Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задание4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.1 Кб
Скачать

3 Корпорацияларды дамыту мәселелері және кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау

3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады. Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің тұрақты өсуі 2007 жылы 521,5 мың кәсіпкерлік есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.    Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде. Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.     Дегенмен, зерттеу барысында өнеркәсіптік кәсіпкерліктер алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады: 

Кесте 1 – Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер етуші факторлар

Кедергілер

2005 ж.

2006-2007 жж.

  1. Салық саясаты

2

1

  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы

1

2

  1. Несие саясаты

4

3

  1. Өнімді өткізу мәселесі

4

  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі

5

5

  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

3

6

 

       Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірісалық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;

  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;

  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;

  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

  Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түріжалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б. Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Кәсіпкерлікітң дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Төртінші мәселешикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебібәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Кәсіпкерлікітң дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі. Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан кәсіпкерлік қызметке несие беретiн субъектекiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтынытарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық кәсіпкерлерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде кәсіпкерлік несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Қазіргі кездегі республикадағы кәсіпкерлікті несиелеуді дамытуға  кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар: несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

  • несиенің мерзімі мен  пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;

  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;

  • коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;

  • әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;

  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының тиімсіздігі;

  • мемлекеттің казына қоры арқылы кәсіпкерлік қызметті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

Банктер  кез келген уақытта,  қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды.  Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (2-кесте). Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.  

Кесте 2 – Банктердің  кәсіпорындарды  несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы 

Банк тұрғысынан

Кәсіпорын тұрғысынан

1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы

1. Несиеге деген жоғары пайыздық мөлшерлеме

2. Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі

2. Несиелердің қысқа мерзімділігі

3. Қарыз алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы

3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы

4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат

тық жабықтығы

4. Құжаттарды дайындау процедурасының ұзақтығы

5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты несие тарихы туралы ақпараттарға қол жетпеушілік

5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі

6. Банк менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы

6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы

 

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, кәсіпкерлік қызметке берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді [26]. Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол өнеркәсіптік кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;

  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;

  3. Кәсіпкрелердің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары кәсіпорындарды алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;

  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;

  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.

    Аталған мақсаттарды орындау үшін кәсіпорындарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт. Кәсіпкрелік қзыметті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады. Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.