- •1.Мемлекеттік экономикада өнеркәсіптің орны мен маңыздылығы
- •2. Қазақстандағы корпорациялардың қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері
- •2.1 Өнеркәсіте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
- •2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
- •3 Корпорацияларды дамыту мәселелері және кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
- •3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар
- •3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
- •Қорытынды
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзнідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда.
Біз Қазақстанды жоғары өмір сатндарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру тураыл алдымызға өршіл мақста қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, - деп атап көрсетті Президент.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде өған барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерліікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикады мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де оған ақрсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғырударды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензиялатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарды” және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банк, Инновациялық қор, экспортты сақтандыру, жөніндегі корпорация. Инжинниринг және тхнологиялар трансферті орталығы осы жылоды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызады. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден астатын 90-ға тарта жоба қаржыландырылуда.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2006 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 2003-2008 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті. Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 2003 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2008 ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде. Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым. Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 2006 ж. 11,5%-дан 2008 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2007 ж. 35,8%-дан 2008 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді. Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте). Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі
Көрсеткіш |
2004 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
Барлық экономиканың тиімділігі, % |
21,6 |
14,8 |
18,5 |
21,6 |
25,7 |
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % |
45,1 |
37,8 |
31,9 |
38,8 |
67,5 |
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % |
21,4 |
13,8 |
19,2 |
21,4 |
22,8 |
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % |
5,4 |
5,3 |
-4,4 |
13,8 |
1,7 |
Құрылыс саласының тиімділігі, % |
4,3 |
4,5 |
5,2 |
5,0 |
3,4 |
Сауданың тиімділігі, % |
4,7 |
3,4 |
5,8 |
9,3 |
4,9 |
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % |
9,4 |
11,8 |
18,7 |
18,1 |
18,9 |
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, % |
3,3 |
32,5 |
15,6 |
9,1 |
11,2 |
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % |
40,1 |
-3,2 |
13,8 |
4,3 |
8,3 |
1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты.
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2005 ж. корпорацияның таза табысы 2004 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2006 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2008 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2007 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2004 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2004-2008 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.
2004-2008 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.
Мәселен, 2005 ж. алдыңғы 2006 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке көтерілді [30].
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2002-2008 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2002 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.
Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
Көрсеткіштер |
Жылдар |
||||||
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
|
Сатудан түскен табыс, мың теңге |
112699401 |
116625405 |
125221331 |
124219953 |
170492574 |
228817260 |
411176304 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге |
47093088 |
54165092 |
57217269 |
55782536 |
58737406 |
83691000 |
118303824 |
Жалпы табыс, мың теңге |
65606313 |
62460313 |
68004062 |
68437417 |
111755168 |
145126260 |
292872480 |
Осы кезеңдегі шығын, мың теңге |
19135686 |
19675843 |
17818541 |
26396187 |
44666565 |
23660417 |
30079588 |
Негізгі қызмет табысы, мың теңге |
46470627 |
42784470 |
50185521 |
42041230 |
67088609 |
121465843 |
262792892 |
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге |
3685266 |
3286309 |
4350080 |
832402 |
6833626 |
1629564 |
11979561 |
Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге |
50155893 |
46070779 |
54535601 |
42873632 |
73922235 |
123095407 |
274772453 |
Табыс салығы, мың теңге |
17627442 |
15465492 |
16502175 |
17243086 |
26926038 |
37927399 |
80125488 |
Таза табыс, мың теңге |
32528451 |
31016011 |
36880320 |
25600012 |
46996197 |
85168008 |
194646965 |
Негізгі өндірістің тиімділік деңгейі, % |
70,2 |
57,9 |
66,9 |
51,2 |
64,9 |
82,4 |
104,7 |
Корпорацияның тиімділік деңгейі, % |
49,1 |
42,0 |
49,2 |
41,2 |
45,5 |
50,3 |
55,3 |
Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.
Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.
Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.
