- •1.Мемлекеттік экономикада өнеркәсіптің орны мен маңыздылығы
- •2. Қазақстандағы корпорациялардың қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері
- •2.1 Өнеркәсіте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
- •2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
- •3 Корпорацияларды дамыту мәселелері және кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
- •3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар
- •3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
- •Қорытынды
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
Бүгінгі таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттік қолдау күн тәртібіндегі өзекті мәселелерің бірі. Сондықтан елдің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін нрықтық экономиканың негізі болып табылтын кәсіпкерлік қызметті қолдау және реттеу шараларының тиімді іске асырылу қажеттігі туындап отыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
Инновациялық қолдау және ынталандыру;
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалырн дамыту іс-шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті қолдау мен реттеу шараларының ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік земдардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:
Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;
Елдегі кәсіпкерлік субъектілерінің шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;
Өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсіпкерлік субъектілеріне артықышылықтар беру.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.
Республикадағы өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).
Кәсіпкерлік және өндірістік облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алмаы және Астана қалалары) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппаратымен ұсынылған, олардыңм құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы орнадарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.
Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:
шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру. Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау. Перзидент жанынадағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне шағын және орта бизнестің дамуныа кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, заттық-технологиялық, ақпараттық-сараптамылық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады.
