Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-99.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.08 Кб
Скачать

58. Құсыққа қарсы заттар

Құсудың шығу тегіне байланысты құсуға қарсы әр түрлі заттар қолданылады. Мысалы, тербелісте (теңіз, әуе ауруы) құсу вестибулярлы аппараттыың шамадан тыс қозуына байланысты ,сол жерден импульстер мишықтың қатысуымен (онда м-холинорецепторлар және Н1-гистаминдік рецепторлар анықталған) құсу орталығына түседі. Вестибулярлық аппараттың қозғыштығы жоғары адамдарға профилактика үшінде құрамында скополамин бар дәрілік заттарды қолдануға ұсыныс беріледі.Тербелістерге қарсы өте кең тараған препараттың бірі Аэрон таблеткасы болып табылады. ОЛарды жолға шығар алдында ұшақта,кемеде 30-60 мин бұрын қабылдайды. Әсер ету ұзақтығы 6 сағ.жуық.

Тербетуде тыныштандыратын және холиноблокаторлық қасиеттері бар Н1-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері дипразин және димеродол да тиімді.М – холиноблокаторлар мен гистаминге қарсы заттардың құсуға қарсы механизмнде олардың құсу орталығына тікелей әсері маңызды рөл алуы мүмкін.

Жібергіш аймақты тежейтін құсуға қарсы белсенді зат бензамид туындысы Метоклопрамид .Оның орталық әсерлері , құсуға қарсы әсерін қоса дофаминдік Д2 рецепторларды , ал үлкен дозада серотониндік 5 НТ3-рецепторларды тежеуге байланысты. Оны асқазан мен 12 елі ішектің моторикасын күшейтіп, асқазанның қуысындағы заттардан тез босауын жылдамдату қабілеті бар.ПРепарат өңештің төменгі сфинктерлерінің тонусын жоғарылатады. Тоқ ішекке әсер етпейді.

ТИЭТИЛПЕРАЗИН хеморецепторлық аймақтың дофамидік рецепторларын тежейді ,құсу орталығына тікелей тежегіш әсер көрсетеді.

Фенотиазин дофаминдік рецепторларын тежейді.

Домперидон Д2 рецепторлардың антогонисті,ол құсуға және прокинетикалық зат ретінде қолданылады.

Ондансетрон серотониндік 5 НТ3 –рецепторларды тежейді.

59. Өт айдайтын заттар

Өттің құрамында ішекте майларды ұсақтайтын, олардың және майда еритін витаминдердің сіңірілуіне ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткілііксіздігі оның бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан 12 елі ішекке түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. 2 түрі бар:

  1. Өттің түзілуін ынталандыратын заттар: холеретика, немесе холесекретика

  2. Өттің шығарылуына әсер ететін заттар:холагога немесе холекинетика

Өттің түзілуін ынталандыратын заттар әр түрлі топтардың препараттарымен келтірілген.Оларға жатады:

  1. Өт препараттары: Холензим таблеткасы

  2. Өсімдік тектес препараттар: Холосас

  3. Синтетикалық препараттар: Оксафенамид

ОЛар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарылатады.

Өттің шығарылуына әсер ететін заттарға Одди сфинктерін босаңсытатын заттар, м-холиноблокаторлар және миотропты әсерлі спазмолитиктер жатады.

Өт айдайтын белсенді зат-12 елі ішектің гормоны холецистокинин. ОЛ 33 аминқышқылының қалдығынан тұратын пептид. Оны шошқаның 12 елі ішегінің шырышты қабатынан алады. Холецистокининнің синтетикалық соңғы фрагменті октапептид. ОЛар өт қапшығын жиырылтады, ұйқы безінің секрециясын ынталандырады және асқазанның хлорлы сутек қышқылы босап шығуын тежейді.

Өт айдайтын заттарды созылмалы гепатитте ,холангитте, созылмалы холециститте қолданады.Холецистокининнен басқасын көк тамырға енгізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]