Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAKROPREPARAT_OBSch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
812.01 Кб
Скачать
  1. Асқазан рагы.

А. Анықтамасы.

Шала толысқан немесе толыспаған эпителийлік жасушалардан дамитын қатерлі ісіктер рак деп аталады. Әдетте, карцинома – қатты немесе жұмсақ, айқын шектелмеген, кейде төңірегіндегі тінмен бірігіп кеткен түйінді құрылым. Асқазан рагі- өте жиі кездесетін қауіпті ауру.

Б. Этиологиясы. Рак ауруы сау ұлпада өршімейтіндіктен, ол ағзада ұзаққа созылған, емделмеген әр түрлі ісіну, қабынулардың асқынып барып, ракқа айналуынан болады.

  • Эндогенді және экзогенді факторлар: генетикалық орнықтыру, гомональды-метаболикалық дисбаланс, энтерогастральды рефлекс, сыртқы қоршаған орта ластануы, алиментерлы, бактериальды факторлар. Негізгі себебі асқазан жарасының асқынуы.

  • Ішектік метаплазия, ауыр дисплазия, прогрессия.

  • әр түрлі канцерогендік заттар-бензепирен,метилхолантрен,холестерин.Атрофиялы гастрит,пернициоздық анемия,асқазан ойық жарасы,асқ. Аденомасы.

Д. Жіктелуі. Түрлері:Аденокарцинома құрылымына қарай: ацинарлық немесе альвеолярлық (ісікте ацинарлық құрылымдар басым); тубурлярлық (түтіктік құрылымдар басым); бүрлік-бүрлік немесе еміздіктік (өсінділер басым); шырыштық немесе коллоидтық (торшалары көп) болып 4 түрге бөлінеді. Аденокарцинома пісіп-жетілуіне байланысты үшке ажыратылады:

• толық пісіп-жетілген бездік рак — ісік құрылымы еміздікті, түтікті, ацинусты құрылымдардан тұрады, шырыш бөлмейді;

• толық пісіп-жетілмеген бездік рак —солидті құрылымда муцин, коллоид араласқан тіндері бар ісік;

• пісіп-жетілмеген бездік рак — құрылымында бездік тіндер аз, шырышы мол, [[сақина]] тәрізді торшалары бар ісік.

Бұлардың ішінде ең қатерлісі — морфологиялық тұрғыдан пісіп-жетілмеген бездік рак болып табылады.

С. Макроскопиялық белгілері:

Түрі: түйін немесе диффузды, фунгозды табақша тәрізді, эндофитті.

Түсі: ақшыл

Консистенциясы: тығыз, шекарасы жоқ. Шырышты қабаттарының беткейі қатпарланған.

Пішіні: куб, призма.

Орналасуы: асқазанның өңеш, ұлтабарға жақын орналасқан.

Гистологиялық түрі: Аденокарцинома

Е. Асқынуы. Ісіктің қабыну мен некрозға ұшырауы: асқазан қабырғасының перфорациясы, қан кету, перитуморозды гастрит, асқазан флегмонасы. Ісіктің метастазданып, ұйқы без бен бауыр – он екі елі ішек байламына өсуінене: сары ауру, асцит, портальды гипертензия. Одан басқа стеноз, геморрагиялық плеврит.

К. Нәтижесі. 1. Қатерсіз: ісіктің баяу өсуі, жоғары дифференцировкаға ұшыраған аденокарцинома, кеш метастаздану. 2. Қатерлі: кахексия, интоксикация, ісіктің асқазанның айналасына тарауы, асқазан фуекциясының бұзылуы, өлім.

25. Жатыр фибромиомасы.

А. Анықтамасы. Лейомиома - ретсіз жайғасқан біріңғай салалы бұлшықет талшықтарының будаларынан құралған ісік. Оның стромасын құрамына қан және лимфалық тамырлар кіретін дәнекер тін жолақтары қалыптастырады. Ісіктің стромасы басым болса, фибромиома деп аталады. Лейомиоманың көлемі, әсіресе жатырда өте үлкен болуы мүмкін.

Б. Этиологиясы. Бұл процесс полиэтиологиялы (дисгормональды бұзылыс). Ісікалды өзгерістер: дистрофия, атрофия, гиперплазия. Ісіктің даму стадиясы: диффузды гиперплазия, ошақты гиперплазия, қатерсіз ісік.

Тұқым қуалау, семіздік, гипертониялық аурулар, қант диабеті, кіші жамбастың сәулеленуі, 50 жастан жоғары.

Д. Жіктелуі. Гормонға тәуелді (70%) автономды (30%); метастаздануына қарай:

1. лимфогенді

2. гематогенді

3. имплантациялық

С. Макроскопиялық белгілері. Өлшемі: ұлғайған; кесіндісі: емізікше тәрізді; шекарасы: анық емес, түсі қоңыр; консистенциясы: жұмсақ; гистологиялық түрі: жоғ, орт, төм дифференсацияланған, ең көбі дифференсацияланбаған түрі.

Е. Асқынуы: қан ағу,ауру сезімі.

К. Анемия , малигнизация.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]