- •67. Эритропоэзге әсер ететін заттар (гипохромды)
- •Эритропоэзге әсер ететін заттар (гиперхромды анемия)
- •69. Қалқанша безі гормонды препараты. Механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.
- •70. Антитиреоидты заттар. Жіктелуі.
- •72. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондв препараттары «глюкокортикоидтар» Жіктелуі.
- •73 Глюкокортикоидтардың фармакологиялық әсерлері
67. Эритропоэзге әсер ететін заттар (гипохромды)
Эритропоэзді ынталандыратын заттар.
1.ГИПОХРОМДЫ АНЕМИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАТТАР.
***темір тапшылықты анемия( темір препаратттары- Феррум лек, ферковен.)
( кобальт препараттары-коамид)
***Созылмалы ауруларда пайдаланылатын (Эпоэтин альфа)
Негізгі рөлді Темір препараты атқарады. Гипохромд анемияның даму себебі темір тапшылығы немесе оның метаболизмінің бұзылуына байланысты сүйек кемігінде эритробластпен гемоглобиннің жеткіліксіз өндірілуі болып табылады. Ағзада темір 2 4г ғана болады. Көп бөлігі гемоглобин құрамына кіреді.
Асқазан ішек жолында те иондалған темір ғана сіңіріледі. Хлорлы сутек және аскарбин қышқылының қатысуы темірдің асөазан ішек жолынан сіңірілуге ықпал етеді. Сіңірілу тасымалдану жолымен аш ішекте жүреді. Шырышты қабаттағы апоферритин белогымен сіңірілген темір байланысып, Ферритин кешенін түзеді.
Ішек тосқауылынан өткен соң темір қан сарысуында Бета1глобулин –трансферинмен байланысады. Ол әр түрлі тінге түсіп, қайтадан босап шығады. Сүйек кемігінде гемоглобин жасауға қатысады. Темір бүйрек пен тер бездері арқылы шығады.
ТЕМІР препараты гипохромды анемияда қолданылады. Қан кету, темір сіңірілу бұзылғанда,жүктілікте қолданылады.
Темірдің жұптастырылған препараты «фероплекс дражесі» , феромид қолданылады. Әсері ұзартылған преп. Ферро-градумент. Кері әсері іштің қатуы.
Асқазан ішек жолымен сіңірілу бұзылған жағдайда Ферковен, Феррум лек т.б препараттар беріледі.Артық дозада енгізгенде беттің гиперемиясы, белде ауыру сезімі, кеудеде қысу сезімі пайда болады.
Кейде кобальтың кейбір препараттары қолданылады. Мысал. Коамид. Құрамы кобальтың никотин қышқылының амидімен байланысы.
Эриторпоэзді ынталандыратын , өсу факторы болып табылатын адамның рекомбинанты эритропоэтинімен толықты. Ол гликопротеин. Сәйкес препараттар: эпоэтин альфа, эпоэтинбета. Бүйретің созылмалы жеткіліксіздігінде, ревматоидты артритте, қатерлі ісікте, ЖИТСқа қатысты анемияда қолданылады.әсері 1 2 аптада, қан жасаудың қалпына келціне 8 12 апта кетеді. Кері әсері артралгия, бас ауру, гиперкалемия.
Эритропоэзге әсер ететін заттар (гиперхромды анемия)
Гиперхромды анемияда қолданылатын – цианкобаламин, фоль қышқылы.
Эритропоэзді тежейтін заттар – фосфор-32-мен таңбаланған натрий фосфаты.
Гиперхромды анемияда нуклейн қышқылының синтезине қатысатын цианкобаламинді және фоль қышқылын қолданады. Цианкобаламинді ( В12 витамин) қатерлі анемияда тағайындайды. Цианкобаламин тапшылығында эритропоэз мегалобластық тип бойынша өтеді: эритробласт- гиперхромды мегабаст- мегалоцит.
Пернициозды анемияның дамуы цианкобаламиннің сіңіріліуінің бұзылуына байланысты, Мұндай науқастарда Каслдың ішкі факторы химиялық құрамы бойынша – гликопротейн болмайды. Қалыпты жағдайда ол асқазанның ішкі қабатымен өндіріледі және цианкобаламиннің аш ішекте сіңірілуі қамтамасыз етеді. Цианкобаламин пернициозды анемияда қан көрінісін қалыпқа келтіреді, неврологиялық бұзылыстарды және тілдің шырышты қабатын зақымдануын жояды.
Фоль қышқылы макроцитарлы анемияда қолданады.
Фоль қышқылының тапшылығында макроциттер түзіледі: эритробласт- гиперхромды макронормобласт- макроцит. Ағзада фоль қышқылы физиологиялық белсенділігі бар фолий қышқылына айналады.
Фоль қышқылын алиментарлық және медикаментоздық макроцитарлы анемияда, спруда, жүктілік кезіндегі анемияда қолданады.Қатерлі анемияны емдеу үшін фоль қышқылын жеке тағайындамайды, себебі,ол жүйке жүйесі жағынан патологиялық өзгерістерді жоймайды, керісінше оларды күшейтеді. Тек қан құрамы қалыпқа келмейді. Соған байланысты қатерлі анемияда фоль қышқылын цианкобаламинмен жұптастырады.
Эритропоэзді тежейтін заттарды полицитемияда (Эритремияда) қолданады. Сондай препараттардың бірі фосфор- 32 – мен таңбаланған натрий фосфаты ерітіндісі.Оны қолдану эритроциттер мен тромбоциттер мен тромбоциттер санының азаюына әкеледі. Препаратты ішке немесе көк тамырға енгізеді. Милликюримен дозаланады.
