Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-99.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.08 Кб
Скачать

69. Қалқанша безі гормонды препараты. Механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.

Қалқанша безі L-тироксин L-трийодтиронин гормондарн өндіреді. Синтезіне тағаммен түскен йод катысады. Қанда айналып жүргенйодидтнр қалқанша безімен сіңіріледі, сол жерде амин қышқылы тирозинмен әсерлесетін йодқа тотығады. Тиреоидты гормон ізашары монотирозин және дийодтирозин түзіледі. Олардан түзілген тироксин тиреглобулин белогының құрамында қорға жиналады. Қанға түсу үшін оларды тиреоглобулиннен протеолитикалық ферменттер қатысады.

Қалқанша без гормондарының келесі препараттары қолданылады: Тироксин, Трийодтиронин гидрохлориді, Тиреоидин.

L-тироксин натрий тұзын ішке тағайындайды, сирек көктамырға. Әсері біртіндеп басталады 8-10 күннен кейін жоғарғы шгіне жетеді. Әсер ұзақтығы бірнеше апта. Негізгі алмасудың жоғарлауы Тироксинді енгізген соң 2 4 апта бойы бойы байқалады.

Трийодтиронин гидрохлориді тироксинге қарағанда әсері жылдам басталады. 24-48саг аралығында бірнеше күн сақталады. Зат алмасуға тироксинге қарағанада 3-5 есе күштірек әсер етеді. Ішке тағайындайды.

Тиреоидин сойылған малдың кептірілген қалқанша безінің рпепараты болып табылады. ТИреоидты гормон қоспасынан тұрады. Белсендігі толық тұрақты емес.

Тиреоидты гормондарды гипотиреоидизмде қолданамыз. Жиі қолданылатын тироксин және тиреоидин. Трийодтиронин тез әсер ететін препарат ретінде комадағы микседемасы бар науқасқа қолданамыз. Артық дозада қозғыштық, тершеңдік, тахикардия, тремор, дене салмқ төмендеуі тб симптомдар байқалады.

70. Антитиреоидты заттар. Жіктелуі.

Қалқанша безінің гиперфункциясында келесі бағытта әсер ететін препараттар колданылады.

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиретропты гормонның өндірілуін тежейтін:

Йод Дийодтирозин

  1. Қалқанша безінде тиреоидты гормондардың синтезін тежейтін:

Мерказолил Пропилтиоурацил

  1. Қалқанша безі мен йодтың сіңірілуін бұзатын:

Калий перхлораты

  1. Қалқанша безі фолликуласы жасушаларын бұзатын:

Радиоактивті йод.

71. Антитиреоидты заттардың әсер ету механизмі. Қолдану көрсеткіші. Кері әсерлері

Йод молекулалық йод немесе йодидтер түрінде қолданылады. Ол асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Тиролиберин өндірілуін, одан кейін гипофиздің тиретропты гормонының өндірілуін тежейді. Соған сәйкес тиреоидты гормондардың өндірілуі төмендейді. Қалқанша безінің көлемін кішірейтеді. 2-3 апта ішінде тиімді. Дийодтирозиннің де әсер етуі йодқа ұқсас.

Мерказолил(метимазол, метотирин) тироксин мен трийолтирониннің тікелей қалқанша безіндегі синтезін бұзады. Оны ішке қабылдайды. Ең ауыр жанама әсерлері – лейкопения және агронулоцитоз. Сол себепті Мерказолилді қан құрамын анықтап қабылдаған жөн. «Зобогенді» әсер болуы мүмкін. Ол гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиретропты гормонның өндірілуінің жоғарылауына байланысты. «Зобогенді» әсерін алдын алу үшін йод және дийодтирозин препараттарын қолдануға болады.

Антитиреоидты заттар ретінде мерказолилден басқа да тиомочевина туындылары қолданылады: карбимазол, пропил-тиоурацил. Олардың әсері мерказолилге ұқсас.

Калий перхлораты қалқанша безі мен йодтың сіңірілуін азайтады, сирек тағайындайды. Жанама әсерлері – лейкопения және агронулоцитоз туындатуы мүмкін. Гипертиреоздың кейбір түрлерінде радиоактивті йод қолданылады. Әсері өте баяу басталады. Кейбір науқастарда артық дозада енгізгенде микседема байқалады. Препаратты натрий тұзы түрінде ішке тағайындайды.

Антитиреоидты заттарды тиреотоксикозды емдеуде және қалқанша безін хирургиялық алып тастау үшін науқастарды дайындауда қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]