- •Қр Әкімшілік құқығының түсінігін және негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі мен оның элементтерін көрсетіңіз.
- •Әкімшілік құқық нормаларын қолдану актілерін және оың белгілерін атаңыз.
- •Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін жазыңыз.
- •Азаматтардың өтініштерінің түрлеріне анытама беріңіз.
- •7.Қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысандарын атаңыз.
- •8.Қр Президентінің әкімшілік басқарудағы өкілеттігін анықтаңыз.
- •IШкольник Владимир Сергеевич
- •12.Қоғамдық бірлестіктердің ұғымы және түрлерін көрсетіңіз.
- •13.Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысанының түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •14.Мемлекеттік басқарудың нормативтік құқықтық актілері: түсінігіне анықтама беріңіз.
- •15.Әкімшілік ескерту (алдын алу) шараларын сипаттаңыз.
- •16.Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігін сипаттаңыз және түрлеріне жіктеңіз.
- •17.Әкімшілік іс жүргізу принциптерін сипаттаңыз.
- •18.Ішкі істер органдары жүйесі мен оның өкілеттіктерін анықтаңыз.
- •19.Әлеуметтік-мәдени аясындағы басқарудағы білімді басқарудың әкімшілік-құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз
- •20.Басқару аясындағы заңдылыққа түсіндірме жасаңыз.
- •1.Қр Әкімшілік құқығының қайнар көзі ретінде қр Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің құрылымының мазмұнын ашыңыз.
- •2.Әкімшілік құқықтық норма түсінігін және құрылымын сипаттаңыз.
- •3.Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі орнын талдаңыз.
- •4.Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін көрсетіңіз.
- •5.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтаңыз.
- •6.Республика Президентінің Үкіметке қатысты өкілеттігін жазыңыз.
- •7.Атқарушы биліктің орталық органдарын тізбектеңіз, олардың бір-бірімен байланысын анықтаңыз.
- •8.Мемлекеттік қызметкерлердің жіктелуін анықтаңыз.
- •9.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаттарын жазыңыз.
- •10.Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын сипаттаңыз.
- •11.Мемлекеттік қызметті тоқтатудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •12.Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін негіздеңіз.
- •15.Жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын талдаңыз.
- •16.Мемлекеттік басқарудың нормативтік құқықтық актілерінің түрлерін тізбектеңіз.
- •17.Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін айқындаңыз.
- •18.Басқару қызметінің құқықтық емес нысандарын жазыңыз.
- •19.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын атап түсіндіріңіз.
- •20.Әкімшілік жауапкершілік үғымын түсіндіріңіз және әкімшілік жаза түрлерін атаңыз.
- •21.Әкімшілік жазаның мақсаттарын түсіндіріңіз.
- •22.Әкімшілік іс жүргізу сатыларын түсіндіріңіз.
- •23.Әкімшілік іс жүргізуге қатысушы маман мен сарапшының айырмашылығын және олардың құқықтары мен міндеттерін жазыңыз.
- •23.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы және негізгі міндеттерін атаңыз.
- •24.Денсаулық және әлеуметтік дамуды басқарудың әкімшілік-құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •25.Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерін түсіндіріңіз.
- •Әкімшілік-құқықтық қатынастар, элементтерін түсіндіріңіз.
- •Қр Президентінің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі ролін мысалдар келтіре отырып, талдаңыз.
- •Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тұжырымдаңыз.
- •Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктерге және олардың қызметтеріне тоқталыңыз.
- •Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық тәсілдерінің ерекшеліктерін талдаңыз.
- •Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына тоқталыңыз.
- •Әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамына талдау жасаңыз.
- •Әкімшілік айыппұл және әкімшілік қамау жазаларын тұжырымдаңыз және қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығын талдаңыз.
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысушыларды атаңыз.
- •Әкімшілік іс жүргізу бойынша куә мен куәгердің айырмашылығы мен олардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
- •Әділет органдарының функцияларын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріңіз.
- •Мәдениетті басқарудың әкімшілік-құқықтық негіздерінің маңызына талдау жасаңыз.
- •Мемлекеттік басқарудағы бақылау және қадағалау функциясының мәні мен маңызына талдау жасаңыз.
- •Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды түсіндіріңіз.
- •15.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды түсіндіріңіз.
12.Қоғамдық бірлестіктердің ұғымы және түрлерін көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады.
Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi.
Қоғамдық бірлестіктер болып табылады: Саяси партиялар;
Бұқаралық қозғалыстар;
Кәсіптік одақтар;
Жастар мен балалар ұйымдары;
Ғылыми, техникалық, мәдени-ағарту, спорт және т.б. ерікті қоғамдар;
Шығармашылық одақтар;
Ассоциациялар. т.б. бірлесулер.
13.Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысанының түсінігіне сипаттама беріңіз.
Мемлекеттік басқарудың нысаны – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі. Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері: - құқықтық ;
- құқықтық емес;
Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады. Басқарудың құқықтық нысанын былайша жіктеуге болады: – құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі
жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.
Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
14.Мемлекеттік басқарудың нормативтік құқықтық актілері: түсінігіне анықтама беріңіз.
1. Мемлекеттік басқару әдісі – бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы);
- тиісті объектіге арналған;
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.
Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:
1/ субординация;
2/ координация;
Субординация – төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.
Координация – орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.
