Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAKROPREPARAT_OBSch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
812.01 Кб
Скачать

20. Гипертония ауруы кезіндегі миокард гипертрофиясы

Анықтама:Бұлшықет талшықтарының гипертрофиясына, миокард стромасының, қан тамырлары мен интрамурал жүйкелік аппаратының гипертрофиясы да қосарланатын үдеріс деп тұжырымдауға болады.

Этиологиясы: МИ-мен ауырғандардың 97-98%-де жүрек тамырларының атеросклерозы табылады. Соның салдарынын жүрек тамырларының біртіндеп бітелуі, жүрек қанайналымын нашарлатып, миокардтың бір бөлігінің ишемиясына, кейінірек некрозына әкеліп соқтырады. Кейбір жағдайларда жүрек артериаларының атеросклерозды тарылуына олардың тромбозы немесе түйілуі қосылуы мүмкін.МИ-нан қайтыс болғандардың көбісінде жүректің барлық үш коронар артерияларының атеросклерозы байқалады. Бііразында атеросклероздық ошақ тамырдың куысын қатты тарылтады, біразында ошақ үлкен болмаса да үстіне тамырды бітейтін тромбының жабысқанын байқауға болады. Коронар тамырларының тромбозы негізінен тамыр интимасының зақымдануымен қабат қан ұю жүйесінің бұзылуынан туындайды.

Жіктелуі: трансмуралдық (жүректің барлық қабаты бүлінген), интрамуралдық (миокардтың іші бүлінтен), субэндокардтық (эндокард асты), субэпикардтық (эпикард асты бүлінген) болады және жиі сол қарыншада орналасады. Ол майда ошақты немесе ірі ошақты болуы мүмкін.

Макроскопиялық белгілері:

- жүрек мөлшері мен салмағы үлкейген

- қанайналымы бұзылуынан туындаған нақты жағдайға қарай,жүректің күш көбірек түскен бөлігі гипертрофияға басымырақ шалдығады.

Асқынулары: Миокард инфарктының ең қауіпті асқынуының бір түрі — ол тромбоэмболия даму мүмкіншілігі. Бүлінген тіннен, қантромбоциттерінен ж. б. жасушалардан жүрек қуыстарында тромбылар пайда болады: Содан бұл қан қатпаларының бөлшектері үзіліп кетіп, эмболға айналуы мүмкін. Бұл эмбол жиі үлкен қанайналым шеңберіне тарап, орналасқан жеріне қарай науқас адамның тез өліміне әкелуі мүмкін. Нәтижесі:Жүректе ишемияның әсерінен қозудың қосымша эктопиялық ошағы пайда болуы мүмкін, ұстамалы тахикардия дамуына әкеледі. Жүректің бүлінген бөліктерінде серпіндердің өткізгіштігі нашарлап, бөгеттер пайда болады.Миокардтың инфаркты кезінде науқас адамның тым ерте дүниеден қайтуының негізгі себебі болады.

21. Артериосклерозды нефросклероз

Анықтамасы: бүйректің ішкі артерияларының атеросклерозы.

Этиологиясы: нейро-эндокриндік регуляцияның бұзылыстары,нәтижесінде май-ақуыздық алмасуының бұзылуы

Макроскопиялық белгілері: - бүйрек мөлшері бірден төмендеген

- тығыз консистенциялы

- сұрғылт түсті

Жіктелуі:инфекциялық;инфекциялық-аллергиялық немесе иммунпатологиялық;дәнекер тіннің жүйелік және жергілікті ыдырауынан дамитын склероз,некроз бен атрофиядан дамитын; жарақат жазылғанда қалыптасатын тыртық;тромб,гематома қабыршықтар беріштенуі,бірікпелер, сірі қабықшалардың бітелуі.

Асқынуы:қолқа аневризмасы,ішек гангренасы,аяқтардың құрғақ гангренасы

Нәтижесі:Склероздың даму барысында фиброздық дәнекер тін ішкі мүшелердің паренхимасы мен дәнекер тіннің арнаулы құрылымдарын ығыстыратындықтан,мүшенің немесе тіннің әрекеті төмендейді,кейде мүлде тоқтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]