- •Бауырдың майлы дистрофиясы
- •Жүректің майлы дистрофиясы
- •Бүйрек амилоидозы.
- •Жүректің ревматикалық ақауы кезіндегі митральді клапандар гиалинозы.
- •5. Жүректің қоңыр атрофиясы
- •6. Өтте тас байлану
- •7. Мускатты бауыр
- •8. Бас миына қан құйылу
- •9. Өкпе артериясының тромбэмболиясы
- •10. Атересклероз кезіндегі қолқадағы қабырғалық тромб.
- •3. Жіктелуі:
- •11. Аяқ гангренасы
- •18. Эмболиялық іріңді нефрит.
- •3. Жіктелуі
- •20. Гипертония ауруы кезіндегі миокард гипертрофиясы
- •21. Артериосклерозды нефросклероз
- •22. Ішек полипозы
- •23. Өкпе рагы
- •Асқазан рагы.
- •25. Жатыр фибромиомасы.
- •26. Остеосаркома нижней конечности
214 – ТОП ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
Макропрепараттар
Бауырдың майлы дистрофиясы
Пат.процестің анықтамасы: Бауырда май молшерінің көбейіп кетуін немесе химиялық құрамы басқаша болған майлардың ¼ бөлігі ғана бейтарап майларға жатса, майлы дистрофияда оның бәрі дерлік бейтарап майдан тұрады.
Этиологиясы: Улы заттар әсер еткенде, алькоголизмде, қантты диабетте, семіздікте, белоктық заттар жетіспеушілігінде.
Жіктелуі: Паренхималық (белоктық, майлы, көмірсулы), строма-қантамырлық және аралас.
Макроскопиялық белгілері: Бауырдың майлы дистрофисы нәтижесінде үлкейіп, божырып, қамырдай жұмсарып қалады. Түсі қоңыр сарғыш және сары.
Асқынуы: Майлы бауыр негізінде бауыр мезенхималық реакциялар басталып фиброз және цирроз дамиды.
Нәтижесі: Бауыр жеткіліксіздігі.
Жүректің майлы дистрофиясы
Пат. Процестің анықтамасы: Кардиомиоциттерге май қышқылдары көбірек тасылып келгенде, жасуша ішіндегі май-белок кешендері ыдырағанда майдың артық жиналуы
Этиологиясы: Фанероз, инфильтрация, бурмаланған синтез, трансформация
Жіктелуі: Ақшыл сары түсті жолақтар түрінде корінеді « Жолбарыс терісіне ұқсас жүрек»
Макроскопиялық белгілері: Жүрек үлкейіп, қуыстары кеңіп, босап қалады. Кесін қарағанда миокард көмескі, сарғыш қоңыр түсте көрінеді
Асқынуы: Жүрек жеткіліксіздігі
Нәтижесі: Жүрек бұлшықеті атрофиясы, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, асистолия, ішкі ағзалар инфаркты
Бүйрек амилоидозы.
Пат.процестің анықтамасы: Бүйректе амилоид – бүйрек шумағындағы капиллярлар эндотелиінің астында, иезангиумда, ірі қан тамырларының қабырғасында, түтікшелердің негізгі мембранасында шөгіп қалады.
Этиологиясы: Амилоидоз даму себептеріне қарап(Біріншілікті, жүре п.б., тұқым қуалау, кәрілік); Клиникасына байланысты(нефро-, гепато-, карио-патикалық); Морфологиясы: Периколлагенді және периретикулярлы.((Зат алмасу бұзылыстары, инфилтрация, фанероз, трансформация(туберкулез, остеомелит, артрит)))
Жіктелуі: Дистрофия: Паренхималық, строма-қантамырлық (мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, амилоидоз)
Макроскопиялық белгілері: Бүйректің қыртысты қабаты қалыңдаған, ақшыл-сары түсті болады. Бұл өзгерістерді «үлкен майлы бүйрек» д.а.
Асқынуы: Пневмония, жүрек гипертрофиясы
Нәтижесі: Бұл өзгерістер барлық нефронды қамтымағандықтан, сақталып қалған нефрондарда гипертрофия құбылысы байқалады. Ақыр соңында бүйректің екіншілікті бүрісуі, оның жедел жетіспеушілігімен аяқталады. Амилоид алғашында строма мен қантамырларының эндотелиінің астына шөгеді, әрі қарай үрдіс паренхималық элементті зақымдайды.
Жүректің ревматикалық ақауы кезіндегі митральді клапандар гиалинозы.
Пат.процестің анықтамасы: Гиалиноз-(мөлдір шыны тәрізді) яғни гиалинді дистрофия кезінде дәнекер тінде біртекті көмескі, гиалинді шеміршек тәрізді, тығыз жентек – гиалин түзіледі. Тін тым қатаяды, сондықтан гиалиноз склероздың бір түрі деп есептеледі. Гиалин –фибриллярлы белок, иммуногистохимиялық тәсілді қолданғанда гиалиннің құрамынан плазмалық белоктармен қоса, иммундық кешендердің компоненттері, липидтер де анықталды.
Этиологиясы: АҚ-ң көтерілуімен байланысты аурулар (гипертония)
Жіктелуі:
А) таралуы бойынша: жүйелік және жергілікті
Б) локализация бойынша: тамырлар гиалинозы, дәнекер тін гиалинозы.
4. Макроскопиялық белгілері:
Түсі: жартылай мөлдір
Консистенциясы: тығыз
Қақпақтар жақтаулары: бітеліп кеткен
Хордалар: иммобилизация
Мөлдірлігі: жартылай
5. Асқынулары: мүше қызметінің жеткіліксіздігі
6. Нәтижесі:Жағымсыз, процесс қайтымсыз, ревматизм кезінде жүрек ақауына әкеледі.
