Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_31-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.57 Кб
Скачать

31.Жөтелге қарсы заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

Жөтелге қарсы препараттар екі тобын ажыратады:Орталыққа және шетке әсер етушілер болып екіге бөлінеді.

Опиоидты немесе наркотикалық препараттар:Кодеин,этильморфин гидрохлориді.

Опиоидты емес немесе наркотикалық емес препараттар:глауцин гидрохлориді,тусупрекс.

Шетке әсер ететін препарат: либексин.

Кодеин мен глауцин гидрохлоридін салыстырсақ :Кодеин жөтелге қарсы айқын белсенділігі мен қатар әлсіз ауыру сезімін басатын әсері бар.Емдік дозада тыныс орталығын тежемейді.препартты жүйелі қолдану іш қатуына ,ал ұзақ қолдану препаратқа деген тәуелділік туғызады.Ал глауцин гидрохлориді өсімдік тектес алкалоид болып табылады және науқастармен жақсы көтеріледі.Ол бастың айналуын ,лоқсу шақыруы мүмкін.Ал шетке әсері бар либексин де опиоидты емес заттарға жатады.ОЖЖ не әсер етпейді ,тәуелділік туындамайды.

Ал шетке әсері бар либексин де опиоидты емес заттарға жатады.ОЖЖ не әсер етпейді ,тәуелділік туындамайды.

32.Қақырық түсіретін заттар.Жіктелуі.

Бұл заттар тобы бронхиалды бездермен өндірілетін қақырықтың бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген.Қақырық түсіретін заттардың екі тобы бар:

1)Рефлекторлы әсер етеін(Ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары)

2)Тікелей әсер етеін(Ацетилцистеин,карбоцистеин,амбраксол,бромгексин,протеолитикалық ферменттердің препараттары,натрий гидрокарбонаты)

33. 1)Рефлекторлы әсер етеін қақырық түсіретін заттар.Әсер ету қағидалары.Қолдану ерекшелігі.

Рефлекторлы әсер етеін препараттар:Ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары.Олардың құрамындағы алкалоидтар ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады.Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады,кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды,бронх бұлшықеттерінің жиырылуы күшейеді.Қақырық біршама көбейеді,тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.Препарттар жоғарғы дозада рефлекторлы түрде құсу шақырады.құсу шақырады.

34.Резорбтивті әсер ететін қақырық түсіретін заттар.Әсер ету қағидалары.Қолдану ерекшеліктері.

Тікелей әсер етеін қақырық түсіруші заттарға секретті сұйылтатын н/е мукотикалық заттар жатады.

Ацетилцистеин белсенді мукополитикалық зат.Әсері молекуласында протеогликандардың дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың деполимеризациясын шақыратын ж/е тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрилді топтың болуына байланысты.Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді.Ингаляциялық жолмен ,кейде парентералды қолданылады.Құрылысы ж/е әсері бойынша ұқсас препарат карбоцистеин болып табылады.

Тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттарға химиялық құрылыстары амброксол және бромгексин жатады.Препараттардың мукополитикалық әсері қақырықтың сұйылуына әкелетін,оның мукопротеиндері мен мукополисахаридтерінің деполимеризациялануына байланысты.Екі препараттың фармакотерепиялық әсері альвеолярлық жасушаларды түзілетін,эндогенді беткейлік белсенді зат өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді.Әсері 30 минуттан кейін басталады және 10-20 сағ.сақталады.Препаратты ішке енгізеді.Жанама әсерлерінен кейде жүрек айну,құсу, аллергиялық реакциялар байқалады.

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр тамырының,истод тамырының,қызыл мия тамырының препараттары, терпингидрат,натрий бензоаты жатады.

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр тамырының,истод тамырының,қызыл мия тамырының препараттары, терпингидрат,натрий бензоаты жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]