B) Итжидек C) Итмұрын D) Мойыл E) Алша |
13. Цистицеркоз ауруының әсерінен: A) Бауыр зақымданады. B) Көз көрмей қалады. C) Бауыр зақымданбайды. D) Қаны толады. E) Көз жақсы көреді. |
14. Сүтқоректілердің тынысалу кезіндегі ауа жолдары: A) кеңірдек-көмей-бронхы-өкпе B) өкпе-бронхы-көмей-кеңірдек C) көмей-кеңірдек-бронхы-өкпе D) бронхы-өкпе-кеңірдек-көмей E) кеңірдек-бронхы-көмей-өкпе |
15. Қимыл нейрондарының аксондары A) Ортаңғы түбір B) Бүйір түбір C) Артқы түбір D) Алдыңғы түбір E) Шеткі түбір |
16. Шала піскен еттен, балықтан жұғатын паразит A) суыртқы B) ақ сұлама C) сиыр цепені D) қылқұрт E) ішексорғы |
17. Тері ауруларын зерттейтін ғылым A) дерматология B) неврология C) хирургия D) онкология E) гинекология |
18. Аминқышкылдарынан тұратын, жасушаның негізгі құрылыс материалы: A) АТФ. B) ДНҚ. C) Майлар. D) Көмірсулар. E) Ақуыздар (нәруыздар). |
19. Органикалық заттардың жасушада түзілуі үшін қажет болатындар. A) Өсу. B) Энергия. C) Бөліну. D) Қозғалу. E) Қозу. |
20. Хромосомалар жасушада ... орналасқан: A) клетка аралықта B) ядрода C) клетка шырынында D) вакуольде E) цитоплазмада |
21. Бүршіктің өсу нүктесі A) механикалық ұлпа B) түзуші ұлпа C) жабын ұлпа D) фотосинтездеуші E) өткізгіш ұлпа |
22. Қысқы тыныштық кезеңі - A) Майдағы судың қоры. B) Зат алмасу баяулайды, қатаң жағдайға шыдауы. C) Биотикалық факторлардың ағзаға әсері. D) Кейбір жануарлардың қауіпті жағдайда өтірік өлуі. E) Анафаза кезінде хромосомалардың полюстерге бірқалыпты тарамауы. |
23. Құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келетін дене мүшелері: A) Регенерациялық. B) Рудименттік. C) Аналогиялық. D) Гомологиялық. E) Атавизмдік. |
24. Мекендейтін иесінің қоректік заттарын пайдаланып, тіршілік ету: A) Арамтамақтық. B) Паразиттік. C) Бәсекелестік. D) Жыртқыштық. E) Селбесу. |
25. Бойында фотосинтез жүретін ағзалар тобы A) консументтер B) микробтар C) вирустар D) продуценттер E) бактериялар
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
