Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать
  1. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық тәсілдерінің ерекшеліктерін талдаңыз.

1. Мемлекеттік басқару әдісі – бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;

- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:

- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы);

- тиісті объектіге арналған;

- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;

- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:

1/ субординация;

2/ координация;

Субординация – төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.

Координация – орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.

Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа жіктеледі. Тікелей әдістерге – иландыру мен мәжбүрлеу жатады.

Иландыру дегеніміз – басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.

Мәжбүрлеу дегеніміз – арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау құралдары. Жанама әдістерге әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістер жатады.

  1. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына тоқталыңыз.

Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұйымын уәкілеттілі берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттілігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпал ету шарасы деп түсінуге болады.Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік- құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтығы жазаны қолдануды көздейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:

1) ескерту жасау;

2) айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылық құрлы болған немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу;

5) арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан);

6) берілген арнаул рұқсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен ) айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядан айыру;

7) тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

8) кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйым салу;

9) әкімшілік қамауға ал;

10) азаматтығы жоқ адамға немесе шетелдікте Қазақстан Республиксының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

Санкция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара. Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]