- •Бауырдың майлы дистрофиясы
- •Жүректің майлы дистрофиясы
- •Бүйрек амилоидозы.
- •Жүректің ревматикалық ақауы кезіндегі митральді клапандар гиалинозы.
- •5. Жүректің қоңыр атрофиясы
- •6. Өтте тас байлану
- •7. Мускатты бауыр
- •8. Бас миына қан құйылу
- •9. Өкпе артериясының тромбэмболиясы
- •10. Атересклероз кезіндегі қолқадағы қабырғалық тромб.
- •3. Жіктелуі:
- •11. Аяқ гангренасы
- •18. Эмболиялық іріңді нефрит.
- •3. Жіктелуі
- •20. Гипертония ауруы кезіндегі миокард гипертрофиясы
- •21. Артериосклерозды нефросклероз
- •22. Ішек полипозы
- •23. Өкпе рагы
- •Асқазан рагы.
- •25. Жатыр фибромиомасы.
- •26. Остеосаркома нижней конечности
22. Ішек полипозы
Анықтамасы: ішектің кілегейлі қабатының қатерсіз ісігі
Этиологиясы: Рак ісіктерінің пайда болуында маңызды қызмет атқаратын факторлар болып рак алды аурулар жатады. Олардың ішінде ең алдымен тоқ ішектегі жанұялық және тұрмыста болған полипоздар, түтікті тәріздес ісіктер және аденоматоздық полиптер. Зерттеушілер тоқ ішек рактарының пайда болуын жергілікті халықтың қоректену сипатымен және тамақтың құрамымен байланысты деп санайды.
Жіктелуі: Гиперпластикалық ішектік полиптер Гамартоматозды ішектік полиптер Толыспаған ішектік полиптер Аденоматозды полиптер Түтіктік аденомалар Ворсинчатые аденомы Трубчато - ворсинчатые аденомы Созылмалы ішектік полиптер
Макроскопиялық белгілері: Жұмсақ консистенциялы негіз.Эпителий кешенділігі мен полярлығын сақтап,өзінің мембранасында жайғасады.
Асқынуы: Колоректальды ракқа ұласуы мүмкін. Малигнизацияланған полип –асқыну нәтижесінде пайда болған қатерлі ісік.
Нәтижесі: Полиптердің көлемі үлкейген сайын ракқа айналуы жиілейді. Егер көлемі 1 см-дей полип ракқа сирек ауысса, көлемі 2 см-ден үлкен полиптер 40-50 пайызда ракқа айналуы мүмкін. Бүртіктелген полиптер майда полипке қарағанда ракқа жиі айналады.
23. Өкпе рагы
Анықтамасы: адам өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы ауру
Этиологиясы: өкпе рагын 80% жағдайда тудыратын негізгі фактор шылым шегу. Сонымен қатар асбестаз, автомобильдердің және өндіріс кәсіп-орындардың қалдықтарымен ауаны ластауы да аурудың дамыту факторы болып табылады. Шылым түтінінде және смоланың құрамында спектрлі тлдау көмегімен 50-ге жуық канцерогендер табылған. Олардың ішіндегі ең зияндылары жартылай ыдырау уақыты ұзақ полонийдің (210 Ро) радиоактивті изотобы, нитрозаминдер (диметил және диэтилнитрозаминдер) бензпирендер болып табылады. Шылымдардың фильтрлері канцерогендердің өкпеге түспеуін қамтамасыз ете алмайды. Пассивті шеккіштер қатарына үнемі шылым шегілетін бөлмеде еріксіз дем алатын адамдар жатады.(жанұя мүшелері, қызметтестер). Шылым түтінің әсеріне түспейтін адамдармен өкпе рагымен жиі ауырады.Канцерогендердің ең көп мөлшері темекіні соңына дейін шеккенде өкпеге түседі.
Жіктелуі: төрт топқа:жалпақ клеткалы, бездік, бронхоальвеолярлық, пісіп жетілмеген болып жіктеледі.
Макроскопиялық белгілері:өкпенің түбінде орналасады,бронхтардық бойымен жайылады,көбінесе лимфогенді-бронхиалдық,бифуркациялық лимфа түйіндеріне,перикард пен көкірекке қарай өседі.
Асқынуы:ірі ошақты ателектаздар,бронхоэктаздар,екіншілік қабынулық процестер,тамыр аррозиясы.
Нәтижесі:қатерлі болғандықтан метастаз жаю арқылы басқа мүшелерді зақымдайды, өлімге әкеледі.
