Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать
  1. Әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамына талдау жасаңыз.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

1) құқыққа қайшылығы. 2) кінәлілігі. 3) көп тарағандығы.

4) әкімшілік жазаланатындығы. 5) қоғамға қауіптілігі.

Құқыққа қайшылығы – құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары. Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:

1) Объект 2) Объективтік жағы.

3) Субъект 4) Субъективтік жағы.

Объект – топтық, жалпы, тікелей, түрлік болып бөлінеді.

Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды.

Субъектісі – 16-жасқа толған, есі дұрыс, кінәлі адам, арнаулы субъект болуы да мүмкін.

Субъективтік жағы – қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік айыппұл және әкімшілік қамау жазаларын тұжырымдаңыз және қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығын талдаңыз.

Айыппұл

Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық мүддесіне әрекет ету тәсілі. Айыппұл мынадай мөлшерде салынады.

- жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен.

- лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен.

- заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Әкімшілік айыппұл міндетті түрде төленуі тиіс, егер құқық бұзушы дер кезінде төлемесе, онда айыппұл оның жалақысынан (стипендия, пенсия т.б) мәжбүри түрде даусыз өндіріп алынады. Егер кінәлі тұлға жұмыс істемесе, не тұрақты жалақысы болмаса онда жаза соттық орындау тәртібімен борышкердің мүлкімен өндіріп алынады. Егер дереу төлеуге мүмкіндігі, лауазымды тұлға айыппұлдың төленуін 1 айға дейін созуы мүмкін.

Өзіне әкімшілік тәртіппен айыппұл салынған адам бұл жаза заңсыз деп есептесе, «Азаматтың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 19.07.95 Президентінің заң күші бар жарлығымен сәйкес, бұл шешімге шағымдануға құқылы. Шағым қаулы шығарған лауазымды тұлғаға беріледі, ал соңынан іспен бірге қарауға мүдделі органға не лауазымды адамға беріледі. Шағым 10 күн ішінде қаралуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]