Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полугод 2015ж .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

Шығ: № ҚР АШМ АӨК МИК

10.07.2015 «Республикалық фитосанитарлық

диагностика және болжамдар әдістемелік

орталығы» ММ ШҚО филиалының

директоры М.С. Бектемировке

Қр ашм аөк мик «рфд ж/е бәо» мм шқо Үржар аудандық филиалының

13 шілде 2015 жылға Үржар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларының пайда болуы, дамуы және таралуы жөніндегі жарты жылдық есеп беру ақпараты.

Астық дақылдарының аурулары. Қоңыр тат. Септориоз.

Үржар ауданы бойынша астық дақылдарының аса қауіпті ауруына тексеру жұмысы 10 маусымнан басталды. Жүйелі тексеру жұмыстары Ақжар, Ақшоқы, Алтыншоқы, Бестерек, Барқытбел, Жоғарғы Егінсу, Жана Тілек, Қарабұта, Қаратұма, Көктерек, Көкөзек, Көлденен, Науалы, Үржар ауылдық округтеріне қарасты 18 300 га жер телімдеріне 10-шы маусыммен 10-шы шілде аралығында тексерілді. Септориоз ауруының белгілері бидай жапырақтарында ұзынша-ақ ашық-қоңыр дақтардың үстінде қара пикнидтер пайда болады. Жаңбыр және шық арқылы кониидиялары залалдандырады. Аурудың дамуына салқын, ылғалды ауа райы ықпал етеді. Аудан бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге жататын септориоз бен қоңыр тат ауруларына жоспар бойынша 26,0 мың га жер көлемі тексерілуге жоспарға қойылып отыр. Тексеру жұмысында аса қауіпті ауру қоңыр тат және септориозбен залалданғаны, биыл әзірше анықталмады. Аурудың таралуы және дамуы үшін, астық дақылдарының өсу кезеңінде жауын-шашын түсімі 110 мм асып, ауа ылғалдылығы 70-90 % жоғары болған жағдайда аурудың пайда болуы мүмкін. Мониторингтік тексеру жұмысы жалғасуда.

Күздік астық дақылдарының түптену кезеңінде тамыр шірік аурулары.

Мониторингтік тексеру жұмысы Үржар ауылдық округінде «Светик» шаруа қожалығының 90 га егіс алқабы және Көкөзек ауылдық округіне қарасты «Бәтуа» ЖШС-нің күздік бидай егістік алқаптарына 100 га жерге түптену фазасында жүргізілді. Үржар ауданы бойынша дәнді-дақылдар егілетін аудандардың бәрінде тамыр шірік ауруы кездеседі. Тамыр шірік ауруының пайда болуына сәуір айының үшінші онкүндігінің ыстық болып +25,0˚С-ге дейін жетуі, ал мамыр айының бірінші онкүндігінде аз мөлшерде жауын-шашынды болып ылғалдың болуы, мамыр айының 4 күні мониторингтік тексеру барысында «Бәтуа» ЖШС-нің күздік бидай егістік алқабында тамыр шірік ауруы анықталды. Ауру қоздырғышы – Bipolaris sorokiniana Helminthosporium sativum. Гельминтоспориозды тамыр шірікте залалданған ұлпада қою олив түсті, не қаралтым конидиальды өңез бар.Топырақтан тараған аурудың белгілері көктеу-түптену кезінде айқындалды.

Күздік бидайдың егістік алқабында тамыр шірігінің таралуына қорытынды есеп.

р/с

Ауылдық округ атауы.

Тексерілді мың.га

Залалданған

Барлығы

Соның ішінде саты бойынша

Таралуы

Дамуы

төмен

орташа

жоғары

ЭЗШ-тен жоғары

1

Үржар

0,09

-

-

-

-

-

-

-

2

Көкөзек

0,1

0,010

0,010

-

-

-

6,5

3,0

барлығы аудан бойынша

0,19

0,010

0,010

-

-

-

3,4

1,6