Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
met_uk_prak_4k_GOSO_2006_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

6. Тәжірибенің маңызы:

Терапия бөліміндегі жұмыс

Терапиялық профилдегі медициналық құжаттармен танысу. Күнделікті берілген палатадағы науқастармен жұмыс:тәжірибенің күнделігін жүргізу, терапевтік науқастардың субъективті және объективті тексеру дағдыларын игеру. Қосымша тексеру, емдеу және емінде коррекция жасалынатын болса негіздеу керек. Емдік және диагностикалық манипуляцияларға қатысу – пункция, парацентез, УДЗ, КТ, ЭхоКГ, холтерлі мониторлау, R-графия, ФГДС, колоноскопия, дуоденалды зондылау, бронхоскопия, спирография және басқа тексеру әдістеріне. Науқастарды жоспарлы тексеру әдістеріне қатысу.

Функционалды диагностика бөліміндегі жұмысқа қатысу

Кабинеттердің жұмысымен, құрал жабдықтары мен құжаттарымен танысу. Қауіпсіздік техникасымен танысу. Тіркеу журналын толтыруға және аспаптық тексеру әдістерін жүргізуге танысу. әртүрлі диагностикалық процедуралардың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау. Науқастарды тексерулерді жүргізуге дайындау. Диагностикалық процедураларды жүргізу кезіндегі мүмкін болатын асқынулармен және оларды алдын алу шараларымен танысу.

Патолого-анатомиялық конференция, клиникалық талдауларға қатысу

Патолого-анатомиялық конференциялардың маңызы мен мақсаты. Емдеуші дәрігер, патанатомның, оппоненттің, рецензенттің патолого-анатомиялық конференциялар кезіндегі қызметі. Клиникалық және патолого-анатомиялық диагноз туралы түсінік, сәйкес келмеу критериі.

Кафедра меңгерушісі, профессорлар мен консилиумдарға қатысуы

Кафедра меңгерушісі, профессорлардың жалпылай қарауларының принциптері және консилиумдар мен кеңес берулерге қатысуы. Жалпы қараулардың және процедуралар графигі, бірге қарауларды жазу.

Бөлімдегі кезекшілік

Терапия бөлімінің кезекші дәрігерінің міндеттері. Кешкілік қараулар, басқа бөлімдердегі қараулар, қабылдау бөлімінде науқастарды қарау және қабылдау, шұғыл көмек көрсету. Кезекші дәрігердің жазбасы. Кезекшілікті қабылдап алу және таңертеңгілік конференцияда есеп беру. Түнгі кезекшілік кезіндегі диагностикалық процедуралар.

Емдеу алдын алу ұжымындағы қабылдау бөліміндегі жұмыс

Қабылдау бөліміндегі құжаттарды толтыру тәртібімен таныстыру. Қабылдау бөліміндегі науқастарды қарау ерекшеліктері. Қабылдау бөлімінің дәрігерінің міндеттері. Қабылдау бөлімінде науқастарды бөлу. Қабылдау бөлімінің дәрігерімен шұғыл көмек көрсету. Науқасты қабылдау бөлімінен бөлімшеге немесе функционалды диагностика кабинетіне тасымалдау. Стационарға жатудан бас тартуды негіздеі.

Салауатты өмір сүру принципін қылыптастыруға бағытталған шараларды жүргізу

Салауатты өмір сүру принципін қылыптастыруға және науқастарды комплексті түрде күтуге арналған шараларды қалыптастыру. Денсаулық, алдын алу шаралары, ішкі аурулар клиникасында кеңінен тараған аурулардың екіншілік және үшіншілік алдын алу шараларын жүргізу. Науқастың палатасында аурудың алдын алу шаралары бойынша әңгіме жүргізу. Санитарлық бюллетендерді дайындау.

Тәжірибелік дағдылар тізімі:

  1. Медициналық құжаттарды толтыру

  2. Таңертеңгілік конференция жұмысына қатысу

  3. Анамнез жинау

  4. Науқасты жалпы қарау

  5. Жүрек – тамыр жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  6. Тыныс жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  7. Асқорту жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  8. Зәршығару жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  9. Тірек-қимыл жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  10. Эндокриндік жүйесін қарау, пальпациясы, перкуссиясы және аускультациясы

  11. Болжам диагнозды негіздеу және қалыптастыру.

  12. Клиникалық диагнозды негіздеу және қалыптастыру

  13. Тексеру және емдеу жоспарын құру

  14. Функционалды диагностика бөлімінің жұмысына қатысу. Электрокардиограмманы жазу. Қалыпты жағдайдағы ЭКГ талдау

  15. Кафедра меңгерушісі, профессорлардың жалпылай қарауларына және консилиумдарға қатысу

  16. Патолого-анатомиялық конференция жұмысына қатысу

  17. Бөлімшедегі кезекшілік

  18. Қабылдау бөліміндегі жұмыс

  19. Салауатты өмір сүруді қалыптастыруға бағытталған шараларды жүргізу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]