- •67. Эритропоэзге әсер ететін заттар (гипохромды)
- •Эритропоэзге әсер ететін заттар (гиперхромды анемия)
- •69. Қалқанша безі гормонды препараты. Механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- •70. Антитиреоидты заттар. Жіктелуі.
- •72. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондв препараттары «глюкокортикоидтар» Жіктелуі.
- •73 Глюкокортикоидтардың фармакологиялық әсерлері
72. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондв препараттары «глюкокортикоидтар» Жіктелуі.
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты 40тан астам кортикостероидтар өндіреді: Гидрокортизон, Кортикостерон, Альдостерон.
Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, 11- дегидрокортикостерон, кортикостерон.
Мнералокортикоидтар: альдостерон, 11-дезоксикортикостерон, 11-дезокси-17-оксикортикостерон.
Жыныс гормондары: андростерон, андростендион, эстрон, прогестерон.
Кортикостероидтар холестериннен синтезделеді. Биосинтезі гипофиздің алдыңғы бөлігінің АКТГмен бақыланады. Минералокортикоидтардың өндірілуі экстрацелюлярлы сұйықтықтың жалпы көлеміне ж/е Na, K иондарының мөлшеріне тәуелді.Ренин ангиотензмннің де маңызы зор.
Глюкокортикоид гормондары: Гидрокортизон, Кортикостерон.
Препараттары:
Табиғи жеолардың эфирлерінің препараттары: Гидрокортизон, Гидрокортизон ацетаты.
Синтетикалық препараттар: преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, синафлин, флуметазон пивалаты, беклометазон.
73 Глюкокортикоидтардың фармакологиялық әсерлері
Глюкокортикоидтар жасуша ішінде әсер етеді. Жасуша цитоплазмасында арнайы рецептормен әсерлеседі, рецептор белсенеді. Түзілген «стероид рецептор» кешені жасуша ядросына еніп, ДНҚмен байланысады, белсенді гендердің транскрипциясын реттейді.
Глюкокортикоидтар зат алмасуына айқын әсер етеді. Көмір су алмасуы жағынан бауырдағы қарқынды гликонеогенезге байланысты қанда қант деңгеін жоғарлауымен көрінеді. Глюкозурия п б.
Гликонеогенез үшін аминқышқылдарының жұмсалу катаболизмі сақталған немесе біршамажылдамдаған белок синтезінің тежелуіне әкеледі. Бұл регеннеративті үрдістің кідіруінің бір себебі болып табылады.
Су тұз алмасуына да өзгерістер тән. Глюкокортикоидтардың минералокортикоидты белсендігі бар. Na иондарын ұстайды, K ионын шығарады. Қан сарысуының көлемі артады, артериялық қысым жоғарлайды.
Дәрілік зат ретінде табиғи Гидрокортизон немесе оның эфирлері қолданылады. Гидрокортизон прпаратын парентералды және жағылма түрінде жергілікті қолданада, ішке бұлшықетке сирек тағайындайды.
Преднизолон қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 3 4 есе артық, гидрокортизонға қарағанда натрий ионын біршама аз дәрежеде ұстайды. Көк тамырға енгізуге суда еритін преднизолон гемисукцинаты қолданылады. Преднизолон туындысы метилпреднизолон шығарылады. Оның минералокортикоидты белсенділігі аз дәрежеде.
Преднизолонның құрамында фтор бар туындылары Дексаметазон мен Триамцинолонның қабынуға қарсы жәнеминералокортикоидты белсенділіктері қолайлы қатынаста. Дексаметазон гидрокортизоннан 30есе белсенді, су тұз алмасуға әсері минемалды. Бұлшықетке және көк тамырға енгізеді.
Триамцинолон қабынуға қарсы зат ретінде гидрокортизоннан 5 есе белсенді. Натрий хлор калий иондарының және судың шығарылуына мүлдем қатыспайды. Жанама әсері бұлшықет атрофиясы, тәбет жоғарлау, депресиялық жағдай шақырады.
